Айнала алтын күз

Тақырыбы: «Айнала алтын күз»

Мақсаты: Күз туралы түсінік беру,табиғатты аялауға, құрметтеуге, баптауға үйрету, баланың ой өрісін дамыту.

Суреттерді әңгімелей отырып байланыстыра сөйлеуін дамыту.Ертегіні қоя отырып балалардың бойындағы шығармашылық /әртістік/ қабілеттерін ашу,

Көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидектер, көкөністер, табиғи жапырақтар,

жеміс талдары.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге бүгін көптеген ұстаздар мен ата-аналар келіпті.Сәлемдесу әдептілік белгісі балалар, алдымен тәрбие сағатымызды бастамас бұрын ұстаздармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Қонақтар: Сәлеметсіздерме, балалар!

Тәрбиеші: Енді балалар, әдеттегідей шаттық шеңберіне жиналып, алтын күнмен, туған жермен амандасып алайық.

Балалар:Армысың, Алтын күн!

Армысың, Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Тәрбиеші: Балалар, енді «Жүректен жүрекке» жылы да шырайлы шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Бақшамыз бақты болсын!

Жеріміз гүлдене берсін!

Елімізде бейбітшілік болсын!

Жарайсыңдар, орындарыңа жайғасып отыра қойыңдар.

Сұрақ – жауап айдары:

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Төрт жыл мезгілі бар

-Қалай атаймыз?

-Көктем, жаз, күз, қыс

-Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік?

-Күз

-Күз неше ай қонақта болады?

-3 ай

-Күз айларын атайықшы?

- Қыркүйек, қазан, қараша

Тәрбиеші:

-Күз ерекшелігі

Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Егіс алқабы да пісіп қамба дәнге толады. Күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды.

Ендігі кезекті :Күз туралы әнге берейік.

Тәрбиеші: Жапырақтардың түсі қандай? /сары/

Енді балалар күз туралы тақпақтарды еске түсірейікші:

Жаннұр:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ақмоншақ:

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

Арай.

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.

Ұлданай:

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.

Есік қағылып қонаққа Барыс пен Қоян келеді: Сәлеметсіздерме!

Айнала алтын күз

 

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Барыс пен қоян балаларға бау бақшаға барып тәтті өнімдер тергенін және жолда көргендерін айтады. Оларға әсіресе егіс алқабында комбайнның бидай орып келе жатқаны қатты ұнапты. Қоянға сәбіз жинаған өте қызықты болыпты. Олар жеміс пен көкөністердің бір себетке жинағанын, енді бөліп алайын десе араларындағы келіспеушіліктердің туындағанын айтады. Бір қызығы олар тергендерінің не жеміс не көкөніс екенін білмейді екен. Содан:

Барыс: Маңғыстау облысында,

Қоян: Бейнеу ауданында,

Барыс: Тәжен ауылында:

Қоян: «Тәжен тектеп балабақшасында»

Барыс: «Балапан» тобында

Қоян: «Айнала алтын күз» деген ашық тәрбие сағатының болып жатқанын естіп бүлдіршіндерден көмек сұрай келдік.

Тәрбиеші: Балалар, не істейміз барыс пен қоянға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

(Қонақтарды төрге жайғастырып, отырғызады).

Тәрбиеші: Ендеше мен барыс пен қоянға жұмбақ жасырайын. Ал,сендер оларға көмектесіңдер жарай ма?

Балалар: Иә.

1) Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әжем бір күні /сәбіз/

2) Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр /қызылша/

3) Жайлы жұмсақ төсегім,

Домаланып пісемін.

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін /қырыққабат/

Сергіту:

Ормандағы аюдың

Құлпынай көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Тәрбиеші: Барыс, қоян сіздерге тәрбие сағатымыз ұнап жатыр ма?

Барыс, қоян: Әрине ұнап жатыр. Балалар күз туралы көп біледі екен.

Барыс: Әсіресе жұмбақ шешкен кезде өте қызықты болды.

Тәрбиеші: Қай бөлімі ұнады?

Балалардың жауабы: барлық бөлімі

Тәрбиеші: Қонаққа кімдер келді?

Балалар: Барыс пен қоян

Тәрбиеші: Олар қайдан келе жатыр екен?

Балалар: Бау-бақшадан келе жатыр

Тәрбиеші: Олар бау-бақшадан не теріп келді?

Балалар: Жемістер мен көкөністерді.

Тәрбиеші: Иә, жемістер мен көкөністер теріп келді.

Бүгінгі тәрбие сағатымызға жақсы қатысқандарың үшін сендерге көп-көп рахмет.

Құрметті апайлар,ата-аналар және бүлдіршіндер бүгінгі «Айнала алтын күз» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Маңғыстау обл, Бейнеу ауданы,

Тәжен ауылы

Тәжен мектеп-балабақша кешені КММ-сі

Тәрбиеші: Дарбаева Гүлнар

 

Автор: dauke | 14-01-2017, 20:47
Қарау саны: 543
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :