КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЕСЕБІ » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЕСЕБІ


КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЕСЕБІ

КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЕСЕБІ

СералиеваИ.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы техникалық колледжі.
«Қаржылық есеп»пәнінің оқытушысы Сералиева Б.Н.

Сабақтың тақырыбы: Кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеу есебі .
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: еңбек ақы және оның есебі туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану мәселелерін меңгеру, еңбек ақыны есептеу тәртібін үйрену, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.
білімділігі – білім беру,ұғымды ,көзқарасты қалыптастыру,түсініктерді анықтау.Түсінік пен ілімдерді жағдай шешуге қолдану,оқушыларды ғылым негізімен таныстыру, болжам ұсына білуге білімін қалыстастыру,басқа пәндерді оқып үйренудің негізін қамтамасыз ету.
тәрбиелігі – мамандық таңдауға, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру тәжірибелік әрекет етуге, дүниеге эстетикалық көзқараспен қарауға дайындау, ҒТП – ның басты бағыттарымен таныстыру;
дамушылығы – еске сақтау,сөйлеу мәнерін,ойлау, қабылдай алушылықты, пәнге деген қызығушылықты дамыту,қорытынды жасай алуды қалыптастыру бойынша жұмыс істеу,шығармашылық ізденіс элементтерін қалыптастыру,проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу.
Сабақтың әдісі – баяндау,түсіндіру,әңгімелесу,ақпарат беру,лекция элементтері,сұрақ – жауап, пысықтап бекіту,қайталау, дамыту ойындары ,өзіндік жұмыс,көрнекілік.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер – тарату материалдары,интерактивті тақта,флипчарт № электронды оқулық, бейне материал, оқулық.
Пәнаралық байланыс: Қаржылық есепті талдау, экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика.
САБАҚ БАРЫСЫ
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Дәрісхананың тазалығына назар аудару. Оқушылар екі топқа бөлініп, сарапшы сайланады. Келісім ережесімен таныстыру:
Бәріміз де оқуымызға жауаптымыз;
Бір-бірімізді тыңдаймыз,сөз бөлмейміз;
“Көтерілген қол” ережесімен біреу ғана сөйлейді;
Тек істің мәні бойынша айтамыз.
Өз пікірімізді бөлмейміз.
Мағынасыз сұрақтар қоймаймыз.
Басқалардың сөзін бағалаймыз.
Уақыт шектеуін сақтаймыз.
Ойынның барысы:
Іскерлік ойын
I. Бухгалтерлік есептен оқытушы сұрақтар береді.
Менеджерлер тобына:
Өнеркәсіп өндірісі жұмысшыларының мамандығын атаңдар (Темір ұстасы, ағаш ұстасы, болат қорытушы, газбен пісіруші).
Маркетинг тобына:
Қызмет көрметуші сала мамандықтарын атаңдар (жүргізуші, телефонист, шаштараз).

II.Өндірістік жағдай
Маркетинг тобына: Қаржылық бухгалтериядан ісспардағы менеджер К.Р. Есалиевтің қызы әкесінің еңбекақысын сұрап, өтініш білдірді. Бұл қалай дайындалады (сенімхат арқылы, шығыс кассалық ордерімен).
Менеджерлер тобына: Кәсіпорын күзетшісіне мейрам күндері жасаған жұмысы үшін ақы төленген жоқ. Неліктен төленбегені жөніндегі сұрақпен қандай лауазымды адамдар айналысу қажет, мейрам күндері жасаған жұмысқа ақы төлеу тәртібін анықтаңыз (мейрам кұндерінде жұмысқа ақы екі есе есептен төленеді және бұл сұрақты бухгалтерия шешеді).
III. Әр топтан бір адам компьютерде есте сақтау бойынша «жұмыс уақытын есептеу табелін» сызу
IV. «Экономист-полиглот»
Берілеген сөздері орыс-қазақ-ағылшын тілдерінде орналастыру
Еңбекақы – заработна плата – saiaty
Оклад – оклад – rate of saiaty
Табелбдік нөмір – табельный номер – tax
Кеезкті демалыс ақысы – отпускный налог – delivery
Зейнетақы қоры – пенсионный фонд – Pensioner`s Fund
Күндер – дни – days
Сағаттар – часы – hours
Баға – расценка – rates
V. «Қызықты шоттар» Төмендегі мақалдар бойынша шоттарды атаңдар.
Маркетинг тобына:
«Рахаттың түбі кеңіс,
Еңбектің түбі жеміс» (1320)
«Ақша ақшаға келеді» (1010, 1040, 1050)
«Еңбек етсең емерсің» (3350)
Менеджерлер тобына:
«Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей» (3350)
«Базары жақын байымас» (7110)
«Шығысы шықпай кіресі кірмейді» (шот 7010)
VI. Корреспонденция бойынша сұрақтар
Сұрақтар Балдары
1. Бухгалтерлікесеп негіздерінен 5
2. Ақша қаражаты тақырыбы 1
3. Дебиторлық борыш тақырыбы 3
4. Еңбекақыны есептеу тақырыбы 4
5. ТМҚ есептеу тақырыбы 2
1. Алғашқы бухгалтердің фамилиясын атаңдар (Штехер)
2. Жұмысшыларға еңбекақы берілді (Дт 3350 Кт 1010)
3. Жабдықтаушыларға талап қойылды (Дт 1280 Кт 3310)
4. Директорға еңбекақы есептелді (Дт 7210 Кт 3350)
5. Қоймадағы ТМҚ есебі қандай өлшеммен жүргізеледі? (сандық)
алынған.
VII. Екі топ та сөзжұмбақ құрастыру керек
Көлденеңінен:
1.Мекеменің есеп бөлімінің қызметкері(бухгалтер)
6.Шыққан өнімдерді, тауарларды тұтынушыға таныстыру(жарнама)
8.Отандық өндірушілердің тауарын басқа елдерге шығару(экспорт)
10.Шарт жасау негізінде клиенттің қаржылық жағдайы және есеп құжаттарын тәуелсіз тексеретін тұлға(аудитор)
12.Тауардың қабымен бірге өлшегендегі салмағы (брутто)
13.Кәсіпорын, мекеме, оқу орынының басшысы (директор)
Тігінен:
2.Банктің мекемеге беретін хабарламасы (авизо)
3.Сату-саиып алу процесін реттеп және бақылап отыратын мекеме (биржа)
4.Тауар және қызметінің ақшалай бағасы (құны)
5.Тауарларды сатуға және сақтауға арналған орын (қойма)
6.Ресми құжат (акт)
9.Нарыққа сатылатын өнім(тауар)
11.Өзі атынан және өз есбінен тауарды қайта сатумен айналысатын адам немесе фирма (дилер).
VIII. Еңбекақыны есептеу бойынша сұрақ беріледі.
Менеджерлер тобына:
Кесімді жұмысшы С.К. Жұбановтың еңбекақысын есептеңіз. Орындалған жұмыс көлемі. 16.11-400 бірлік (1 бірлік-2,20); 17.11-360 бір (1 бірлік-2,30); 18.411-290 бір (1 бірлік -2,50).
Маркетинг тобына:
Инженер А.Б. Хамитовке еңбекақы есептеу, ол 23 күн жұмыс жасады. Жұмыс күні бір айда 26, айлығы 22200, еңбекақыдан 15% сыйақы және жалпы еңбекақысыны есептеңіз.
IX. «Кіл жүйрікте , кім жүйрік » Еңбекке ақы төлеу тақырыбына топ біріне-бірі сұрақ береді.
Менеджерлер тобына:
Еңбекақы депонеттелді, қандай өткізбе құруға болады?
А. Дт 3350 Кт 3370;
В. Дт 3370 Кт 1060;
С. Дт 3310 Кт 3350;
Д. Дт 3385 Кт 1010;
Е. Дт 3350 Кт 1010.
Маркетинг тобы:
Әкімшілікке еңбекақы есептелді, қандай өткізбе құруға болады?
А. Дт 3350 Кт 7210;
В. Дт 1040 Кт 7210;
С. Дт 7210 Кт 3350;
Д. ДТ 8012 Кт 3350;
Е. Дт 3350 Кт 1010.
Сабақты қортындылау: Оқушыларды бағалау, Уй тапсырмасын беру. Тәжірибелік сабақты тапсырма бойынша қорыта, бекіту.
Оқушылардың жұмысын бағалау, хабарлау.Үй тапсырмасы
1. Бақылау сұрақтарына жауап жазу
2. Есеп шығару
3. Оқулықпен жұмыс: Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. «Қаржылық есеп »
Пайдаланылған әдебиеттер:
В.К. Радостовец «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп»
Автор: dauke | 11-03-2015, 22:21
Қарау саны: 484
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :