» » » АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ


АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

ШҚО Семей қаласы "№38 жалпы орта білім
беретін мектеп-лицей" КММ
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Адаева Назгуль Бахтыбековна
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында «Қазақстан болашағы – өскелең ұрпақтың жан жақты білімді де білікті болуымен өлшенеді» деген болатын. Ел басы айтқан болатын«Тілдердің үш тұғырлығы» мәселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін төмендегі сөзімен дәлелдеп береді: «Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Сондықтанда ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігімен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істін бастамасы.
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орнымен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыру керек. Осы талапты іске асыру үшін әрбір мұғалім инновациялық білім беру технологияларын дұрыс таңдап алып осы әдіс-тәсілдерді сабақ үстінде жүйелі түрде түрлендіріп қолдану. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын , ынтасын арттыруында болып табылады.Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығушылығы арта түседі оқушының.
Оқушының шаршауын ұмытырып, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып табылады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында - көңіл күйін сергітеді, ерік жігерін дамытады, сабақа деген ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді тиянақтау мақсатын көздейді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал бірі болып табылады.
Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – жігерін, пәнге деген сүйіспеншілігін,қызығушылығын қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағын баланың қабілет - қарымына, жас ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, қызықты, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін ағылшын тілі мұғалімінің басты қолданатын тәсілі — ойын.
Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «доппен ойыны» - балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twеnty десе, сынып түзетіп No, Yes it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It's green деп жауап береді . Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді. Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: 1.Рөлдік ойындар. 2. Іскерлік ойындар. А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары; Ә)Өндірістік ойындар.Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 1.Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Қорытындылай келе, дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.



Автор: Жансая | 30-04-2015, 23:13
Қарау саны: 4122
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :