Судың қасиеті » Қазақша білім сайты
Жарнама



Судың қасиеті

Атырау облысы Макат кенті «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Нармағамбетова Цияла Өтешқызы.

Ортаңғы «Гүлдер» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Оқыту білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Таным.

Оқыту түрі: Қоршаған ортамен таныстыру, экология

Тақырыбы: Судың қасиеті.

Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап,мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу,су, қант, тұз,гуашь бояулары, т.б.

Сөздік жұмыс: Судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз,қатты, сұйық,бу.

Алдын-ала жасалған жұмыс: Судың түрлі-түске бояп,оны тоңазытқышқа қатыру.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

 

 

 

 

 

-Ал енді балалар, барлығымыз екі топқа бөлініп көк түстілер көк түсті шеңберге, қызыл түсті шеңберге жайғасып отырайық.

Балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын!

-Табиғат дегеніміз не?

-Табиғат қандай болады?

-Тірі табиғатқа нелер жатады?

-Өлі табиғатқа ше?

Қане балалар, барлығымыз мына жұмбақты шешейік.

Жалт-жұлт еткен

Жылғадан өткен

Бұл не?

Аспаннан домалап

Көк моншақ төгілді.

Бұл не? (Жаңбыр)

 

Балалар шеңберге тұрып, қимылдар жасайды.

 

Самал жел бізді желдетші Күн нұры бізді жарқырат, Таза ауа дем берші Мөлдір су бізді салқындат.

 

Балалар көк және қызыл түсті дөңгелектерді алып екі топқа бөлініп отырады.

 

 

 

 

Бізді қоршаған орта.

 

Тірі және өлі.

 

Жануарлар, гүлдер, ағаштар.

Су, тас, күн, жаңбыр, қар. (Су)

 

 

(Жаңбыр)

Ұйымдастыру-ізденушілік

Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекеттеріміз су туралы.

(слайд көрсету)

Тәрбиеші:су туралы мағлұмат береді.

Балалар осы су туралы кім тақпақ біледі (Б.Ж)

Ал кім мақал-мәтел біледі?

(Б.Ж)

Тыйым сөздер ше? (Б.Ж)

Жарайсыңдар балалар!

 

 

 

 

Ғажайып сәт: Қонаққа

Эколог маманы келеді. Балалармен амандасады.

Сәлеметсыздар ма!

-Жарайсыңдар, үш тілді жақсы меңгерген екенсіңдер.

-Балалар, мен эколог маманмын. Мен де,сендер сияқты үш тілді жақсы білемін.

Сендер бүгін не туралы әңгімелесіп отырсыңдар?

Мен сендерге онда су туралы ағылшын тілінде сұрақтар қояйын, қане кім жауап береді?

Сұрақ-жауап.

Үш тілде сұхбаттасады.

Балалар сендер

Тәрбиеші: Енді балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

1-тәжірибе: Судың түсін ажырату.Судың түсі қандай болады?

1-стаканда су-қасық салу.

Көріне ме?

2-стаканда сүт қасық салу.

Көрінеме?

2-тәжірибе: Судың түсін өзгерту. Стакандағы суға гуашь бояуын қосайық.

3-тәжірибе.

Алдын ала жұмыс: Балалар біз кеше алдын-ала жұмыс жүргіздік солай ма. Ыдыстарға су құйып оған бояу қосып түсін өзгертіп, оны тоңазытқышқа салып қойдық. Қане сол жұмысымызды алып бақылайық. Суымыз мұз болып қатып қалыпты. Осы мұзымыздың үстіне тұз салып көрейікші. Мұздың тез ерігенін байқадық.

4-тәжірибе:

Балалар бұл тәжірибені сіздерге мен жасап көрсетейін, бақылап отырыңыздар!

2-ыдыста су. Біреуіне тұз қосылған. Ал біреуіне тұз қосылмаған таза су. Оған шикі жұмыртқаны салып байқап көреміз. Тұз қосылмаған судағы жұмыртқаның түбіне батып кеткенін, ал тұзы бар судағы жұмыртқа бетінде қалқып жүргенін байқадық.

5-тәжірибе

Келесі тәжірибеміз:

Өзіміздің алдын-ала қағаздан жасаған дайын гүлдерімізді бүктеп, жайпақ ыдыстағы еш нәрсе қосылмаған қарапайым ішіп жүрген суымызға салайықшы, олардың күлтешелерінің ашылғанын байқадық.

Сергіту сәті: слайд арқылы.

-Балалар, осы әдемі гүлдерімізді эколог қонағымызға сыйға тартайық жарайма.

Эколог: Балалар сендердің жасаған тәжірибелерің маған өте ұнады. Алдағы уақытта тек суды ғана емес басқа да тәжірибелер жасап білімдеріңді шыңдай беріңдер.

Сау болыңыздар!

Сылдыр-сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің, маңдайың.

 

Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

Су бергеннің сауабы бар,

Су төккеннің жауабы бар.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Түнде суға барма.

Түнде судың бетін ашық қалдырма.

Өзен, көлдерді ластама.

Мөлдір.

Иә, көрінеді.

Қасық көрінбейді.

Балалар, экологпен үш тілде амандасады.

 

 

 

 

Су туралы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стакандағы суға гуашь бояуын қосып араластырады. Судың түсі өзгергенін байқап, айтады.

 

 

 

Балалар суреттері бойынша өз стакандарын таңдап алады да, мұзды жайпақ ыдысқа түсіріп, мұздың үстіне тұз салып бақылайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар , тәрбиешінің жасаған тәжірибесін бақылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар алдын-ала қағаздан жасалған гүлдерін алып келіп ыдыстағы суға салады. Гүлдер ашылды.

 

 

 

Музыка ырғағымен қимылдар жасайды.

 

 

 

 

Сау болыңыз!

Эколог маманымен қоштасады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

«Кім жылдам?» ойыны арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Ал, енді менің сұрақтарыма жауап беріңіздерші.

-Судың иісі, дәмі, түсі бола ма?

-Судың күйін ата?

-Қандай тәжірибе жасадық?

-Қонаққа бізге кім келді?

-Сусыз өмір сүруге бола ма?

-Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?

Өте жақсы балалар, жарайсыңдар.

Міне, бүгін біз сендермен тәжірибелер жасап, су туралы көп мәлімет алдық. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Балалар, менің сендерге арналған сыйлығым бар. (Тәрбиеші балаларға кәмпит таратады.)

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.

 

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рахмет!

Күтілетін нәтиже:

 

Біледі: су туралы, судың қасиеті туралы біледі.

Игереді: сумен тәжірибе жасауды түсінеді.

Меңгереді: мақал-мәтел, тыйым сөздердің(сусыз тіршілік жоқ екендігін) мағынасын түсініп, өздерінің өмірлерінде қолданады.

Ілмек сөздер: Судың қасиеті, су, қасиет
Автор: dauke | 8-11-2016, 21:27
Қарау саны: 188
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :