Семей – Қазақстандағы рухани құндылықтар қаласы » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Семей – Қазақстандағы рухани құндылықтар қаласы


Семей – Қазақстандағы рухани құндылықтар қаласы

ШҚО Семей қаласы "№38 жалпы орта білім
беретін мектеп-лицей" КММ
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Адаева Назгуль Бахтыбековна

Семей – Қазақстандағы рухани құндылықтар қаласы

Рухани өрлеудің күші мен мәнері-көп қырлы. Рухани байлыққа жетер өлшем жоқ, ал әрбір халықтың абыройы мен беделі мәдениет сарайлары мен үйлері,театрлар, кітапханалар, мұражайлар бірақ мұндағы басты тұлға –адам.Семей қаласы бұл тұрғыдан да ғажайып тамашаларға толы. Еуразияның нақ жүрегінде.оның географиялық кіндігінде орналасқан, аса бай тарихы мен дәстүрлері бар қасиетті Семей қаласы шын мәнінде рухани және мәдени орталық болып есептеледі. Рухани, мәдени дамуында Семей қаласының атқаратын ролі орасан зор. Аймақ қалаларының ішіндегі алдыңғы қатардағы орынды алады.
Қазақ жері ұзақ уақыт бойы Ресейден қоныс тепкен саяси жер аударушылардың мекені еді.Қазақстандағы саяси жер аударушылардың орталығының бірі-Семей шаһары болды.Қаланың мәдени-рухани даму тарихы тікелей осы кезең тарихымен байланысты.Оның түптамыры өте тереңде жатыр.Семей барлық кезеңде де Қазақстаның рухани орталығы болды. Семей әдебиет, өнер және ғылымдағы аса көрнекті ұлы тұлғалардың Отаны болған қала. Бұл қасиетті жер Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевты, кемеңгер философ Шәкәрім Құдайбердиевті, әлемдік әдебиет қайраткері Мұхтар Әуезовты, суырып салма әнші Әміре Қашаубаевты әлемге танытты. Семей сонау дәуірден бүкіл әлем зерттеушілерін өзіне қызықтырды. Мұнда әйгілі саяхатшылар Джордж Кеннан, Семенов Тянь-Щанский, Янушкевич, Паллас, Коншин және басқалары осы өлкенің тұрмысы мен халықтың салт-дәстүрлері туралы қызықты естеліктерін қалдырды. ХІХ ғасырдың ортасында болған әйгілі орыс саяхатшысы Г.Н Потанин өз естеліктерінде «Семей қаласы Азия қалаларының ішінде бірден ерекшеленеді. Ол Қытай және Орта Азия керуен жолдарымен өтетін сауда орталығы болды» деп жазады. 1882 жылдың басынан Семей қаласы Революциялық демократтардың жер аударылған мекені болды. Осында жер аударылғандардың ішінде халық өкілдері Н.Долгополов, С. Гросс, А.Блек, И. Лобановский, А. Леонтьев, Н. Коншин және басқалары болды. Олар өлкенің рухани дамуына өз үлестерін қосып, үлкен ғылыми және мәдени ағартушылық жұмыстарын жүргізді.
Семейдің Ертіс өңірінде әйгілі жазушы Ф.Достоевский мен алғашқы қазақ ғалымы Ш. Уалихановтың достығы жарасқан.Осында Алаш Орда партиясының өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов бостандық пен тәуелсіздік туын тікті. 20 ғасырда Семейде Қазақстан ғылым академиясының бірінші академигі Қаныш Сәтбаев, ғалым Әлкей Марғұлан, танымал жазушылар- Всеволод Иванов, Николай Анов, Галина Серебрякова, ақындар Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, зерттеуші абайтанушы Қайым Мұхаметқанов, мәдениет қайраткерлері Роза Рымбаева, Еркеғали Рахмадиев, Айнур Тұрсынбаева және т.б көптеген адамдар оқыды, тұрды және шығармашылық қызмет жасады. Бибігүл Төлегенова сияқты аты әлемге әйгілі жұлдыздар Семейліктердің арасынан шыққан. 3 жарым ғасырға жуық ғұмырында Семейдің топырағын небір атақты дүлділ азаматтар басты. Қазақстанның тіпті Ресейдің атақты адамдары осы қаланың суын ішіп нуын аралап, ауасымен тыныстап, шаһарды тыныш көшелерімен талай рет серуен деген. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның рухани әрі мәдени астанасы» деген мәртебе берген.
Семейде Қазақстандағы ең алғаш қоғамдық мұражай мен кітапханалар ашылды. Тарихи өлкетану мұражайымен Абай кітапханасы қорларында тарихи жәдігерлермен кітаптар жинақталған. Бұл аса құнды бай қорлардың негізін құрайды. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драмалық театры Семей қаласында 1934 жылы ашылып, Қазақстандағы алғаш ұлттық театрлардың бірі боды. Театрда әр-жылдары қазақ халқының ірі өнер қайраткерлері жұмыс жасады.Режиссер Жұмат Шанин, әртістер Құрманбек Жандарбеков, Сіләмбек Қыдыралин, Гүлсім Абдрахманова, Нүридден Атаханов, Қасен Байырманов, Абылқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов, Халакет Ишмұратов, Тұратай Исова, Бикен Мұхаметжанова, Шайзат Бахтинова, Күләш Сакиева, сазгер Латиф Хамиди. Театр репертуарында қазақтың классикалық спектакльдері «Абай», «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», орыс және батыс европаның қойылымдары болды. Театрдың бай дәстүрлерін бүгінгі талантты актерлер Ж.Құнанбаев, К.Әбділденова, М.Сыдықов, Б.Тойымбаева, Б.Ноғайбаев, А.Манекина т.б жалғастырып келеді.
Шығыс Қазақстан облыстық Достоевский атындағы орыс-драмалық театры.1934 жылы ашылып Қазақстандағы алғаш орыс театрларының бірі болды. Ол еліміздегі алдыңғы қатарлы театрлардың бірі және орыс тілді тұрғандардың рухани дамуының орталығы болып саналады. Оның сахнасында орыс және шетел классиктерінің қойылымдары, қазақ және қазіргі авторлардың пьесалары жүрді. Театрда әйгілі әртістер: ҚР халық әртісі Т. Загвоздкина, ҚР еңбек сіңірген әртістер Н.Батурин, Н.Нинин, С.Забаруков, Г.Кристель, С.Попов, С.Кутьлин және т.б көптеген әртістер жұмыс істеді. Театр тұрғындар арасында үлкен танымалдыққа ие. Бірнеше рет республикалық театрлар фестивалінің жеңімпазы. Театрда үлкен сахналық шеберлігі бар шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Театр ұжымы үнемі Мәскеу, Новосібір, Барнауыл және Ресейдің басқа қалаларының театрларымен шығармашылық байланыста болып келеді.
Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 1883 жылы құрылып Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың бірі болып табылады. Кітапхананың ең бірінші оқырмандарының бірі Абай Құнанбаев. Ғылыми ақпарат пен кітап сақтаудағы ірі орталық. Кітап қоры 362 мың сақтау бірлігін құрайды, бұған қоса 5900 ден астам ХVII-XIX ғ. басылымдары бар. Әр түрлі кезеңдегі қазақ және орыс тілдеріндегі сирек кездесетін басылымдар бар. Кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Ол үлкен халықаралық байланыстар жасайды, алыс жақын шет елдердердің ірі кітапханаларымен ынтымақтастықта. Ең алғаш Әуезовтің ұсынысы бойынша, үкімет қаулысымен, Абайдың туғанына 95 жыл толуына орай 1940 жылы 16 қазанда Семей қаласында ашылған жылдары «Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайы» деп аталды. Абай мемлекеттік қорық –мұражайының құрамына: 7 залы бар қалалық бас кешен, «Алаш арыстар» мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Бөрлідегі Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесене кешені кіреді. Абай мемлекеттік мұражайы Абайтанушылардың ірі ғылыми орталығы болып табылады. Мұражай қоры 18255 сақтау бірлігін құрайды. Мұражайда революцияға дейінгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін көптеген әлем халықтарының тілдерінде жазылған Абай шығармаларының бірегей басылымдар даналары сақталған.
Ақынның туғанына 150 жыл толуына байланысты деңгейінде өткізілген мерейтойдың қарсаңында өңіріндегі қатысты мәдени мұражайлардың басы бір араға шоғырланып, мен мешіті мұражайдың қасына көшірілді, қалпына келтірілді. Жидебайдан 6400 ға мөлшерде табиғи қорық аймағы белініп, жылы Абайдың мемлекеттік тарихи және әдеби-мәдени мемориалдық мұражайы болып қайта құрылды.
Оған:
Семей қаласындағы Абай мұражайы
Әуезов және Алаш арыстары мұражайы
Абайдың қоры-мұражайы
Әуезовтің Бөрілідегі әдеби-мемориалдық мұражайы
Мақаншыдағы Әсет Найманбаевтың мұражайы
Көкбайдың мешіт-медресесі кешені қарайды.
Мұражай-қорықтың құрылуына Т. Ибрагимов көп еңбек сіңіріп, қазіргі қалпына келтіруге елеулі үлес қосты. Мұражайда Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметіне және қазақ елінің тарихы мен этнографиясына қатысты құнды мұрағаттар (архивтер), заттай айғақтар, сирек қолжазбала суреттер,көркемсуреттер, кино, дыбыс (фоно) таспалары, мемориалдық дүниелер, соның ішінде Н. Долгополов арқылы өлкетану мұражайына тапсырылған Абайдың өзі жинаған экспонаттар орын алған. өткізген экспонаттар мен қолжазбалар, жазушының дауысы жазылған үнтаспа сақтаулы. Жалпы алғанда мұражай-қорықтың қорында 20 мыңға жуық экспонат бар.
Семейдің Достоевский атындағы әдеби-мемориалды мұражайы Семей қаласында 1971 жылы жазушының 150 жылдығына орай ашылған, ол 1854-1859 жылдар аралығында тұрды. Мұражай өзара байланысқан екі ғимаратта орналасқан: біріншісі 1838 жылы салынған- мемориалды үй, екіншісі 1976 жылы салынған. Қорды 16000 мұражайлық заттар құрайды: Мұнда жазушының өмір сүрген уақытындағы жазған шығармалары, танымдық-мемуарлық әдебиеттер, қолтаңбалары бар кітаптар, құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер, XIV ғасыр ортасындағы тұрмыстық заттар сақталған. Олар қазақ халқының мәдениетін, тұрмысын оқып, өлкенің тарихына, географиясына, экономикасына, этнографиясына зерттеулер жүргізді. Өзінің 117 жылдық тарихында Семейдің Ертіс өңірінің тарихы туралы бірегей жәдігерлерді жинақтады. Мұражайда сирек кездесетін жәдігерлер, кітаптар, тарихи және өлкетанымдық бағыттағы құжаттар бар.Семейдің Невзоровтар жанұясы атындағы көркем-өнер мұражайы 1985 жылы құрылды. 1988 жылы Мәскеулік коллекционер Ю.В.Невзоров мұражайға сыйлық ретінде, XVIII-XX ғасырлар кескіндеме және графика жинақтарын тапсырды, онда әйгілі орыс суретшілері К.Брюлловтың, В.Тропининнің, А.Васнецовтың, И.Шишкиннің, В.Маковскийдің және басқаларының, барлығы 500 картиналары бар.
Қазақстанның көркем өнер коллекциясы 1000 астам дананы құрайды, онда танымал шеберлердің шығармалары берілген. 1988 жылы мұражайға үлкен экспозициялық залдары бар бұрынғы облыстық комитет пен облыстық атқарушылық комитетінің ғимараты берілген.Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы елді мекендер бойынша туристік бағыттар ашылған. Оған Бөрлідегі Мұхтар Әуезовтың үй-мұражай, «Еңлік – Кебек» ескерткіші, Евразияның географиялық орталығы болып есептелетін Жидебай мекені, «Абай-Шәкәрім» кесенесі, «Қоңыр әулие» жер асты үңгірі жатады, сондай ақ Ертіс өзенімен Павлодар, Омбы, Салехард қалаларына дейін теплоходпен туристік саяхат жасауға болады.
Семей қаласы әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған қала. Семейді студенттер қаласы деп атайды. Мұнда Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей мемлекеттік медициналық университеті бар.Семейде ірі стадиондар мен спорттық құрылымдары бар және қазақ футболының Отаны болып табылады. Онда әлемге әйгілі қазақ батыры Қажымұқан Мұңайтпасов өнер көрсеткен. Бірінші қазақ - олимпиядаға қатысушы Ғұсман Қосанов, Леонид Никитенко, Василий Ярков, Дәулет Тұрлыханов және т.б Семейдің спортшылары Қазақстанды көкке көтерді. 1997 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Семей облысы толығымен Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. Орталығы Өскемен қаласы .
Кейінгі жылдарда Семей қаласы күннен-күнге құлпырып, дами түсуде.Жапон жобасы бойынша салынған көпір өте сирек кездесетін құбылыс.Ол тек Ертісті жалғап тұрған жоқ, жаңа ғасырға салынған жол іспеттес. Осыдан рухани байлығы ортаймаған елдің болашаққа деген толық сенімдігін көре аламыз.







Әдебиеттер тізімі
1. Әуезов М. энцеклопедеясы-Алматы, «Атамұра» баспасы 2011 жыл.
2. Қазақ театр тарихы II том Алматы: Ғылым, 1978
3. Омаров Н. Мақсат-рухани байлықты ортайтпау Енемен Қазақстан-2001
4. Асанқызы Р. Семей-халқымыздың мәдени-рухани бесігі . Семей таңы-1998
Автор: Жансая | 30-04-2015, 23:14
Қарау саны: 1436
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :