Аналардың қолы –алтын » Қазақша білім сайты
Жарнама



Аналардың қолы –алтын

«Балбөбек» бөбекжай балабақшасының ортаңғы тобының тәрбиешісі Джанбусинова Айнаш Жылқыбайқызы Атырау облысы Макат кенті. «Аналардың қолы –алтын» аналар арасында байқау

Мақсаты:Балалар бойында анасына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, анасын құрметтеуге, мақтан тұтуға , жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ынталандыру . Балабақша өмірімен отбасы байланысын нығайту, ата-ананың бала тәрбиесіне деген көз қарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата-ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезім қалыптастыру. ата-аналардың басын қосып байқау ұйымдастыру:

Жүрісі:Армысыздар, құрметті әріптестер, ата-аналар. Бүгінгі балабақшада «Балауса » тобы аналарының арасында ұйымдастырылып отырғант «Аналардың қолы -алтын » сайысымызға қош келдіңіздер.

Баланың басты ұстазы ата-ана! Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.

Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Әке отбасы тірегі, қамқоршысы.

Ана-отбасына береке әкеліп бақытқа бөлейді.

Бүкіл әлем ата-ананың нұрынан,

Сәлем алып болашаққа жол салған.

Отбасылар бақытын ойлап толғанамын,

Сырын ашып көрерменге жол саламын

Асқар тауы –сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.

Жасыл құрақ-келешегі баласы,

Олар бірге болады мықты отбасы.

Олай болса бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған үміткерлерді ортаға шақырамыз. /сазды әуенмен аналар ортаға шығады/

Отбасынан өнегелі тәлім алған

Өнерлілер талай елді таң қалдырған,

жыр жырлап, ән салып би билесе

Ешкімнен қалыспаймыз бізде енді-деп,

ортамызға үкілі үміттерімен келген аналарға қош келдіңіздер демекпіз. Отбасылық сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлердің өнерін бағалап, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (сазды әуен)

Әділ қазы алқасымен таныстырады.

Бүгінгі сайысының ең жоғарғы саны 5 балдық жүйемен бағаланады. Алдымен сайысқа қатысушы отбасыларды сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

 1. Таныстыру

2. Өнерпаз болсаң арқалан (өз бойындағы өнерлерін ортаға салу)

3. Шаштараздар ( қыз балалардың шашын сәндеу )

4 Дәм –думан ( салаттар жасау)

5. Шебердің қолы алтын ( қол өнер бұйымдары) үй тапсырмасы

6 Шебер тігінші ( киім үлгісін көрсету )

7. Қорытындылау

8. Марапаттау

Әр ана реттік номерді алып, сайыс шарттарына дайын болуларыңыз сұралады.

Таңдаған реттік номермен

Шақырайық ортаға.

Олай болса кезекпен

Таныстырсын өздерін –деп, аналарымызды ортаға шақырамыз.

1-бөлім Таныстыру.

Бүгінгі сайыскерлер бәйге алуға

Тамсандырып қызықты ән салыпты

Отбасылар аянбай ән салыпты

Кәнекей көрейік өнері бар екен қаншалықты-деп,

2-бөлім «Өнерпаз болсаң арқалаң»деп, таңдаған номерлеріңізге байланысты өз өнерлерін ортаға салады.

 3-бөлім. «Шаштараз аналар»

Әрбір ана-өз баласының сүйікті досы, қамқоршысы, ақтанышы. Ана—адамзат мекен еткен жершарының әр түкпірінде , әр үйде мейірім мен мерейдің , достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Олай болса келсесі сайысымызды бастайық

4-бөлім . «Дәм думан»

«Ас-қадірін білмеген аштан өлер, Ат қадірін білмеген жаяу қалар» демекші келесі сайысымыз «Дәм-думан» деп аталады. Аналарымыздың алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға салат даярлау. ( салатқа ат қойып, жасалуы туралы түсінік беру керек)

5-бөлім. Сайысымыздың келесі шарты «Шебердің қолы алтын» үйге тапсырма қол өнер бұйымдарының тақырыбын, мақсатын түсіндіріп айтып беру. «Жетелі өнер сүйікті еңбектенер , өмір жолы өшпестей өрнектелер» деп аналарымызға тапсырманы орындауға рұқсат берміз. Аналарымызға сәттілік тілейік.

6- бөлім. Келесі бөліміміз «Шебер тігінші » деп аталады.

Бұл бөлімде аналарымыз балаларына өздері дайындаған киім үлгісін кигізіп сән үлгісін көрсетеді.

Болады ана аты затына сай,

Ниет еткен болуға өнерге бай.

Артық болмас үйреніп , жиренгенде,

Бос қалып бұл өмірде жүрмеуге жай- деп аналарымызды өз қолдарынан туындаған сәндік киім үлгісмен балаларымен ортаға шақырамыз.

Ендігі кезекте қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына берейік.

Әділ қазылар шешімі.

Сайыс қорытындысы .

МАРАПАТТАУ:

1.«Қолы алтын –ана»

2.«Өнерлі ана»

3.«Шебер ана»

4.«Аспаз ана»

Осымен бүгінгі сайысқа қатысушыүміткерлер, Сіздерге айтарымыз қасиетті жеріміздің, еліміздің салт-дәстүрін, үлгі өнегесін өз ұрпақтарымыздың бойына сіңіре білетін және балалар жүрегіне жол таба білетін әдепті де әдемі, білімді де білікті ата-ана болыңыздар демекпіз.

Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Автор: dauke | 8-11-2016, 19:29
Қарау саны: 132
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :