» » » Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы


Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Алматы облысы Панфилов ауданы "Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекттік мекемесі

Бимурзанова Кулгайша Бейсенбековна- тарих пәнінің мұғалімі

Мақсаты: Оқушыларға Қазақ жерінде Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру. Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжанжылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:әңгімелеу,дамытушылық, топпен жұмыс істеу, АКТ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, интернет мәліметтері

Пәнаралық байланыс:Дүние жүзі тарихы, география.

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру:сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал туғызу.

Мақсат қою:Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

Оқушыларды үш топқа бөлу.

1-топ: Барунгар.

2-топ: Жоңғар.

3-топ: Кул.

Әр топ өз топ басшысын сайлайды.

Жаңа сабақ:

Қазақ елінің ол шетімен, бұл шетіне қарасаң көз жетпейтін ұлан-ғайыр, кең байтақ, шұрайлы жерлеріне кім көз тікпеді десеңізші. Солардың бірі-Монғол империясы.

Монғол империясының негізін қалаған-Шыңғыс хан (Темүжін). 1155(1162)-1227 жылдары Кендітау аймағындағы, Онон өзенінің бойында Болдоң деген жерде жерде дүниеге келген. Әкесі- Есугей баһадүр. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.

1-тапсырма : Оқулықпен жұмыс:

1-топ: Монғол империясының құрылуы және қоғамдық құрылысы.

2-топ:Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

3-топ: Монғол шапқыншылықтарының зардаптары, ұлыстардың құрылуы.

(Оқушылар тақырыпшаларды оқып, түсіндірме жұмысын жүргізеді).

2-тапсырма:

1-топ : Монғол империясының мемлекеттік құрылымы.

95 түмен 10 мың әскер Түменбасы

Мыңдық 1000 әскер Мыңбасы

Жүздік 100 әскер Жүзбасы

Ондық 10 әскер Онбасы

2-топ: Кесте толтыру: «Оқиғалар ізімен».

1207-1208ж

 

1207-1209ж

 

1211-1215ж

 

1217ж

 

1218ж

 

1219ж

 

1219-1220ж

 

 

3-топ: Кесте толтыру-«Ұлыстардың құрылуы».

Ұлыстар

Территориясы

Жошы

 

Шағатай

 

Үгедей

 

Төле

 

 

3-тапсырма- Термин сөздермен жұмыс:

Жасақ –

Құрылтай –

Барунгар –

Кул –

Мыңбасы –

Жүз –

Хан –

Ұлыс –

Түсінгенін тексеру:

4-тапсырма:«Жіңішке және жуан сұрақтар».

Мемлекет негізін қалаған кім? (Шыңғыс хан)

Өкімет билігінің жоғарғы органы : (Құрылтай)

Құрылтай жылына неше рет шақырылды? (1 рет)

Мемлекеттің негізгі заңы: (Жасақ)

Мемлекет астанасы: (Қарақорым)

Шыңғысханды қорғайтын жасауыл: (Кешіктен)

Құрылтайда қаралатын мәселе: (Алдағы болатын соғыс жоспары)

5-тапсырма: Проблемалық сұрақтар:

1-топ: Жаулап алу зардаптары қандай болды?

Жауап: Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі 13-14 ғасырларда 20 жуық елді-мекендер қалған; Баласағұнқаласының қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен; Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды; Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды; Қазақ халқы қалыптасуның аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді; Мәдениетің дамуына кедергі болды.

2-топ: Шыңғысхан не себептен соғыс пен жаулаушылықтар жолына түсті?

Жауап: Көшпелі ақ сүйектердің талабын орындау үшін, дүние жүзіне атын шығару үшін, билік үшін тартыстарды тоқтату үшін, әлем билеушісі болғысы келді.

3-топ: Монғолдардың соғыстарда жеңуіне нелер себеп боды?

Жауап: Қатаң әскери тәртіп, әскери басшылыққа ержүрек, батыл адамдарды тағайындау, шапшаң және шешуші қимылдар жасау, басқа халықтардың әскери тәжірибесін пайдалану, әскери тактиканың мықтылығы.

Жалпы сұрақ:

Егер монғол шапқыншылығы осынша зиянын тигізбегенде, қазір қандай ел болатын едік деп ойлайсыңдар?

Бекіту кезеңі:

«Монғол» сөзжұмбағын шешу.

 

 

 

 

 

М

 

 

 

 

 

 

 

О

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

 

 

Ғ

 

 

 

 

О

 

 

 

 

 

 

 

 

Л

 

 

 

 

 

 

 

1.Шыңғысханның шын есімі

2.Шыңғысханның үлкен ұлы

3.Монғолиядағы өзен

4.Ру аты

5.Қаһарман қала

6.Батый құрған мемлекет

 

Топ басшылары тобындағы оқушыларды бағалайды.

 Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Контур картамен жұмыс.

 Кері байланыс:стикер тарқатылады. Оқушылар өз ойларын жазады.

 Бағалау:


 

Автор: dauke | 5-02-2016, 22:56
Қарау саны: 1268
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :