рефлексивтік есеп

Рефлексия
Ақпанның 2 күні 2015 жылы 9 «А» сыныбына "Famous actors and actresses” тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақтың мақсаты: оқушыларға Present Perfect пен Past Simple шақтарын ажыратуды, оларды қолдануды меңгерту. "Famous actors and actresses” тақырыбында сөздік қорын жетілдіру, өз ойларын еркін білдіруін, сыни ойлауды дамыту. Осы мақсатқа жету үшін оқушылардың сыни ойлауын дамытатын әдіс тәсілдерді қолдану арқылы бірнеше тапсырмаларды бергенді жөн көрдім. Атап айтсам «өкіл, бәрі, таңдау», «серпілген сұрақтар», Блум таксономиясы бойынша жасалған тапсырмалар. Жалпы алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын, оны мен төмендегі жұмыстардан байқадым.
Сабақтың басында оқушылардың көңіл күйлерін сұрап, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып алдым. Оқушылардың қызығушылығына орай, яғни фильм немесе шоу бағдарламаларды көруді ұнатуына қарай, екі топқа топтастырдым. Оқушылар әбден дағдыланғандықтан топтастыру уақыт алған жоқ. Үй тапсырмасын сұрауды кроссворд шешу тапсырылды. Оқушылар өткен сабақты жақсы меңгергендігін көрсетті, сөздерді дұрыс тауып, дұрыс жазды. 
Топтық жұмыстың алдында жаңа сөздермен жұмыс жүрді. Оқушылар тақтадағы сөздерді мұғалімнен соң қайталап, аудармасын өздері табуға тырысты. Көп сөздердің екі тілде де айтылуы ұқсас болғандықтан, сөздерді аудару қиын болған жоқ. Сөздерді сәйкестендіруге берілген тапсырма арқылы оқушылардың жаңа сөздерді меңгергендігін байқадым. Топтық жұмысқа Орландо Блум мен Кира Найтли жайлы мәтіндер беріліп, постер қорғау тапсырылды. Алдымен екі актер жайлы қысқа бейнебаян көрсетілді. Топтық жұмысты «өкіл, бәрі, таңдау» әдісі арқылы жүргіздім. Бұл әдістің тиімділігі сабақтарда үнемі ортаға шығып сөйлейтін оқушылар ғана емес, тұйық, ортаға шығудан қысылатын, өзіне сенімсіздеу оқушыларға да баяндамашы ролін беріп, олардың өзіне сенімділігін арттыруға, оқуына жауапкершілік алуға, белсенділігін арттыруға мүмкіндік туады. Оқушыладың Past Perfect пен Past Simple шақтарын ажырата алатындықтарын мысалдары арқылы көрдім. Топтық жұмыста оқушылардың сабаққа белсенділігі артып, ынтымақтастық орнады, оқушылардың субьектілік позициясы кеңейіп, дербес таным әрекеті дамыды. Дегенмен осы жерде уақыт тапшылығы байқалды, себебі, бұрын ортаға шығып сөйлеуге дағдыланбаған оқушылардың кейбірі қысылып, оз ойларын жеткізе алмай, ақпаратты аша алмады. Осыған байланысты, топтық жұмыста оқушылар әбден дағдыланғанша «өкіл, таңдау, бәрі» немесе орындықтың артына стикер жабыстырып, көп араласпайтын оқушыларды ортаға шығарып, өз ойларын еркін айту, өзіне сенімділігін арттыру үшін үнемі оларға қолдау көрсетуім керек деп қорытындыладым. Топтар бір-бірін «екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалады. Оқушылар бірін-бірі формативті бағалауында да сыни ойлауы төмен екендігін байқадым. Олар үнемі: жақсы баяндады, тақырыптың мазмұнын аша білді, бірақ дизайнына көңіл бөлсе жақсы болар еді сынды бір сарынды пікірлерді ғана білдіріп жатты, креативті ойлар көрінбеді. Осы жағына көбірек назар аударып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін көп жұмыс жасау керектігін түсіндім. 
Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Жұптық жұмыста ЖАДАның көмегімен кейбір жұптар тапсырманы тез орындап берді. Кей жұптар тапсырма орындауда қиналып жатты. Ашық сұрақ қою кейбір оқушыларға қиындық туғызып жатты, себебі оқушылар көбіне көп ойлануды қажет етпейтін жеңіл сұрақтар қоюға дағдыланған және кейбір оқушылар ағылшын тілінде ойын еркін жеткізе алмайды. Осы жерде байқағаным, оқушыларды жұптастырғанда екі оқушының деңгейі екі түрлі болуына назар аудару керектігін түсіндім. Белсенді, үлгерімі жоғары оқушыны үлгерімі төмен оқушымен жұптастырып, келесі жұптың тапсырмасын үлгерімі төмен оқушының тексеруіне және бағалауына мүмкіндік берген дұрыс деп ойладым.
Жеке жұмыста оқушыларға Блум таксономиясы бойынша дайындалған тапсырмалар берілді. Осындай тапсырмалар арқылы оқушыларда ойлаудың жоғары деңгейін қалыптастыру көзделеді. Оқушылар бастапқы мәліметтерді жинақтап, оларды талдай алуға дағдыланады. Тапсырмалар сол күнгі өтілген тақырыпты қорытындылауға бағытталған. Дегенмен мұндай тапсырманы алғашқы рет орындап отырғандықтан көшбасшы оқушылардың өзі де уақытты тиімді пайдалана алмай аяғына дейін тапсырмаларды орындап үлгере алмады. Менің ойымша алғашқы кезде Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды шағын топтарда орындату тиімді. Оқушылар әбден машықтанған соң ғана оны жеке жұмысқа берген тиімді болады деген ой түйдім.
Бүгінгі сабақта кездескен қйындықтарды келесі сабақтарда қалай еңсеремін? Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілетін жұмыстарға қатысуға мүмкіндік беру арқылы өзіндік жеке түсініктерін қалыптастыруға, өздігінен реттелуіне, тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптауына, табысты оқуына қолдау көрсетемін. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін бүгінгі сабақта қолданған әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырамын. Олардан алынған кері байланыс арқылы сабақтағы іс-әрекетімді зерттеп, оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру және жаңа заманға қажетті білім мен дағдыларды дамыту үшін сыни ойлау, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, әрі қарай жұмыс жасаймын. 
Ілмек сөздер: “Famous actors and actresses”
Автор: Раушан Султанбаевна | 25-04-2015, 20:25
Қарау саны: 4187
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :