Денсаулық – зор байлық » Қазақша білім сайты
Жарнама



Денсаулық – зор байлық

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентті

Мұса Баймұханов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Аменова Жанар Аманкельдиевна

Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық!

Мақсаты: балаларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, ағзасын

сауықтырудың қарапайым тәсілдерін меңгерту. Дәрумендердің адам

денсаулығы үшін маңызы туралы түсінігін бекіту. Есте сақтауын, ойлауын,

монологты тілін дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал ету.

 Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді ғажайып саяхатқа шақырамын. Ең алдымен сендерге

көне заманнан келе жатқан аңызды айтып берейін:

 «Ертеде Олимп тауларының құдайлары адамды жаратып, Жер планетасын халықтармен толтыруды ұйғарады. Адам қандай болу керек?- деген сұраққа біреуі «Адам күшті болу керек!»- десе, екіншісі: «Денсаулығы мықты болу керек!»-деді, үшіншісі: «Адам ақылды болу керек!» -деді. Сонда құдайлардың бірі: «Осының бәрі адам бойында болса, ол біз сияқты болады ғой»-дейді. Сөйтіп, олар адамға қажетті ең негізгісі-денсаулықты тығып қоюды шешеді. Ары ойлап, бері ойлап –денсаулықты адамның өз бойына тығып қоюды мақұлдады. Міне, содан бері адам өз денсаулығын іздеп, өмір кешуді. Бірақ бәрі бірдей тауып ала бермейді және құдайлардың берген бағасыз сыйын сақтап қала алмайды.

Яғни, денсаулық мен де, сенде де, біздің әрқайсымызжа жасырылған ғой. Денсаулықтарыңның мықты болғанын қалайсыңдар ма?

Жақсы әндер айту үшін,

Қызықты өмір сүру үшін.

Мықты денсаулық болу керек!

Бұл шындықты білу керек!

Дайынсыңдар ма? Онда, балалар, қазір ғажайып «Денсаулық» елінне аттанайық.

 Күтпеген жерден Салақ пен Кірқожалақ пайда болады.

 Тәрбиеші: Мынау бала, бетін қара,

Кір-қожалақ қап-қара.

Шашы өскен, тырнақ көптен

Алынбапты масқара!

-Сендер кімсіңдер? Дереу жауап беріңдер! Мерекенің сәнін кетірмеңдер.

 Кірқожалақ: Кім екенімізді табыңдар!

 Жуынуды ұнатпаймын,

Жөке, сабынмен достаспаймын,

Лас боп жүргенді ұнатамын,

Сондықтан да Кірқожалақпын!

 Салақ: Шындықты егер айтсам мен, Қалай болса шашылып,

Дос емеспін тазалықпен, Қалады менің заттарым,

Неге екенін білмеймін, Сондықтан да бәрі де,

Ретсіз менің киімдерім. Айтады-сен Салақсың!

 Тәрбиеші: -Сендер неге келдіңдер?

Кірқожалақ: Біз өмірге дос іздеп келдік.

Салақ: Бұл балалардың арасында салақтар мен кірқожалақтар бар шығар.

 Тәрбиеші: Жолдарың онда болмапты,

Арамыздан достарды

Сендерге табу бұйырмапты!

 Балалар: Біз тазалықты жақсы көрмейтіндермен дос болмаймыз!

 Салақ пен Кірқожалақ: -Өтінеміз, бізді қуа көрмеңіздер!

 Тәрбиеші: -Балалар, мүмкін оларды өзімізбен бірге «Денсаулық» еліне алып барармыз,

оларды тазалыққа, әдептілікке үйретерміз.

 Балалар: Иа!

 Тәрбиеші: Салақ пен Кірқожалаққа қарап, -бізбен «Денсаулық» еліне барғыларың келе

ме?

 Кірқожалақ: -Ол қандай жер?

 Салақ: -Ол жерде қорқынышты емес пе?

 Тәрбиеші: Қорқатын еш нәрсе жоқ. Балалар сендерге көмектеседі.

 Салақ пен Кірқожалақ: Онда келістік!

 Балалар сахнада шеңбер жасап, «әуе шарымен ұшып» Денсаулық еліне келеді. Кіре берісте оларды күзетшілер тосып тұрады.

 1 күзетші: Біздің сұрақтарға жауап бермесеңдер, тапсырмаларды орындамасаңдар

сендерді «Денсаулық» еліне кіргізбейміз.

 2 күзетші: Сендер дорба ішінен сипап-сезу арқылы жеке гигиена заттарын танып

атауларың керек, оны қалай қолданатынымыз туралы айтып бересіңдер.

 Д/ойын: «Ғажайып дорба».

 1 күзетші: Енді біздің елдің тұрғындары туралы жұмбақтарды шешіңдер. Жарайсыңдар!

Тапсырманы орындап шықтыңдар.

 2 күзетші: «Денсаулық» еліне қош келдіңіздер.

 «Денсаулық» елінің Патшасы шығып қарсы алады.

-Сәлеметсіңдер ме?! «Денсаулық» еліне сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

-Сендер «денсаулық мықты» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс, ол –ауырмай өсу,көңіл күйіңнің жақсы болуы, күш-қуатыңның болуы. Денсаулықтарың мықты болып, ауырмас үшін мектепте не істейсіңдер? Дұрыс күнделікті жаттығу жасап, таза ауада серуендейсіңдер. Аспазшылар асханада сендер үшін дәмді, пайдалы тағам әзірлейді.

 Бүгін мен сендерге өз-өздеріңе арнап массаж жасауды үйретемін. «Массаж» деген не? Бұл сипалау, уқалау. Мұқият мені тыңдап, менімен бірге массаж жасаңдар:

Маңдайымызды жуайық,

Бетімізді жуайық.

Құлағымызды жуып біз,

Қолды да біз жуайық.

Бәрін жудық! Тазамыз!

-Мен сендерге тағы бір құпияны ашайын: денсаулық мықты болу үшін дәрумендер жеу керек. Әр дәруменің өз аттары бар: олар А, В, С, Д, Е.

 Дәрумен қалпақтарын киген балалар шығады:

А дәрумені:Мен бой өсіретін дәруменмін, Сонымен қатар көздің жақсы көруін сақтаймын.

В дәрумені: Мен ішкен асты қорытыуға көмектесемін.

С дәрумені: Мен ағзаны нығайтып, аурулардан қорғаймын.

Д дәрумені: Мен бой өсіру мен сүйек қатайтуға маңыздымын.

Е дәрумені: Мені Е дәрумені деп атайды. Мен адамның терісінің сау болуы үшін

қажетпін.

 Патша: Ал, сендер дәрумендердің қайда өмір сүретінін білесіңдер ме? Дәрумендер көкөністерде, жеміс-жидектерде және басқа азық-түліктерде өмір сүреді. 

 А дәрумені: Көздерің жақсы көру үшін А дәруменін жеу керек. Мен сәбіз, асқабақ, алмада

боламын. Сонымен қатар балық пен жұмыртқада боламын.

 Патша: Ал, көзің денсаулығын сақтап қалу үшін, көзге арналған жаттығу жасау керек.

«Жан-жағымызға қараймыз» көзге арналған жаттығу.

 Жәймен ғана көзіңмен, солғақара балақай,

Сол жағыңда кім отыр, тез жауап бер аңырамай?

Енді оңға көзіңнің, қиығымен сен қара,

Оң жағыңда кім отыр, айтшы жәймен сыбырлап!

Көтеріп сен басыңды, жоғарыға бір қара,

Көзіңді төмен түсіріп, аяғыңа сен қара.

 В дәрумені: Сендер мені жаңғақтан, күріштен, сүттен, жұмыртқадан, еттен, балықтан таба

аласыңдар.

Патша: Денсаулық болу үшін дұрыс тамақтану керек дейсіңдер. Оны қалай

түсіндіресіңдер?

Патша: Ендіше бәріміз «Ғажайып ағаш» ойынын өткізейік.

 С дәрумені: Денсаулық қамалдай болу үшін микробтар сендерге ауру жұқтырмас үшін

С дәрумені өте қажет. Менің мекенім барлық қышқыл тағамда. Лимон,

апельсин, мандарин, қарақат, бүлдірген.

Д дәрумені: Сендер мені шикі жұмыртқаның сары уызында, ірімшікте, сары майда, теңіз

өнімдерінде кездестіресіңдер.

Е дәрумені: Ал, мен жасыл түсті көкөністерде, жемістерде өмір сүремін. Ол-киви,

қырыққабат, жасыл пияз, петрушкадамын.

 Патша: Ал, енді өз ағзамызды мына жемістерде өмір сүретін дәрумендермен қуантайық

(алма, киви, мандарин, банан, алмұрт, т.б.). Бұл жемістерден дәмді, өте пайдалы

жеміс салатын жасайық. Енді салат жасамас бұрын не істеуіміз керек? Әрине,

қолымыздағы микробтар тағамға түспес үшін, қолымызды сабындап жуу керек.

Патша: Балалар, қараңдаршы Кірқожалақ пен Салақ мүлдем өзгеріп кетіпті! Кірқожалақ

пен Салақ, сендерге саяхатымыз ұнады ма? Не білдіңдер? Не үйрендіңдер?

Патша: -Мен сендердің жүздеріңнен әдемі күлкі көріп тұрмын. Ол өте жақсы! Себебі,

көтеріңкі көңіл күй біздің денсаулығымыздың жақсы болуына көмектеседі.

Ашуланшақ, қатыгез адам ауруға тез бой алдырады. Ал көтеріңкі көңіл-күй мен

күлкі –аурулардан қорғайды. Ендіше әрқашан бір-бірімізге әсем күлкі сыйлап

жүрейік. Бәріңе мықты денсаулық тілеймін.

 

 

 

Автор: dauke | 8-11-2016, 19:46
Қарау саны: 334
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :