«Бинго» зияткерлік ойыны » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » «Бинго» зияткерлік ойыны


«Бинго» зияткерлік ойыны

«Бинго» зияткерлік ойыны

 

Мақсаты: Қазақстан Респубикасы Тәуелсіздік күніне орай оқушыларды отансүйгіштікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелей отырып, білімді оқушыларды анықтау, білімділікке, тапқырлық, ізденімпаздыққа баулу.

Ойынның шарты:

Ойынға 3 команда қатысады. Әр команда жеке орындарға орналастырылады. Сыныптың ортасына табло орналастырылады. Таблоға 3 қатардан, 3 түсті (сары, қызыл, көк) әр түрлі сандар Б әрпі жазылып ілінеді.

Ойынды жүргізуші лотороннан номерленген шарды алып шығу арқылы сұрақ қояды. Сұрақ оқылып болған соң ГОНГ ойналады. Гонг ойналғаннан кейін, қай команда бірінші болып жалаушаны көтерсе, сол команда жауап береді.

Әр команданың өз түстері болады, (сары, қызыл, көк) жинаған ұпайлары сол команданның түсімен жабылып отырылады. Егер ГОНГ ойналып жатқан кезде жалауды асығыс көтеріп қалса, жауап қабылданбай «фальстрат» болады. Сондықтан мұқият болған дұрыс. Ал, егер де жалауды бірнеше командалар бір уақытта көтеріп жауаптары дұрыс болса, барлығына да ұпай беріледі. Ойын таблоның барлық сандары жабылып біткен соң аяқталады.

Бірінші қатардың сұрақтары: І деңгейлі – 10 ұпай, егер БИНГО түссе – 20 ұпай

Екінші қатардың сұрақтары: ІІ деңгейлі – 20 ұпай, егер БИНГО түссе – 30 ұпай

Үшінші қатардың сұрақтары: ІІІ деңгейлі – 30 ұпай, егер БИНГО түссе – 40 ұпай

Ойынның барысы:

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш. Уалиханов.

Жүргізуші сөзі:

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні де өз басым шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың

Іргетассыз қаланбайды ертеңі

Құрметті көрермендер, ойынға қатысушы командаларды зор қошеметпен ортаға шақырайық.

(командалар орындарына жайғасады)

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Осы бір құдіретті сөздің теңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата- бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз. Олай болса, өткенімізді еске түсіріп болашаққа нық қадаммен басайық, қымбатты жас өркендер!

Табло

 

10 ұпайдың сандары

14

9

21

16

3

18

12

Б

7

5

20 ұпайдың сандары

11

23

2

25

19

6

Б

27

15

4

30 ұпайдың сандары

22

13

8

24

Б

17

1

20

26

10

 

Олай болса ойынымызды бастайық:

10 ұпайдың сұрақтары:

14 саны – «Тіл туралы Заң» қашан қабылданды? 1997 ж.

9 саны – Еліміз жер көлемі бойынша нешінші орында? 9

21 саны – Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн: 1995 ж 30 – тамыз

16 саны – Қазақстанның ең биік нүктесі: Хантәңірі шыны

3 саны – Қазақстанның алғашқы астанасы: Орынбор қаласы

18 саны – мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? 1992 ж. 4-маусым

12 саны – Елбасының мамандығы: инженер металлург

Б –Болдым ғашық туған дала мен саған,

Асыл жүрсем арманым сен аңсаған Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың

Өз Отаным – өзім туған босағам. Өлең жолдарының авторы кім? Қ. Аманжолов

7 саны – Қазақ жастары тоталитарық режимге ашық қарсылық көрсеткен күн: 1986 ж. 16- желтоқсан

5 саны –1995 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланған мерейтой: Абайдың 150 жылдығы

20 ұпайдың сұрақтары:

11 саны – Елбасының халыққа Жолдауы қай жылдардан басталды? 1997 жылдан

23 саны – Тәуелсіздік тақырыбына өлең оқу

2 саны –Азиада алауы әнінің авторлары: Өтеген Оралбаев, Ескендір Хасанғалиев

25 саны - Еліміздің жер көлемі 2,724 шаршы шақырым

19 саны – «Оғыздар 24 тайпадан тұрған деп» жазған кім? М. Қашқари

6 саны – 2004 жылы Афиныдағы ХХҮІІІ жазғы Олимпиада ойындарында алтын алған чемпион: Бақтияр Артаев

Б- Қазақстанда неше қорық бар? 9

27 саны – Қазақстанның жаңа әнұраны қашан қабылданды? 2006 ж. 6- қантар

15 саны – Байқоңыр ғарыш алаңы қайда орналасқан? Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

4 саны – Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы 97 метр, ол нені білдіреді: Алматыдан Астанаға көшкен жыл

 

30 ұпайдың сұрақтары:

22 саны- Қазақ елі монументі қанша метр. Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? 91 метр, 205 тонна

13 саны – Белгілі бір халықты білдіретін ұғым: Этнос

8 саны –2000 жыл Қазақ тарихында қандай жыл болды? «Мәдениетті қолдау жылы»

24 саны – Елбасының «Сындарлы он жыл» еңбегі қай жылы жарық көрді? 2003 жылы

Б – Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс қашан болды? 1783-1797

17 саны – Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? Президент қол қойғанннан кейін

1 саны – Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қашан болды? 1773-1775

20 саны – Елтаңбаны зерттейтін ғылым. Геральдина

26 саны – Теңге, ақшаны, көне тиындарды зерттейтін ғылым. Нумизматика

10 саны – Елімізде қанша этнос бар: 140 этнос

Қорытынды: Жеңімпаз команда ұпай сандары арқылы анықталады-

 

Жүргізуші сөзі:

«Ата – Бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздік алдық. Негізгі мәселе соны ертеңге, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіндер. Әрқасысыңның жүргің елім деп соғады, олай болса, елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін халқың үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз.

Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар

 

Тусупбекова Маржан Оралхановна

Тарих пәнінің мұғалімі

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы,

Сарыобалы ауылы

№34 негізгі орта мектеп

 

Автор: dauke | 20-02-2016, 23:16
Қарау саны: 885
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :