Қошақан » Қазақша білім сайты
Жарнама



Қошақан

Тельманова Асия Ғиниятқызы
Мамандығы: «Мектепке дейінгі тәрбие » Шығармашылық жұмысы: «Мектеп
жасына дейінгі балалардың ұсақ
қол моторикасын дамыту».
Шығармашылық жұмысының мақсаты: баланың саусақпен ойната отырып тілін дамыту, жаңа
сөздерді меңгерту.


Білім беру саласы: « Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: «Құрастыру»
Тақырыбы: «Қошақан»
Мақсаты: Қошақан жайлы білімдерін толықтыру. Мақтаны умаждау арқылы қошақандарды қалай жасауға болатынын түсіндіру.
Білімділігі: Балаларды мақтамен ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылығ: Балалардың ақыл-ой, іс- қимылын дамыту.
Тәрбиелігі: Қошақанға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Кіріктірілген білім салалары: Қатынас.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, умаждау, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер мен құралдар: Үй жануарлары ойыншығы, қошақан суреттері, желім, плакат, интерактивтті тақта.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс- әрекеті
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру)

Іздену- ұйымдастырушы Шаттық шеңбер
«Біз көңілді баламыз»
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн ! Біз еңбекқор баламыз!
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
 Балалар кәзір жылдың қай мезгілі
 Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы?
 Ендеше балалар мен сендерді жайлауға саяхатқа шақырамын.
 Балалар бұлар үй жануарлары деп аталады.
Үй жануарлары
адамдардың қамқорлығында болады.Үй жануарларына : түйе, ешкі, жылқы, сиыр, қой жатады.
Түйенің баласын- бота,
Ешкінің баласын- лақ.
Жылқының баласын- құлын,
Сиырдың баласын- бұзау.
Қойдың баласын- қошақан деп атаймыз.
 Кәнекей балалар қайталап айтайықшы?
Тосын сәт: Топқа қой келеді.

Қой: Сәлеметсіңдерме сүйкімді балалар?
 Балалар мен қошақандарымды жоғалтып алдым.
Маған менің қошақандарымды тауып беруге көмектесесіңдер ме?
 Балалар қойға көмектесемізбе?

 Балалар қошақан ол кішкентай болады. Оның 2 көзі, 2 құлағы, мұрны, ауызы, құйрығы,4 аяғы , жүні болады. Жүні- жұмсақ әрі бұйра болып келеді. Олардың бізге берер пайдасы мол. Жүніннен киімдер, төсеніштер жасалады, ал етін жейміз.
 Балалар қошақан қалай дыбыстайды?
 Ендеше балалар біз қошақанды үлгідегі сурет бойынша жапсырып көрейік.
 Ол үшін бізгі дайын қағаздан жасалып қиылған қошақан суреті, мақта, желім қажет.
1.Әр балаға қошақандардың суреті таратылып беріледі.
2.Мақтаны кішкене үзіп алып, қошақандардың бұйра жүндерін, умаждап желіммен жапсырамыз.
 Жарайсыңдар балалар өте әдемі етіп қошақанның бұйра жүндерін жапсырыпсыңдар.

 Балалар шаршап қалдыңдар ма?
 Ендеше сергіту сәтін жасап жіберейік.
Сергіту сәті.
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.

 Балалар ендеше жасаған қошақандарымызды қойға тарту етіп, тақтада ілініп тұрған жайлауға, қоймен оның қошақандарын жапсырайық.
Қой: Рахмет сендерге балалар!
 
Дидактикалық ойын:
«Дауысынан таны»
Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
Шарты: үнтаспадан естілген дауыстың ненің дауысы екенін табу. Шеңбер жасап тұрады.

Іс- қимылдармен көрсетеді.
 Көктем мезгілі.
 Күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштардан бүршік атады, жел соғады.
 Балалар таң қалады.
Балалар қайталап айтады
 Сәлеметсіз бе Қой.
 иә
-мә-мә-мә-мә.

-иә

Қимыл әрекеттерін қайталап, серігіп дем алады.

Рефлексия
(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) Сұрақ- жауап әдісі.
 Балалар, сендер не жапсырдыңдар?
 Қошақан ненің төлі?
 Қошақан үй жануары ма, дала жануары ма?
 Бәрекелді балалар! Сендер қошақанды әдемі етіп жапсырдыңдар!

Балалар толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: қошақандардың бұйра жүндерін мақтадан жапсыра біледі.
Қандай түсініктерді игерді: мақтаны умаждау әдістерін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: қошақандарды жайлауға жапсыра алады.
Картаны толтырған тәрбиеші: Телманова Әсия

Баланың коммуникативтік тілдік қызметін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі.
Бала-тілі бал.
(Іскерлік ойын)
Мақсаты: ата-ананы бір-бірімен таныстыру. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Баланың тілінің дамуына үлес қосу. Жақсы көңіл-күй орнату.
Түрі: топтық.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, пікір алмасу, ойын.
Қажетті құралдар: күн, шар, гүл, интерактивті тақта, күлекеш.
Ойынның жүру барысы: Сәлеметсіздер ме ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала -тілі бал» атты іскерлік ойынға қош келдіңіздер. Ата-ананың тілегі баласының жақсы болып өсуі. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
Ата-аналар шеңбер болып тұрайық. Үш топқа бөлінейік. Енді топтың атын қойып, оны қорғайық.
Ойын бағдарламасымен таныстырып өтейін׃
Топтың атын қорғау.
Балаларына қойылған есімдерді қорғау.
« Ән айтайық» ( балаларыңыздың жақсы көретін әндерін айтасыздар).
« Дауысын сал»
« Жаңылтпашты қайтала» ( жаңылтпашты жаңылмай қайталау).
« Түйін сөз» ( бақыт, бала, тіл, ойын, тәрбие) осы сөздерді байланыстыра отырып, өз ойларыңызды немесе өлең жолдарымен
қорытындылау.

Ендеше ойынымызды бастайық.
Алдымен мына үрілген шарларды жарып, ішіндегі сұраққа жауап берсеңіздер.

Келесі алдарыңызда тұрған гүлдерге назар аударсаңыздар?
Енді гүлдің ішіндегі тапсырманы орындайық.

Ата- аналар бүгінгі біздің іскерлік ойынымыздың символы күн болып табылады. Күн әрқашан бізге күлімсіреп, жылуын береді. Ал, дәл кәзір күніміздің бетін бұлттар басып тұр. Күн бұлттармен бүркеніп жатыр. Оны біз ашу үшін, мына бұлттарды шеңбер бойынша жіберіп, әр бұлтты ашып, ішіндегі сұрақтарға жауап берсек күн оянып кетеді.

Ата-аналар мен сіздермен « Кім шапшаң» атты ойын ойнағым келіп тұр.

Ата-аналар мен сіздермен « Кім шапшаң» атты ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын шарты: Ең алдымен әуен жіберіліп, сіздерге мен неше сан айтсам сіздер сол сан бойынша қол ұстасып жұптасасыздар.
Ендіше ойынымызды бастайық. 2,1,4, 1,2, 6.

-Жарайсыздар өте әдемі ойын болды.
Мына әдемі конвертте не бар екен?

Жаңылтпаштарды жаңылмай қайталап айтайық.

Бәрекелді ата- аналар!
Топқа Күлегеш келеді.

Күлегеш : Сәлеметсіздерме ата-аналар, мен сіздерге өзімнің жақсы тілектерімді сыйға алып келдім. Кәнекей мына әдемі конверттен әдемі күлегештерімді таңдап алыңыздар.
Қорытынды׃ Бақыт, бала, тіл, тәрбие, ойын осы сөздерді байланыстыра өлең не өз ойларыңызды айту.

Бала дегеніміз- болашақ. Келешегіміздің қожасы балаларымыздың білімді де мәдениетті, тәрбиеліде қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Осымен «Бала- тілі бал» атты іскерлік ойынымыз аяқталды. Қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Ілмек сөздер: Қошақан, Қошақан
Автор: Асия Телманова | 26-04-2015, 16:20
Қарау саны: 2369
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :