» » » Шет тілі сабақтарында оқушыларға сындарлы оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін ойын түрінде қолдану


Шет тілі сабақтарында оқушыларға сындарлы оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін ойын түрінде қолдану

"№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей" КММ
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Пржевальский көшесі 16 "А"
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Киыкбаева Акбота Зиятовна

Шет тілі сабақтарында оқушыларға сындарлы оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін ойын түрінде қолдану
Кіріспе
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.
Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар, психологтар және педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып оқыту технологиясын жасады. Біздің еліміз үшін бұл технология жаңа технология деп есептелінеді. Дегенмен, кейбір ұстаздардың іс - тәжірибелерінде осы технология қолданылуда. Осыған орай мен сын тұрғысынан ойлау технологиясын егжей - тегжейлі қарастырып, оны ағылшын тілі сабағында оқытудағы мүмкіндіктерді ойын түріндекөрсетуді мақсат еттім.Бұл шет тіліне арналған көмекші оқу құралы.Оқулықтың мақсаты оқушыларға еркін сөйлеуге үйрету,білім деңгейін тереңдету шетел тілі туралы ауқымды мағұлмат беру.Оқу процесінде ойын ойнау аса маңызды.Оқушылар өз сөздерін жоспарлай білуге икемделеді,сөз әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.Шет тілі сабақтарында сөйлеуді қарым- қатынас жасаудыкоммуникацияға үйретуді әр бір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданады.Ойындарды жаңа тілдік материалдарды бекітуге сабақты қызықты өткізуге оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттырып,білім деңгейін тексеру құралы ретінде қолданады. Мұғалім кез келген сабақты ойын түріндеөткізу үшін,алдын ала жоспар құрып алуы қажет.Ол жоспар,әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынандай шарттарға жауап беруі тиіс.
- Ойынның өтілетін сабақтық тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі.
- Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі.
- Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау,кішірек топ болып ойын тағы басқа нақтылануы.
- Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
- Қолданылатын сөздер,сөз тіркестері,мақал-мәтелдер,тақпақтар,өлеңдердің
таңдалынып алынуы.
- Пысықталатын грамматикалық,фонетикалық,лексикалық материалдардың
анықталуы.
- Пысықталатын ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Зерттеудегі мақсатым – шет тілі сабақтарында оқушыларын кез - келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету.
Зерттеу нысаным: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.
жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және даму бағытын зерттеу.
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс – тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін түсіндім.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
- жоспарлауға дайын болуы;
- бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
- қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
- жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
- ымыралы келісімді іздеуі;
- коммуникативтілігі.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
- оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
- әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
- оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
- әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
- оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;
Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс - әрекеті қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.

- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады
Фонетикалық ойындар.
1.Мұғалім өткен дауысты дыбыстардың бірін айтып,допты кез келген оқушыға лақтырады.Ол оқушы сөздің алғандығын қандай дыбыспен аяқталса,сол дыбыстан басталатын сөз айтады.Ойын осылай жалғасады.Егер оқушы шатасып қалса,ол ойыннан шығады.
For example: Ice-cream, meat, ten, nose, egg, girl, lamp, pen, nice.
2. Ойынның мақсаты дыбыстарды дұрыс айту.Сыныпты екі топқа бөлу,топтың атын қойу.Мұғалім кезек- кезек екі топқа карточка көрсетеді,карточкада дыбыстар жазылған.Балалардың міндеті дыбыстарды анық,дұрыс айту.Дыбыстарды дұрыс айта алмаса,келесі топқа ұпай есептелінеді.
For example:/m/,/t/,/i/,/k/,/u/,/a/,/g/,/n/,/b/,/d/,/f/.
3.Сыныптан екі топ шығады,тақтаны екі бөлікке бөлеміз.Тақтадағы сөздердің жасырын әріптерін табу.Берілген уақыт ішінде екі топ тез табу керек.
For example: c...t, a…d, a…m, h…n, p…n, r…d, c…r, s…t, r…n, t...n, o…d, t…a, l…g, h…r, h…s, f…x, e…g, e…t, b…d, m…n, o…r, m…p, b…g, r…t, f…r, a…e, w…s, y…u, t…e,
Cat,and, arm, hen, pen, red, car, sit, run, ten, old, tea,leg, her, his, fox, egg, eat, bed, man, our, map, bag, rat, for, are, was, you, tie.
4.Мұғалім- оқушы.(рөлдік ойын)
Оқушыбір -біріменжұмысжасайды.Біреуі мұғалім рөлін,екіншісі оқушы рөлін,мұғалім бір дыбысты айтады,оқушы оны қайталайды.
For example: [ei] [ i:] [ ef] [em] [en] [ou] [a:] [kju:] [ai] [el] [pi]
5.Жаңылпаш мақсаты оқушылардың тілдерін жаттықтыру,дыбыстарды дұрыс айтқызу.
She sells, # she shell # by the she shore # of the say shells
Мына белгі # үзіліс осы уақытта оқушылар қолдарын соғып шапалақтайды.
Грамматикалық ойындар
1.Ойынның мақсаты-Present Continuous tense-ті бекітуге арналған ойын.Мұғалім тақтаға суреттер іледі ,баланың күн тәртібіне байланысты.Әр бір суреттің қасына жазылған сөйлемдер іледі,ол сөйлемдер суретке сәйкес емес,балалар келістіріп ілуі тиіс.
For example: Бала киініп жатса-I am dressing.
Бала тұрып жатса-I am getting up.
Бала мектепке бара жатса-I am going to school.Бала жуынып,таңғы асын ішіп жатса-I am washing,Iam having breakfast.
Бала таңертеңгі жаттығу жасап жатса-I am doing my morning exercise.
2.Предлогтарға байланысты ойын. (on, in, under, behind, near).
Question. Where was? Answer.
Мұғалім столдың үстіне,астына,қасына қораптың ішіне ойыншықтарды орналастырады.Орналастырып болғаннан кейін балаларға сұрақ қояды.
For example:
Teacher: Where was the bear?
Pupile: The bear was on the chair.
Teacher: Where was the bear?
Pupile: The bear was in the box.
Teacher: Where was the bear?
Pupile: The bear was under the table.
3.Мын тор көздегі бес сын есімді тап.
Ойынның мақсаты оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексеру өткен жаңа
сөздер бойынша.
C W T X T
L T A O L
E O L D O
V M L B N
E R B I G
R S O C A






Clever, big, old, toll, long.
Рөлдік ойындар
1. Ойыншық дүкенінде.(Toys shop).
Ойын барысында екі оқушы шығады,біреуі сатушы екіншісі сатып алушы. Сатып алушы: Good morning.Give me the brown horse please. Сатушы: Oh,where is my brown horse,I wonder?
Сатып алушы:Oh,here it is.Take it,please.
Сатушы: Thank you,Good bye.
Сатып алушы:Bye, Bye 2. Ойлан да тап.
Сабақтың алдында балаларға көрсетпей қоянды сумкаға жасырып қою керек.
Мұғалім:Балалар мұғалім жасырған ойыншықты табу керек. Оқушы: Is it a bear? (a crocodile, a tiger, a lion, a frog, a fox, an elephant, etc).
Мұғалім: What colour is it ?
Оқушы: Is the hare on the tablet? (on the box ,in the box,near the chair,etc).
Cонда балалар ойыншықтың атауын тапқанда мұғалім сумкадан шығарып көрсету
керек.
Осындай әр түрлі ойындарға байланысты мынандай сабақ түрі өткізілді.
Theme: What do you want to be?
Aims and objectives:to enable pupils to speak about their future occupation by asking
« What do you want to be? Do you want to be a….? What does he/she want to be ?»
- to develop pupils communication habits ands skills,
- to develop pupils interest in Great Britain and its culture.
Methods:pair work,class work games.
Materials and visual aids:pictures of the occupation,a diagram.
Procedure of the lesson.
1.Organization moment.Greeting. Warm up.
T: What season is it now?
What month is it now?
What day is it today? Whose birthday is it today
P: Ainur answer, It is Bolat’s birthday today.
T:Let’s wish Bolat a happy birthday and sing song to him.
Children sing "Happy birthday to you” in chorus.
2.Introduction of the vocabulary.
Class work.Children repeat the new words after the teacher: A teacher, a driver, a lowyer, a doctor, a bank manager, a worker, a housewife, a secretary.
Pair work.Children look at the pictures and answer the questions.
A1: Who is this?
A2: This is a doctor.
A3.Who is this?
A4: This is a driver,etc.
Dictation.Teacher reads the names of jobs and pupils check themselves.
3.Presentation of the new structure "What do you want to be?”
Let’s play a game "Who knows more jobs?”
The name is good to revise vocabulary for occupations and help pupils to answer the questions "What to you want to be?” Teacher divides the class into two groups and ask the question "What do you want to be?” Pupils of each group write the answtr on the board and read them.The answers of the first group are marked with red or a tick, the answers of the second group are marked with blue or a cross. The winner is the group which writers quicker and more answers.
For example:
a lawyer
a doctor
I want to be… a teacher
a driver
a dentist

4.Pronunsiaton.
Pupils practice the pronunsiation of the question and the answers in chorus and individually.
5.Consolidation. Pupils close there eyesand write in the air with their fingers what they want to be in the future.Callery work.Pupils write on the paper what they want to be.After their papers are checked they stick them on the wall and compare their ideas.
6.Conclusion.Home work.Assessment.
Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму бағытын байқау мақсатында олардың оқуға ынтасын арттыру үшін шет тілі сабақтарында 2-3-4-5-6 сыныптар арасында ойын түрлерін сабаққа енгізген өте тиімді.Оқушылардың ойлау қабілетімен тілдік қарым-қатынастары жақсарады,пәнге деген қызығушылықтары артады.Келешекте оқушыларды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде алатын орны зор.Оқушылардың ойын сабақтарына деген қызығушылығымен көзқарасын білу үшін мынандай сауалнама жургіздім.
Сауалнама
№ Сұрақтар мен жауаптар
Процент

1. Мен шет тілін мектеп бағдарламасында болғандықтан оқимын.
а) ия. б) жоқ. в)білмеймін. 40 % 55% 5%
2. Пәнге деген қызығушылығыңыз қалай? а) жоғары. б)орташа. б)төмен.
45% 45% 10%
3. Сабақ үстіндегі көңіл күйіңіз? а)мазасыз. б) бір қалыпты. в)жақсы.
2% 91% 7%
4. Сабақты жүргізу жылдамдық темпі өте аз. а)баяу. б)орташа. в)өте тез.
10% 55% 35%
5. Мен сабақта мұғалімнің түсіндіргенінен жаңа ақпарат аламын. а) толық. б) орташа. в)ештеңе алмаймын.
79% 18% 3%
6. Маған сабақ ойын түрінде өткен ұнайды. а)ия. б)жоқ. в)кейде.
84% 5% 11%
7. Маған сабақ топпен жұмыс түрінде өткен ұнайды. а)рольде ойнау. б)топпен жұмыс. в)сен маған,мен саған.
21% 48% 31%
8. Ойын сабағында топ басшы болғың келе ма? а)ия. б)жоқ. в)кейде
52% 25% 23%
9. Ойын сабағындағы белсенділігің қалай? а)баяу. б)орташа. в)өте тез.
28% 30% 42%
10. Ойын сабақтары несімен қызықты? а) ұғынықты өтеді б)қызықты өтеді. в)бәрі бір.
62% 36% 2%







Қолданылған әдебиеттер:
1.Ағылшын тілі мектепте журналы 2013 ж.
2.Қазақстан мектебі 2014 ж.
3.Плигин А.А. Личносто ориентированное образованное 2009.
4.Максименко И. Плигин А.А. Обучение английскому языку 2011.







Автор: Жансая | 30-04-2015, 23:30
Қарау саны: 2349
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :