Аквариумдағы балық.

Білім  беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет салу

Тақырыбы:Аквариумдағы балық.

Мақсаты:

Білімділігі:Аквариум және балықтар туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:Ұсақ қол қимылдарын,ойлауын,тілін дамыту.

Тәрбиелігі:Балықтарға қамқорлық,сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл:Түсіндіру сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Бейнетаспа,аквариумдағы балықтар.

Тәрбиеші:Балалар,қонақтармен амандасайық.Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ.Ол үшін көңіл-күйімізді көтеру үшін «Балық»саусақ ойынын ойнайық.Мен сіздерге ойын шартын түсіндіріп өтейін.Бәріміз шеңбер бойымен үлкен көл жасаймыз.Төрт бала балықтың бетпердесін кейіп,ортаға шығады.Шеңберде тұрған балалар былай дейді;

Көлбең,көлбең,көлеңкем.

Көлбеңдеген көлеңкем,

Балықтар қалай жүзеді,

Кім көрсете біледі?

Ортаға шыққан балалар қолдарын алдына созып,балыққа ұқсап жүзігендей болады.

Ойын ұнадыма?(Балалар жауабы)

Енді саяхатқа шыққыларың келеме?Олай болса «Балықтар әлеміне»барайық.Ол үшін автобусқа мінеміз.

Кондуктор сөзі:Сәлематсыздарма,балалар!Қош келдіңіздер!Сіздер балықтар туралы білгілерің келеме?Ендеше бейнетаспа қарайық.Енді сіздердің алдарыңдағы аквариумдағы балықтар жайлы  айтып өтейін.Балалар мына шыны ыдысты аквариум деп атайды.Мұнда балықтың түрлері көп.Олар үнемі адамдардың қамқорлығында болады.Аквариум техникалық құралдармен жабдықталған.Онда арнайы жылытып,жарық түсіретін құрал болады.Оларға адамдар жем береді.Оны арнайы дүкендерден сатып аламыз.Енді сіздер балық туралы тақпақ білесіздер ме?

1-бала:

Табиғаттың бұйрығы.

Ол балықтың жүйрігі

Құйрығы оның сияқты

Қарлығаштың құйрығы.

2-бала.

Қармақ салсаң қазанға,

Бар өзенге азанда

Оңайлыпен сазанның,

Түскісі жоқ қазанға.

3-бала.

Айқайлама,ұрыспа,

Тіпті ақырын тыныста.

Сазан нағыз сақ балық,

Жоламайды дыбысқа.

Жарайсыңдар,балалар!Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Тәрбиеші:Саяхат сіздерге ұнады ма?Олай болса автобуспен бала бақшамызға барып,балықтың суретін салайық.Балалар топ бөлмесіне келіп,орнына жайғасады.Балалар,біз бүгін балық суретін күндегіден ерекше ,топыраққа балық бейнесін саламыз.Ол үшін мен сіздерге құм туралы мәлімет берейін.Құм миллион жыл бұрын пайда болған.Құммен біз қиялымыды дамытып,сурет салуымызға болады.Құм ылғалды,қатты,жұмсақ болып бөлінеді.Құм өте ұсақ,әр түсті   ақ,қоңыр,қызғылт болады.Құм бала үшін магнит сияқты тартымды зат.К.Макаренко айтқандай «Баланың бүкіл өмірі ойын»дегендей бала далада серуен кезінде құмнан  әр түрлі қоршау жасайды.Осы қоршауға әртүрлі фигуралар,ойыншықтар қосса ертегі драмалауға болады.Енді біз алдымыздағы құмзарға балық суретін бейнелейміз.Бірінші өзім көрсетейін.Сіздерге жаңа айтып өткендей балық денесімен басы біртұтас болғандықтан,сопақша пішін саламыз.Бұлардың көлемі әртүрлі болады.Енді көзімен  ауызын саламыз.Балық суда өмір сүретіндіктен өзен немесе көл саламыз.Енді осы көлімізді қиыршық тастармен әсемдейміз.Енді балалар жұмысымызға кірісейік.

Сергіту сәті:

Біз жүреміз көл астында,

Біз жүреміз көл үстінде,

Жүземіз оңға,жүземіз солға.

Шоршимыз анда-санда.

Қорытынды:Сұрақ-жауап.Оқу іс-әрекетіне қатысқан балаларды мадақтау.

 

Автор: dauke | 14-02-2017, 21:57
Қарау саны: 1652
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :