» » » ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ МЕН АТА – АНАНЫҢ БІРЛЕСКЕН ІС – ӘРЕКЕТІ


ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ МЕН АТА – АНАНЫҢ БІРЛЕСКЕН ІС – ӘРЕКЕТІ

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Байсын ауылы
№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Абиева Сандуғаш Ажимановна

ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ МЕН АТА – АНАНЫҢ БІРЛЕСКЕН ІС – ӘРЕКЕТІ

Қазіргі кезде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасып, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс. Балаға тәлім-тәрбие бергенде мектеп, ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана жарасымдылық болады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б. қасиеттеріне байланысты . Халық «Отан – отбасынан басталады» , «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегенді тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталды.
Егер әрбір ұстаз, сынып жетекшісі ата-аналармен жұмыс жүргізсе, барлық ата-аналармен жұмыс жүргізсе, барлық ата-ана өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі байқалады.
Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін жүзеге асыру-педагогикалық ұжымның басты міндеті.
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да, бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді.сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-туған ұясы, отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «баланың бас ұстазы-ата-анасы»деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі »- десе, Жан-Жак Руссо «Бала ртуғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәбиеленеді» деген екен. Сонымен бірге «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер», немесе «Қабілетсіз бала болмайды, қабілеті ашылмай қалған бала болады» деген.
Бұл орайда ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп. Мұғалім әр оқушыға және оның ата-анасына ықыласпен көңіл бөлгенде, байланысты дұрыс ұйымдастырғанда , жанұяның әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі ерекшеліктерін терең түсінгенде ғана бұл міндеттерді шешу мүмкіндігі туындайды.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
Оқу жылы басында, оқу тоқсаны қорытындысы бойынша тұрақты ата-аналар жиналысын өткізу:
-ата-аналар жиналысында оқу-тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы есеп беруді ұйымдастыру:
Оқушының ата-анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін үйлеріне бару, баланың неге қызығатынын анықтау;
Хат арқылы пікірін байқау, сұраққа жауап алу:
Ата-аналар комитетімен тығыз байланыста болып, есебін тыңдау, бағыт беру:
Ата-аналарды жалпы мектепте өтетін іс-шараларға(спорттық, отбасылық сайыстар) белсене қатыстыру, белсенді ата-аналарды үлгі-өнеге ету:
Ата-аналарға педагогикалық тақырыптпрдағы әңгіме, баяндамалар оқып түрлі әдебиет, басылымдардан қажетті ұсыныс-пікірлер оқуды тапсыру, пікір алмасу. Осы орайда айтар болсам, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысын өткізу әр сыныптан сайланған ата-аналар комитетінің төрайымдарына тапсырылған болатын .Сонда байқағанымыз әр бір ата-аналар жиналысын жақсы өткізу үшін ата-аналар тарапынан қызығушылықтар болып, түрлі тақырыпта баяндамалар, пікірталастар ұйымдастырып, мектеп психологы өткізген тренингтерге белсене қатысып, жиналысқа келуші ата-аналар саны артқанына көз жеткіздік .
Ұстаздар мен ата-аналардың өзара қатынасының функциялары:
- Тәрбиелеушілік-дамытушылық;
- Қалыптастырушылық;
- Бақылаушылық;
- Тұрмыстық;
- Хабарламалық;
Міндеттері:
- Ата-аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру;
- ата-аналарды педагогикалық білім-білікпен қаруландыру;
- ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасының формалары
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары:
*ата-аналар жиналысы,
*жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар;
*ұстаздың жеке ақыл-кеңесі, әңгімесі;
*оқушылардың үйін аралау,
*ата-аналар университеті,
*ашық есік күні.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары:
*тақырыптық ақыл-кеңес, әңгіме;
*ата-аналар оқуы;
*ата-аналар кеші;
*ата-аналар тренингі.
Ата-аналарға кеңес берудің тақырыптық мысалдары:
- Бала оқығысы келмейді. Оған қалай көмектесу керек?
- Баланың есте сақтау қабілеті нашар. Қалай дамыту қажет?
- Жанұядағы жалғыз бала. Тәрбиелеудегі қиыншылықтарды бөлісу жолдары.
- Балаларды жазалаудың қандай жолдары бар?
- Жанұядағы түсінбеушілік және дөрекілік.










Ұстаздың ата – анамен жұмысының мазмұны негізгі үш бөліктен тұрады


- Педагогикалық білім беру университеті
- Дәріс беру, семинар практикумдар
- Конференция
- Ашық сабақтар, сыныптық іс - шаралар
- Ата-ана жиналысы
- Үйірме, отау, секция, біріккен шығармашылық істер
- Қамқорлыққа алу
- Материалдық-техникалық жағдайын
- Мектеп кеңесі
- Қоғамдық бақылау комитеті
- Сынып кеңесі, сыныптағы ата-аналар комитеті



Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер ұрпаққа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстауымыз жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Айтмағанбетова Б.Р, Басенбаева А.А «Тәрбиенің әдістері» А,1991 ж
2. Жарықбаев Қ, Қалиев Қ. «Қазақ тәлім - тәрбиесі» А, 1995 ж
3. «Сынып жетекшісі» журналы, 2004, №4
Автор: roza | 29-04-2015, 15:35
Қарау саны: 1209
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :