Құрылысшы » Қазақша білім сайты
Жарнама



Құрылысшы

Атырау облысы Мақат кенті «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының

тәрбиешісі Табылганова Тазагул Лаевна

Сюжетті-рөлдік ойын : «Құрылысшы»

Ойынның мақсаты: Балалардың сюжетті – рөлді ойындарға деген қызығушылығын арттыруға, ойын жағдайын құруға көмектесу. Сөздік қорын молайтып, дыбыстарды дұрыс айтуын бекіту. Ойын арқылы құрылысшы мамандығымен таныстыра отырып құрылыс жүретін жердегі материалдармен танысып, онымен әр түрлі әрекет жасауын қалыптастыру. Мамандықар «шаштараз, дүкенші, дәрігер т.б » туралы алған білімдерін бекіту. Ойын арқылы ұжымдық, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Ойын көрнекілігі: Құрылыс жоспары; Түрлі құрылыс материалдары.
Аспаптар : бас киім, ойыншық қалақтар , шелектер т.б.

Іс-әрекет кезеңдері : Тәрбиеші әрекеті : Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық– қозғаушылық
Шаттық шеңбері

Шуақ шашып ,алтын таңда
Мөлдір таза ауада
Табиғаттың бәрі оянды
Оян сен де бар бала
Қайырлы таң саған да,
Қайырлы таң маған да.
Әңгімелесу.
Балалар сендер балабақшада болғанда аналарың,әкелерің қайда болады?
Ал сендер білесіңдер ме,сендердің әкелерің мен аналарың қайда және кім болып жұмыс жасайды?
Балалар дұрыс айтасыңдар , аналарың да әкелерің де жұмыс жасайды.
Қараңдаршы сенің анаң ауруханада дәрігер, сенің анаң шаштараз болып жасайды, ал сенің әкең жүргізуші болса, ал сенің анаң болса дүкенде дүкенші екен. Балалар осы ата – аналарыңның жұмыстарын мамандықтар дейміз.
Кәне, не дейміз?

Ұйымдастырушылық ізденіс
Тәрбиеші : Балалар дәрігер, шаштараз, дүкенші болу үшін біз үлкен болып өсуіміз керек. Мектепте оқып білім алуымыз керек, ал бүгін сендерге мамандықтар туралы көрсеткім келіп тұр. Қане, бәрімізбірге қарайық. (Слайд көрсетіледі.)

Есік қағылып топқа құрылысшы келіп кіреді. Құрылысшы : Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен құрылысшы ағаларың боламын. Мен сендер өскенде тұратын биік, биік зәулім үйлер саламын.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, ағай!

Біздің балалар бүгін әртүрлі мамандық иелерімен танысып, олар туралы білімдерін толықтырып отыр еді. Қош келдіңіз, жақсы келдіңіз, сізде өз мамандығыңыз туралы біздің балаларға әңгімелеп бересіз бе?

Құрылысшы: Жарайды. Құрылысшы мамандығы қиын да, пайдалы мамандық. Құрылысшы болу үшін білімді, еңбекті сүйетін, ештеңеден қорықпайтын ержүрек болу керек.

Тәрбиеші: Құрылысшы үйді, басқа да зәулім ғимараттарды қалай салады?
Құрылысшы: Құрылысшы үйді салу үшін құрылыс салатын орнын дайындап алады, іргетасын қалау керек, үйдің қабірғалары кірпіштен қаланады , терезесі мен есігі және шатыры болу керек және құрылыс алаңында қауіпті болғандықтан , қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтау қажет.

Тәрбиеші : Рахмет сізге , біздің балаларға құрылысшы мамандығы туралы мағұлматтар бергеніңізге.

Құрылысшы: Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші : Балалар, ендеше біз құрылысшы болып ойнап көреміз бе? Ойынның аты: «Жаңа балабақша тұрғызамыз»

Олай болса бірінші рөлдерге бөлініп, құрылысшы, жүргізуші, сәулетші, алаңды көгалдандырушылар болып ойнаймыз.

Сәулетші кеңседе отырады.

-Қалай ойлайсыңдар, жұмысты неден бастаймыз?

Балалар: бірінші сәулетшіні шақырайық, ол бізге балабақшаның құрылыс жобасын сызып берсін.

Бала : -Сәулетшіге телефон соғайық.

Балалардың диалог арқылы сөйлесуі.

-Сәлеметсізбе, бұл сәулет-құрылыс мекемесі ме екен?

-Сәлеметсізбе, иә бұл сәулет құрылыс мекемесі. Сізге қандай көмек керек?

-Біздер балабақшадан қабарласып тұрымыз .Сәулетшілеріңіз бізге жаңа балабақшаның құрылыс жобасын жасақтап береді ме екен?

-Жарайды, көмектесеміз. Мекен жайларыңызды айтасыздар ма?

- Біздің мекен жайымыз Мақат кенті,
67 бөлімше № 15 үй.

- Жарайды , қазір барамыз. ( сәулетшілер көлікпен балабақшаға келеді)

Тақтаға балабақшаның болашақ жобасын іліп, түсіндіреді.

Сәулетші:

-Балалар біздің жобамыз сізге ұнады ма?

- Иә ұнады, балабақшаны сіздің жобаңыз бойынша тұрғызамыз.

Тәрбиеші: Жақсы балалар біз балабақшаны тұрғызамыз.Ал балабақшаның айналасын кімдер көріктендіреді?

Қыздар:

-Біздер , көгалдандырушылар- деп балабақшаның ауласына қандай ағаштар отырғызу керек , қай жерге қандай гүлдер егу қажеттігін түсіндіреді.

Тәрбиеші :

- Жарайсыңдар көгалдандырушылар, біздер өз жұмыстарымызда бөлісіп алдық. Қане, енді жұмысқа кірісейік. Алдыме қауіпсіздік ережелерін ұмытпай, басымызға бас киімдерімізді киіп алайық.

Балалардың өзіндік жұмыстары. (ер балалар жүргізуші болып кірпіштерді , құрылысқа қажетті заттарды тасиды, кірпіштерді қалап, терезелерін орнатып, шатырларын орнатады, қыздар талдар , гүлдер отырғызып ауланы безендіреді)

 Қараңыздар, біздердің құрылысымыз да аяқталыпты, біздің жаңа балабақшамыз қандай сәулетті, әдемі.

-Қане, енді балабақшамыздың ашылуын өткізейік. Ол үшін жақсы жұмыс жасап, балабақшамыздың әдемі сәулетті болуына атсалысқан сәулетші, құрылысшы, көгалдандырушыдан бір-бір адамнан шақырып, балабақшамыздың ашылу салтанатын жасайық. (екі бала лентаның екі шетіне ұстап, бір бала лентаны кеседі)

Рефлекциялық-түзетушілік

Тәрбиеші:

- Балалар сендер бүгін ұйымщыл, ұқыпты , еңбекқор балалар болдыңдар. Біз не жасадық , кімдермен таныстық ?
Барлығы бірге тұрып ойынды өлеңмен аяқтайды.
Жақсылыққа , бақытқа
Талпынған әр уақытта.
Бала – біткен- дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз, бәріміз.

Балалар өздері жасаған жұмыстан алған әсерлерімен бөліседі

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: мамандықтар туралы білімдерін ойын арқылы көрсете білу

Меңгеру керек: Әр түрлі мамандық иелерінің атын, соның ішінде құрылысшы мамандығы жайлы жаңа сөздерді, олардың қандай жұмыс істейтіні туралы түсінікті меңгерту

Игеру керек: Мамандықтар туралы сөздік қорын молайту, ойын барысында достық, ұжымдық, татулық деген түсініктерді игерту

Ілмек сөздер: Құрылысшы, құрылыс
Автор: dauke | 8-11-2016, 21:15
Қарау саны: 1102
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :