» » » Музыкалық аспаптармен таныстыру


Музыкалық аспаптармен таныстыру

Ән-күй жетекшісі Дауылбаева Ж.Е
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспаптармен таныстыру.
Сабақтың мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптармен таныстыру, танымдық әрекетін дамыту, домбыраға жеке тоқталып өту. Шығармашылық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен ұштастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың халық мұрасын танып бейнелеп, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Домбыраны дұрыс жазықтықта бейнелеуді қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: домбырының үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылырдың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру. Балалар шаттық шеңберді құрады:
Кел, балалар күлейік.
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
(бір-бірлеріне күлкі сыйлау, күлімдесу)
Қонақтармен амандасу:
Сәлеметсіздер ме қонақтар, апайлар!
Тәрбиеші: Балалар біз мына танымдық бұрышындағы,бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша іс жүргізейік.
- Қараңдаршы балалар, әр түрлі музыкалық аспаптар бар екен. Қане, аттарын атап көрейікші.
- Мынау не? (барлық аспаптарды көрсету арқылы)
- Металафон, домбыра,синафлон, сылдырмақ, барабан
- Бұл аспаптар не үшін қажет?
- Музыкалық дыбыстар шығару үшін, ән салу үшін, билеу үшін, көңіл көтеру үшін т.с.с. (балалардың жауабы)
- Қазақтың ұлттық аспабы қалай аталады?
- Домбыра
- Ал домбыра не үшін қажет екенін айтыңдаршы?
- Ән салу үшін, күй тартады. Билеу үшін т.с.с.
- Балалар бұл домбыра ойығы бар,ешкінің ішегінен жасалған екен.(қысқаша мәлімет беру.)
Сөздік жұмыс:
«Домбыра» - буынға бөліп айту.
Ал енді бздің балалар домбыраның кереметтілігі туралы тақпақтар жаттап келіпті.
Бейбарыс
Домбыра тілегімді қуаттасаң, Үніңе үзіле бір құлақ тосам Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң, Бойдағы қуатыма қуат қосам,
Гүлназ
Қос ішек толқынды өзен, сұлу арна, (Екпіндеп еркін аққын, тұрып қалма). Мен білсем, домбыра сен – махаббатсың, Махаббат тіршілікте суынар ма?
Диас
Өзіңсің жанарымның жанған нұры, Дей қоймас әлдекімдер жалған мұны. Жасырман, мұң шағамын саған ғана, Көңілім біреулерге қалған күні.
Сымбат Әдемі сенде әуен бар сезінгенге, (Менің де оны ұқпаған кезім кем бе?!) Үніңе құлақ тосам құлап түсіп,
Тірліктің у-шуынан безінгенде.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге бір-екі жұмбақ айтып жіберейінші.
1.Дауысы бар, жаны жоқ,
Шетсең күйі әні көп.
Құлағын он бұра
Ол не? (домбыра)
2.Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған. (барабан)
3.Құлағынан ұстап,ішінен қыттықтайсын.(домбыра)
Тәрбиеші: Балалар мына жерде неше аспап тұрғанын санайықшы: бір, екі, үш, төрт, бес.
Тәрбиеші: Енді балалар біз шығармашылық топтарға бөлінеміз. Өздеріңнің қалаған фисикаларды алып, әр топқа бөлініп отыра қалайық!
Домбырамен күй ойнап тұрады.
«Сарыарқа» күйі
1-топ: Сурет «Домбыра» салу
2-топ: Құрастыру «Домбыра»
3-топ: Мүсіндеу «Домбыра»
Топтарды ауыстырып жұмыс жүргізу.
Ал енді бүгінгі сабағымызға қыздарымызбен ұлдарымыздың дайындап келген өнерлерін тамашалайық.

1.Шығыс биі
2.Шуылдақ оркестор

Ойын ұйымдастыру.
«Даусын естіп, атын тап»

Балаларды мадақтап, сыйлықтар беру. Осымен біз бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.
Автор: dauke | 20-03-2015, 19:20
Қарау саны: 1659
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :