Тиін бізде қонақта » Қазақша білім сайты
Жарнама



Тиін бізде қонақта

 МКҚК «Балбөбек-бөбекжай» балабақшасы

Ашық оқу іс – әрекеті

Тақырыбы: «Тиін бізде қонақта»

Өткізген : Умарова Анаргүл Болатқызы

 Мақат 2016 жыл

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Таным.Бөлімі:Экология негіздеріТақырыбы: «Тиін бізде қонақта».Мақсаты:Тиіннің тіршілік ортасы туралы түсінік беру. Тиіннің жабайы жануар екенін мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жанды табиғатты сүюге баулу. Билингвальді компонент:Тиін-белка.Әдіс –тәсілдер:Сұрақ – жауап, түсіндіру, жұмбақ, слайд,ғажайып сәт,ойын.Көрнекі құралдар:Тиіннің суреттері. Сөздік жұмыс:тиін, грек жаңғақ,гүлдің қауызы.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

 

Балалар шаттық шеңберге тұрамыз. Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Күн ана!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

 

 

Ұйымдастырушылық ізденістік.

Күз мезгілі туралы сұрақтар: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар -Қандай айлар?

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ. Бұтақтарға секіріп, Әр жерден қылт етеді. Кейде жаңғақ кеміріп, Жоғары өрлеп кетеді.(Тиін)

Тиін болып киініп тәрбиеші кіреді -Сәлематсыңдар ма,апайлар,балалар! Тиінің тақпағы. Үлп-үлп еткен киімім. Көрдіңдер ме тиінді? Көзім өткір жұлдыздай Жүнім жібек құндыздай Самырсынды жайлаймын

Қуыстан үйшік сайлаймын Жемістерді қағамын Жаңғақты да шағамын Көк майсаға аунаймын Түлкіден бір аумаймын

-Ал,балалар,мен сендерге құр қол келген жоқпын.Оқу іс-әрекетке жақсы қатысқан,тәртіпті болған балаларға сыйым бар.Оны сабақ соңыңда беремін,келістік пе?

Тәрбиеші. -Тиін төрлетіңіз,біздің балалардың білімін бағалаңыз.

Слайд арқылы балаларға түсіндіру. –Балалар, тиін епті жақсы өрмелейтін талдан-талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ. Түсі қызғылтсары, құйрығы ұзын. Көздері ірі және жылтыр болып келеді.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі

-Балалар тиін туралы тақпақтар айтып берейік.

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Тиін немен қоректенеді»

Қонақ «тиін» балаларды мақтап, мадақтап, (жаңғақтарын таратады).

-Күз -үш ай -қырқүйек,қазан,қараша

 

 

 

-Тиін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен тиінмін, тиінмін, Қысқа жылы киіндім, Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің. (А.Әсел) Секең-секең етемін, Орман менің мекенім. Отырғанда шоқиып, Құманға ұқсап кетемін. (Еркебұлан) Жауымнан мен қашқанда, Ағаштарға самғап бағам, Ал қарыным ашқанда, Отырып ап жаңғақ шағам (Әбілмансұр) - сәбіз

Өте жақсы

Рефлексиялық түзетушілік.

Тәрбиешінің слайд арқылы сұрақ-жауаптары: -Тиіннің түсі қандай? -Тиін немен қоректенеді?

-Тиін қайда өрмелейді? -Тиіннің құйрығы қандай?

-Қызғылт сары, ақшыл. –Грек жаңғағы, бадам, емен жаңғағы. –Ағашқа өрмелейді. -Ұзын

Күтілетін нәтиже:Біледі:тиіннің тіршілік ортасы туралы;Меңгереді:тиіннің тіршілігі және күзгі табиғат туралы;Игереді:Сұрақтарға нақты жауап беру және тапсырманы орындай білуді.

Автор: dauke | 20-11-2016, 20:04
Қарау саны: 426
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :