Жолың болсын балдырған » Қазақша білім сайты
Жарнама



Жолың болсын балдырған

Жолың болсын балдырған!

1 Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, балалар, бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар бүгінгі біздің мерекеміз ерекше, себебі бүгін бірнеше жыл мәпелеп өсірген, тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!

2 тәрбиеші:Кеше ғана балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршінде бүгін мектепке дайындалып, даярлық сынып оқушысы атанғалы тұр. Білім кемесіне мініп, ілім іздеп, өз өмірлерінің бір асуын артта қалдырмақшы. Олай болса «балбөбек» шағын орталығының «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілікті ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Енді , алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Утебаева Айнұр Ғазизқызына береміз.

1 тәрбиеші:

Шақырайық түлектерді ортаға,

Айтылатын жақсы тілек қаншама,

Өлең айтып, тақпақ айтып, би билеп

Өнерлерін көрсетшінші қаншама! – деп ортаға түлектерді шақырамыз.

(залға бітірушілер әуен ырғағымен шығады)

  1. Балабақшаның дарынды өнерпазы -Әбілқас Балауса,
  2. Балабақшаның талантты бишісі – Жақсыбай Сезім
  3. Балабақшаның ұғымтал әрі еңбекқор баласы – Амангелді Мерей
  4. Балабақшаның ұқыпты да талантты баласы – Жолжақсыұлы Еркебұлан
  5. Балабақшаның ақкөңіл де сүйкімді баласы – Амангелді Нариман
  6. Балабақшаның білімдіде өнерпаз баласы – Махмет Нару
  7. Балабақшаның салмақты да, үлгілі баласы - Эрнстұлы Ақыл
  8. Балабақшаның кішкентай өнерлі баласы – Айтбай Марғұлан

2 тәрбиеші:

Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңіз де есен саубармысыздар?!

Қоштасатын күн келді бақшаменен,

Апайларға айтатын алғысым бар.

1 тәрбиеші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын әнімізді бастайық.

Әдеппенен өнегені үйреткен

Бақшамызды есімізге сақтайық!

Тақпақтар. Мерей, Нариман,Сезім

Мерей:

Балабақша – бесігім,

Қалдым, міне, есейіп.

Ашып мектеп есігін,

Өзіңмен қоштасайық.

Нариман:

Қош балабақшамыз,

Естен кетпес есімің.

Қошбалабақшамыз,

Алғаш ашқан есігім.

Сезім:

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

 

 

2 тәрбиеші:

Өсті ақыл, ойларың,

Өсті, міне бойларың,

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

1 тәрбиеші:

Мен - кішкентай әншімін,

Таңғы мөлдір әншімін.

Гүл ернінен жаралған,

Әндерім бар бал шырын

Ән: «Қошақаным» орындайтын Балауса,Еркебұлан,Сезім 

2 тәрбиеші:

 

Әсем кештің ажары,

Әсем бисіз кірмейді.

Кіп-кішкене бишілер.

Мың бұрала билейді.

Би: «Қара жорға»

1 тәрбиеші:

Уақытыңды босқа, досым өткізбе,

Қай бақшаның тәртіпсізі дегізбе.

Қалдырмашы апайларды ұятқа,

Текті бала тартады тек негізге, - дей келе Қасым атамыздың «Дүниеге жар» өлеңін Айтбаев

Марғұлан орындауында қабыл алыңыздар.

2 тәрбиеші: Аналармен «мектепке кешіктірмей апаруға қаншалықты дайынсыз» ойынын ойнату.

1 тәрбиеші:

, Ананың әрбір Ананың әрбір сөзі ой- талабы.

Мамам дәрі береді. Жүректің тереңінде сақталады.

Барлық ана, барлық бала Өсеміз елін сүйген ұландар боп,

Оны жақсы көреді. Ардақты ана еңбегі ақталады, - дей келе аналарға арналған «Аяулы анашым » әнін

тамашалаңыздар. Еркебұлан, Нару

Мамам дәрі береді.2 тәрбиеші:

Кеше ғана балабақша есігінен аттаған,

Мектебіме барамын деп құлшынады шат балаң

Қараңдаршы жүздері шат күлімдейді өрендерің,

«Балбөбектей» мейірімді балабақша баптаған.

Біздің түлектеріміз жылы лебіздерін, рахметтерін тақпақ арнап айтқысы келіп тұр. Тақпақ:

Нару, Балауса, Еркебұлан, Ақыл, Мерей

Нару:

Бес жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы

Мектепке ертең барамыз.

Балауса:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балабақшамен,

0 – ға барамыз.

Еркебұлан:

Бақшамызды ұмытпай,

Келіп-кетіп тұрайық.

Сондай кезде апайлар

Қалады ғой қуанып.

Ақыл:

Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз, білім аламыз,

Қашық емес арамыз,

Бақшаға келіп тұрамыз.

Мерей:

Мектеп біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан

Оқып, білім аламыз.

2 тәрбиеші:Ойын «Мектепке баруға дайынсың ба?»

1 тәрбиеші:

Көріп тұрмын түлектерді қаншама,

Жақсы ниет білдірейік баршаға.

Өрендерім өлең айтып, би билеп,

 


 

Өнерлерін салсын бүгін ортаға.

Би»Барби»

2 тәрбиеші:

Той деп бүгін көңіл шіркін арнасымен тасады,

Ән менен күй қуаныштың құпиясын ашады.

1 тәрбиеші:

Той думанға келіңіз,

Тамашаны көріңіз.

Ән шырқайық бәріміз,

Қосыл кәне бәріңіз.

2 тәрбиеші:

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығармыз.

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс.

Ән: хор «Ақылшы мұғалім»

1 тәрбиеші:

Армысыңдар түлектер,

Бүгінгі той көрікті.

Құттықтауға сендерді

Болашақ түлек келіпті.

Ендігі кезекті бүлдіршіндердің тілектеріне береміз. Тақпақ. Марғұлан, Аяла, Еділ

Аяла:

Жақсы оқып мектепте,

Тәртіпті боп жүріңдер.

Жаман қылық көрсетпе,

Ден қойыңдар білімге.

Еділ:

Ана тілін ардақтап,

Ана салтын бізкөрдік.

Сурет салып, ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.

Марғұлан:

Біз ғой әлі бүлдіршін,

Мектепке әлі бармаймыз,

Ақ жол тілеп сендерге,

Ақ тілекті арнаймыз.

2 тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

(Тақпақ. Бәрі бірге)

Бақшадағы күндерді

Есімізге сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін,

Бәрімізде ақтаймыз.

1 тәрбиеші:

Қысылып еш саспаңдар,

Сызылта би бастаңдар.

Баршамыздың көңілін,

Бір көтеріп тастаңдар.

«Вальс» биі.

2 тәрбиеші:

Бүлдіршіндерді марапаттау.

Алғыс хаттар тарату.

Тәрбиеші: Гүл мен келсін келер күн,

Бала бағы бар елдің.

Балалардың күлкісі,

Көркі, сәні, әлемнің.

Әрқашан бейбітшілік заман болсын,

Ел іргесі аман болсын,

Ертеңге жол ашатын,

Бүлдіршіндер бақытты ,аман, болсын.

Балалар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар осымен « Қош бол ,балабақша » атты ертеңгілігіміз

аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Барлығыңызға мықты денсаулық,

ұзақ өмір, жанұяда бақыт тілейміз.

 

 

Нысанбаева Ансаған Зарухановна

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы,

Сарыобалы ауылы

№34 негізгі орта мектеп

«Балбөбек» шағын орталығы


Автор: dauke | 20-02-2016, 23:30
Қарау саны: 941
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :