» » » АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ


АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ

ШҚО Семей қаласы "№38 жалпы орта білім
беретін мектеп-лицей" КММ
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Адаева Назгуль Бахтыбековна

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ

Мақал-мәтелдер - ғасырлар шежіресі. Халықтың көрген білгенін, бастан кешкен оқиғаларынан корытқан ақыл-ойының жиынтығы, өмірде үнемі қайталап тұратын оқиғалармен, кұбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Мақал-мэтелдердің 3 жақты қасиеті олардыц тілдік қүбылыс ретінде бөлек-бөлек зертеуді қажет етеді. Макал мен мәтелдер сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбайды, даяр қалпында жұмсалады, құрамдары әрқашан тұрақты, макал мен мәтелдерді талай гасырлардың жемісі, сондықтан әбден ой елегінен өтіп екшеленген, сөйтіп тұракталган оралымдар. Макал мен мәтелдердін ішінде тура мағынасында ұғынылатындары да бар, яғни олардың мағыналары кғрастырушы сөздердің мағаналарынан туады. Олардың тұрактылығы мағаналарының астарлы келетінінде емес, керісінше олардың даналық қортындылары болып келуінде. Мақал мен мәтелдер де әр турлі дәуірдегі нақты өмір шындыгында, халыктың ерте кездегі ұғымына, ой - санасына сай келіп огырады.
Ішкі лингвистикалық және экстралингвистскалық даму заңдарына сәйкес белгілі бір макал мен мәтелдердің негізгі, тікелей маганасы әр кез өзгеріп отырады. Мақал мен мәтелдердің туынды мағаналары фразеологиялық туынды мағаналарының қалыптасуы сияқты, екінші кезекте, бертін келе даму процесінде өрбіген. Осыдан келіп, фразеологизмнің жэне мақал- мәтелдердің де тілде өмір сүруі - олардың экспрессив қызмет атқаруына тікелей байланысты деген корытынды туады. Ал мақал -мәтелдердің туынды маганасы өтпеген топтарының маганасы фразеологиятану процесінің үстінде деп түсінуге болады, өйткені мақал -мәтелдердің бұл тобының әрқайсысының меншікті маганалык жактары бар, ішкі астарга ие бола бастаған, оларға арнайы талдау жасау нәтижесінде гана ішкі астарында анық-айқын көз жеткізуге болады. Мақал-мәтелдердің игі қасиеттерге үндеу, уағыз-өсиет сипатында болатындары баршага мәлім, яғни ішікі мазмұнның сыры олардың өздеріне ғана тән, меншікті мағанасы бар оралымдар екендігін дәлелдейді.
Мақал -мәтелдер фразеологизмдер сияқты, компоненттік құрамы сақтап қолданылады, олардың компоненттерінің орнын ауыстыруға болмайды, олар і ли іұргыдан болсын, я морфологиялық, я синтаксистіктүргыдан болсын, өзгеріссіз, даяр күйінде колданылады. Мәселен , «Аздың қадірін білмеген, кептің қадірін қайтып білер», - деген мақалда құрамындагы жеке сөздердің берер мағанасы сөз болып отырған жоқ, түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып тұр.
«Жүздің көркі - көз, ауыз көркі мақал», - дейді халык. Алайда мақал-мәтелдер сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халык өмірінің шежіресі. Одан халық тұрмысының қай саласын болсын байқауга болады. Мәселен, қазақ және ағылшын тілдерінде ауру- сырқаудан сақтандыруга. денсаулық, тазалық, білім мәселелеріне арналған мақал-мәтелдерді көптеп кездестіруге болады. Мысаты, «Ауруды елемеген өледі,дауды елемеген төлейді»; «Көзің ауырса қолың тый, ішің ауырса аузың тый»; «Сынықтан басканың бәрі жұғады»; «Тазалық денсаулық негізі, денсаулық байлык негізі»; Ағылшын тілінде: «Еагіу to bed, early to rise makes a man healthy, wealthy and wise»; «Health is above wealth»; «Health is never valued till, sickness comes» - деп халық денсаулыққа үлкен мән берген, наукастан сақтанудың бірінші шарты тазалық сақтау екенін дұрыс ұқкан .
Әркімге өзінің туып-өскен атамекені, кір жуып, кіндік кескен жері кымбат. Өйткені әр халықтың өмір сүруі, өсіп-өркендепуі, бақыты, байыты, байлығы-сайып келгенде жеріне, жерінің кендігіне, табиғатына, байлыгына байланысты. «Жері байдың елі бай»; «Жер - таусылмайтын казына»; «Әркімнін туған жері -өзіне Мысыр шаһары»; «East or west, home is best»; «My home is cradle» деген макал - мәтелдер бекер айтылмаган. «Бейнет қыл да, міндет қыл», «Еңбек етсең емерсің»; «Туған жерге туың тік»; «Ер туған жеріне»; «No pains, no gains»; «A cat in glove cashes no mice»; «As you sow, you shall mow>: деп жерін, елін сүюге, оны көркейтіп, гүлденте беруі үшін адал кызмет істеуге баулиды.
Халық «Онер алды - қызыл тіл»; «Батырды шешен аттан түсіріпті» деп тіл өнерін ерліктен де жоғары санайды. «Тіл - ақылдың көрнісі, бірліктің кілті», «Тілсіз жерде бірлік те жок, тірлік те жок», «Тілдің сондай сырын, сиқырлы кушін жіті аңғарган халық», «Қылыш жарысы бітеді, тіл жарысы бітпейді» деп тасқын сумен, алмас қылышпен катар кояды. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»; «Brevity is the soul of wit»; «Don't trouble until trouble troubles you»; «First think, then speak»; «Practice goes before a falb - деп ескертеді.
Бір алуан мақал-мәтелдерде өнер-білім, оқу-ғылым дәріптеледі. Халық олардың қоғамдық өмірдегі орнын ерекше бағалаған. Адамзат баласының дүние тіршілігіндегі қол жеткен табыстары адам еңбегінің, ғылым - білімнің жемісі. Сондықтан халык, «Өнер - ағып жатқан бұлақ, ғылым - жанып жатқан шырақ», «Өнер - бұлақ, білім - шырақ» деп өнер мен білімді әрқашан қатар қояды, әрі өнер-білімге үндейді. «Білекті бірді жығалы. білімсіз мыңды жығады»; «Білімдіге дуние жарық, білімсіздін күні кәріп»; «То make a sll purse out of the sow's ear»; «Live and learn»; «It is never late to Іеагп» де білімді күннің нұрына, мыңның күшін балайды. «Білімді адамды қара суды теріс ағызған ғалым» деп бағалайды.
«Тһе leopard cannot change his spots» - Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді-міс. Бірак мінез туа пайда болғанымен жүре калыптасады, түзеледі. Ыбырай Алтынсарин бір әңгімесінде балаға бір кисық ағаш көрсетіп: «Ол кутілмегендіктен сондай қисық болып өскен тәрбиелемесе, сен де сонд кисык-кыңыр болып өседі», - деседі; «Адам мінезін жөндеуге болма" деген кісінің тілін кесер едім» - дейді Абай. Демек, адамның ақылын толыктыруға мінезін жасауға әбден болады.
Мақал-мәтел - әдеби жанр, әрқайсысы өз алдына дербес мағына беретін көркем шығарма. Тілдің кіші мағыналы бірлігі сөз болса, халық шығармасының кіші бірлігі - мақал мен мәтел.Мақал мен мәтелдер сөйлемдегі сездерді қысқарту не магыналы, көркем сөздермен ауыстыру жолында ғана емес, жалғау, жұрнактарды қыскарту ықшамдау тәсілдерімен жетіледі. Мысалы: «Еңбек етсең (өміріңше) емерсің»; «Ауыру (жазылып) калады, әдет қалмайды». «Өлі арыстаннан тірі (жүрген) тышқан артық»; Ағылшын тілінде: «As you sow, you shall mows; ((Custom is a second nature»; «A bird in the hand is worth two in the bush».
Мақал-мәтелдерді көркейтіп, олардың қолданылу аясын кеңейтетін бірнеше әдеби тэсілдер бар. Соларцың бірі сөздерді ауыспалы мағынада қолдану. Сөздердің тура мағынасын бұрмалап, бейнелеп колдануды әдеби тілге ауыстыру (троп) деп атайтынын білеміз.
Ауыстырудын бір турі - мензеу. Меңзеу бүтіннің орнына бөлшегі, көптің (тек) орнына жекеше (түрі) алынады:
Бір күмалак бір карын майды шірітеді, Бір жаман мың қолды ірітеді. Ағылшын тілінде:
A fly in the ointment.
The rotten apple injures its neighbors
Too many cooks spoil the broth.
Макал-мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының нелер асылы кездеседі. Оларда теңеу арқылы да көркем өрнек жасалынады. Мысалы: «Өнер - ағып жатқан бүлақ, ғылым - жанып жатқан шырақ»
Ағылшын тілінде «А stitch in time saves nine, Brevity is the soul of wit»
Мақал-мәтелдерде ауыстырудың жиі кездесетін екі түрі - ұлкейте әсірелеу мен кішірейте әсірелеу. Халық айтуға оқталған ой-пікірін кепшіліктің көңілін аударып, сөзін әсерлі ету үшін белгілі бір затты, уакиғаны әлденеше есе өсіріп, үлғайта әсірелеп, «түймедейді түйедей етіп көрсетеді».
Қазақ тілінде: Ердің аты көлдей, өзі нардай. Ағылшын тілінде: Practice goes before a fall
Сөз сабан, ic -дән деген мақалдардың бірінші сынары үлкейте, екінші сыңары кішірейте әсерлеуге жатады.
Мақал-мәтелдерде ауыстырудың бір ғана емес, бірнеше түрі де қатар келуі мүмкін. Кейде, жоғарыда көрсетілгендей, бір мақалдағы (мәтелдегі) ауыстырудың бір тәсілін екінші тәсілге жатқызуға да болады. Өйткені, әдеби ауыстырудың аталған түрлері біріне-бірі қарама-қайшы тәсілдер емес, көбіне ( толыктыратын, ауыстыратын белгілер.
Қорыта айтқанда, мақал-мәтелдер халық мүрасы, халық даналығы, рухани қазына. Мақал-мәтелдер - сөздің мәйегі, асылы, саф алтыны. Олар нақыл сөздер ретінде қызмет аткарады. Мақгіл-мәтелдерде халық сөзін үнемдеп колданған. Асыл маржан ару мойына, алмас қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз орнында кұнды.
Автор: Жансая | 30-04-2015, 23:10
Қарау саны: 1980
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :