Адам-тіршілік иесі » Қазақша білім сайты
Жарнама



Адам-тіршілік иесі

Технологиялық карта

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентті

М. Баймұханов атындағы орта мектебінің кіш тобының тәрбиешісі

Тәрбиеші : Дорбиева Әсемгүл Айтжанқызы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Кіші саласы: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Адам-тіршілік иесі.

Мақсаты: 1. Өзінің адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыра отырып,

адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы сыртқы белгілеріне қарап ажырата

білуге үйрету. Барлық адамдардың ішкі құрылыстары( жүрек,асқазан,өкпе) бірдей

екендігін, адамның өсуі және дамуы үшін қажетті шарттар(су, жарық,ауа,

тамақ,жылу, қозғалыс пен демалыс, күтім керек) туралы түсінік беру.2. Ортақ тақырыптан тыс сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту

3. Адамдардың бәрін құрметпен,сыйластықпен қарауға тәрбиелеу .Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, сырт келбеті ұқсамайтын екі баланың суреті.Қажетті құрал жабдықтар: жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,адамның бейнесі салынып

аяқталмаған сурет( әр балаға). Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиваци алық-

қозғаушы-

лық

Шаттық шеңберде тұрып, төмендегі өлеңді айытқызу:

Сары,ақпыз,қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Бір бақшаға барамыз.

Ақ,қара деп бөлмейміз,

Біржыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз,татумыз,

Биіктерге өрлейміз.

Балалар шаттық

шеңберіне тұрып,өлең жолдарын айтады.

 

 

Ұйымдас-

тырушы-

лық-ізде-

ністік

Педагог балаларға әлемдегі адамдар туралы слайд көрсете отырып,олардың өмір сүру, еңбек ету ерекшелігіне тоқталады.Адамдардың ұлтына,жынысына, жас шамасына қарай бөлінетіндігін айта отырып, адамдардың сәбилік шағанан бастап қартайғанға дейінгі кезендерді слайдтан көрсетеді.Слайд көрсету арқылы адамдардың жастары есейген сайын бет әлпетінің,даусы мен жүріс-тұрысы да өзгеретінін түсіндіреді.Соңынан екі баланың суретін көрсетіп, ұқсастықтары мен айырмашылығын айтып б-Қәне, балалар,оң қолдарыңмен сол кеуделеріңді ұстап көріңдерші.Не байқадыңдар?

-Балалар, ол соғып тұрған жүрек.Жүрек барлық адамдарда болады.Және барлық адамдарда өкпе,бүйрек,бауыр сияқты ішкі құрылыстары болады.Оларды күтіп ұстау үшін сендер спортпен айналысып,дұрыс тамақтанып,ауада көп серуендеу керек.

-Гүлдер өсіп жетілу үшін не керек деп ойлайсыңдар?

-Ал адамдардың өсіп жетілуі үшін не керек деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар,сонымен қатар күтім әрі демалыс қажет екен.Ал егер адам кешке дейін демалмастан жұмыс істеп,уақытында тамақтанбаса, таза ауада серуендемесе не болар еді?

-Аурушаң болмау үшін адамдар өздерін күту керек.

-Кешкісін ата-аналарыңды көргенде қандай сезімде боласыңдар?

-Олар да сендерді көргенше асығады,сағынады.Сендер ата-аналарыңды қалай қуантар едіңдер?

Тек сендердің ата-аналарың ғана емес,барлық адамдар жақсы хабар естігенде қуанады.

Педагог осылайша адамдардың барлығы бірдей сезімді сезінетіндігін(қуаныш,ауру,өкініш) түсіндіреді.Және балаларға ақ қағазға салынған адамның бейнесін аяқтауды ұсынады.

 

Балалар жұмыстарын аяқтағаннан кейін дәптердегі тапсырманы түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Қолдарымды созамын,

Суға сүнгіп аламын.

Суда жүріп жүземін,

Оң қолымды бір сермеп,

Сол қолымды бір сермеп,

Шынықтырып денемді

Спортсмен боламын.

Балалар суреттерге қарап екі баланың ұқсастығы мен айырмашылығын айтып береді.

-Думанның бойы қысқа,шашы қара,көзі де қара.

 

 

 

 

 

-Бүлкілдейді,қозғала

ды,тарсылдайды.

 

 

 

 

 

 

-Ауа,жарық,топырақ,су керек.

-Ауа,жарық,жылу,тамақ керек.

 

 

 

-Онда ол адам аурушаң болады.

 

 

-Қуанамыз.

 

Балалар жауабы.

 

 

Балалар ақ қағазға

салынған адамның

суретін аяқтап,көзін,

мұрнын,шашын салып

қасында отырған баланың суретімен салыстырып,әңгімелеп береді.

 

 

 

 

 

 

Рефлек-

cиялық-

түзетуші-

лік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Өздерінің көңіл күйлері,алған әсерлері туралы айтып береді.

 

Күтілетін нәтиже: Біледі:өзінің адам әлемінің өкілі екндігін;адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуды;барлық адамдардың ішкі құрылыстары бірдей екендігін,адамның өсіп дамуы үшін су,жарық,ауа,тамақ,жылу,қозғалыс пен демалыс,күтім керек екенін. Игереді:адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады,адамдардың ішкі ішкі құрылыстары бірдей біледі,адамның өсуі мен дамуы үшін не қажет екенін түсінеді. Меңгереді:сыртқы белгілеріне қарап ажыратуды.Өзінің өсуі,дамуы үшін қажетті заттарды пайдалана алады.

 

Автор: dauke | 15-11-2016, 20:25
Қарау саны: 409
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :