«Ертегі ата қонақта»

ІІ- ші кішкентайлар тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдер: Көркем әдебиет
Тақырып: «Ертегі ата қонақта»
Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қортындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру; шығармашылық қабілеті мен қиялын дамытуды бекіту. Жеке сөздерді айту дағдыларын қалыптастыру. Балалардың белсенді сөздігін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін қортындылап бекіту.
Сөздік жұмыс: менің елім, тауық
Билингвальді компонент: менің елім-моя страна-my country, тауық – курица-chicken
Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Жылулық шеңбері.
Армысың, шұғылалы күнім менің,
Армысың, көгілдір көк аспаным.
Армысың, құшағы кең жерім менің,
Армысың, кішкентай достарым.
Балалар енді келген қонақтарымызбен амандасайық. Іс қимылмен орындады.
- Сәлеметсіздер ме!
- Здраствуйте!
- Hello!
Ұйымдастырушы-
іздестіру
Тәрбиеші:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
Тосын сәт:
Қонаққа Ертегі ата келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені таңыдыңдарма? Мен ертегілерде кездесетін Ертегі атамын.
Мен сендерге қазір сый тартар едім, бірақ менің сиқырлы дорбам тек қана, өз ақылы және білімін көрсететін балаларға ғана ашылады.
Тәрбиеші:
- Балалар, қане олай болса атамызға өз білімімізді көрсетейік.
- Атамызға «Менің елім» өлеңін кім айтып береді?
Тәрбиеші:
-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Республикамыздың елордасы қай қала?
-Біздің президентіміз кім?
-Ұлтымыз кім?
Қазақша: менің елім
Орысша:
Ағылшынша:
Ата:
-Жарайсыңдар,балалар өлеңді жақсы біледі екенсіңдер.
-Балалар сендер ертегі білесіңдер ме?
-Қандай ертегілер білесіңдер?
Тәрбиеші:
-Балалар атамызға «Шұбар тауық» ертегісін үстел театры арқылы кейіпкерлендіріп берейікші.
Тәрбиеші:
-Балалар бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
-Шұбар тауық қандай жұмыртқа туды?
-Жұмыртқаны кім сындырды?
-Тауықтың орысшасы қалай балалар?
-Ағылшынша?
-Жақсы балалар, сендер шаршаған боларсыңдар,бәріміз үлкен шеңбер жасап бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Денемізді тік ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
Тәрбиеші:
-Ал, енді балалар атамызға «Шалқан» ертегісін рөлге бөліп ойнап беріңдерші.
-Ата бақшасына не екті?
-Шалқан қандай болып өсті?
-Ата көмекке кімдерді шақырды?

-Кімнің күші көп екен?
Балалар қазір жылдың қыс мезгілі екенін айтады.
Далада қар жауады, күн аяз болады,адамдар жылы киіне бастайды.
Балалар қыс мезгілі туралы тақпақтарын айтады.
-Сәлеметсіз бе!
Бір бала «Менің елім»өлеңін айтып береді.
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін
Гүлдерімдей нәзікпін.
Туған елдің ұлымын,
Қуат алған өзіңнен.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.
-Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Астана қаласы.
-Н.Ә.Назарбаев.
-Қазақ.
-Менің елім
-моя страна
-my country,
-Иә.
-«Шұбар тауық», «Шалқан», «Бауырсақ».
Бір бала «Шұбар тауық» ертегісін үстел театры арқылы кейіпкерлендіріп береді.
-Ата,апа,тауық,тышқан.
-Алтын жұмыртқа
-Тышқан.
-Курица
- chicken.
Балалар іс- қимылмен орындады.
Балалар «Шалқан» ертегісін рөлге бөліп ойнап береді.
-Шалқан.
-Үлкен болып өсті.
-Апаны,немересін,күшікті, мысықты,тышқанды.
-Тышқанның күші көп екен.
Рефлексивті-
түзетуші
Ата:
-Жарайсыңдар балалар. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер.Мен сендерге өте ризамын. Міне менің сиқырлы дорбамның ішінде сендерге арналған силықтарым бар.Силығымды апайларына беремін, өзім басқа топтарға кеттім.
-Сау болыңдар балалар!
Мадақтау.
Қорытындылау.
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қойылған сұрақтарға жауап бере білу керек.
Нені игерді: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі тақырыпты игерді.
Нені біледі: Ертегі желісіндегі кейіпкерлерді біледі.
Автор: dauke | 12-03-2015, 21:56
Қарау саны: 3401
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :