Ойнаймыз да, ойлаймыз » Қазақша білім сайты
Жарнама



Ойнаймыз да, ойлаймыз

Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Сарыобалы ауылы

№34 негізгі орта мектеп

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ташибаева Мадина Биржановна

Тақырыбы: Ойнаймыз да, ойлаймыз!

Сабақтың мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін, спецификалық дыбыстарды айта білу қабілеттерін дамыту. КВН ойыны арқылы балалардың үйренген, алған білімдерін жарыс сайысы түрінде жеткізу. Сабақта қолданылатын көрнекіліктер арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс тәсілі: КВН ойыны

Көрнекілігі: слайд, суреттер, таратпа материалдар.

Сабақ барысы: Greeting

Мұғалім: Now lets begin our lessons. Балалар, біздің сабағымыз күндегіден ерекше, өйткені біз КВН ойыны арқылы сайысқа түсеміз. Let’s divide into two groups. Апталық модуліміз бау-бақша болғандықтан 1–vegetables, 2- fruit деп екі топқа бөлінеміз.

-Қане, кім айтады Vegetables, Fruit деген сөздер қалай аударылады? (көкөністер мен жемістер)

М: Балалар бізге біреулер келе жетқан секілді.

(музыка әуенімен мысық және екі тышқан келеді. Тышқандар мысықты тартқылайды, ал мысық өлең айтады. Тышқандар билеп жүріп мысықты алдап байлап тастайды. Мысық бұдан әрі тиіспейтінің айтып жалынып дос болуға шақырады.)

Мысық: Балалар мен және мына екі тышқан сендердің ойындарыңа қатысып ағылшын тілін үйренуге келдік.

Балалар амандасады.

М: Жарайды мысық. Біз келісеміз. Балалар ойын көптеген тапсырмалардан тұрады. Біз мына жемістер мен көкеністердің астындағы тапсырмаларды орындауымыз керек.

4-сынып ән: көкөністер.

Алма: сұрақтарға жауап беру.

Қияр: түстерді ата

Жүзім: көкөніс пен жемістерді ата

Сәбіз: Қане, санайық

Алмұрт: Жанұя мүшелерін ата

Қызанақ :Мамандық аттарын ата

Картоп:Грамматикалық тапсырма

Банан:Ән салайық.

М: Ал,енді балалар, ойынымызды бастамас бұрын тілімізді жаттықтырып алайық, мен сендерге қазір өлең айтамын. (балаларға оқыту, тілдік жаттығу жасату).

М: алма жемісінің астында жасырылған қандай тапсырма екен. Алма жемісінің тапсырмасы сұраққа жауап беру.

Дайынбыз ба? Answer the questions.

How are you?

What’s your name? my name is…

How old are you? I’m six

Who are you? I am a girl, I’m a boy.

Where do you live? I live in Astana

What season is it now? It is winter

How many seasons are there in the year? 4 seasons.

How many days are there in the week? 7 days in a week.

What day is it today? Today is Thursday.

What season is after spring? It is summer.

М: жақсы, енді алманың тапсырмаларына ең көп жауап берген топқа мына жұлдызшаларды саламын.

2.М: балалар енді екінші тапсырмамызға көшеміз. Қиярдың тапсырмасы: Түстерді ата. Name colours.

М: қиярдың тапсырмаларына ең көп жауап берген топқа жұлдызшаларды салу.

3. М: үшінші сайысымыз жүзімнің тапсырмасы. Name Vegetables, Fruit. Көкеністер (сурет арқылы), жемістерді көрсетіп айту.: a carrot, an apple, a potato, a pear, a cabbage, an orange, a cucumber, a lemon, a tomato, a banana

Тапсырманы қай топ жақсы орындаса, сол топтың жұлдызшаларын салып қояйық.

4. М: ал, балалар біз алдыға жылжып келеміз, енді сәбіздің тапсырмасын шешейік. Let’s count.1-10-ға дейін. 10-30 ға дейін, 30-50ге дейін. Және кері санау.

Жұлдызшаларды салу.

М: балалар сайысымыз әлі алда дем алып алайық.let’s do phonetic exercise.

Жаттығу:

Орнымыздан тұрамыз

Масаның әнің салайық [з]

Жел соғады [y]

Қолымызды жылытайық [h]

5.М. алмұрттың тапсырмасын көрейік: name members of the family. Жанұя мүшелерін ата. Слайд бойынша отбасы мүшелерін көрсетіп сұрау. I have got структурасы бойынша сөйлем құрау.

6. қызанақтың тапсырмасы-name professions. Мамандық аттарын ата. Кестені толтыру.

A teacher, a hairdresser, a driver, a doctor, an artist, a cook

7. картоптың тапсырмасы. Грамматикалық тапсырма. Grammar task.

Plate, rose, tree, this is a bag, that is a bag.

8.м: банан тапсырмасы, ән салайық. Ал қанекей достар қосылып ән шырқайық.

М: ал енді , балалар, біздің екі тобымыз қандай жетістіктерге жетті. Көкөністер мен жемістердің қайсысы сұрақтарға дұрыс жауап берді.

Міне балалар біз бүгін өз білімімізді көрсеттік. Ал енді, алдада білімдерінді шыңдай беріндер.Ең көп ұпай жинаған топты марапаттау.

 

 

Автор: dauke | 23-02-2016, 22:38
Қарау саны: 1077
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :