» » » Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік


Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік

Қызылорда облысы
Әйтеке би кенті
№7 "Балдырған" санаториялық - бөбекжай балалар бақшасы
Музыка жетекшісі: Марат Роза
Топтары: "Балдәурен" ортаңғы
"Құлыншақ" ересек
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік»мерекелік ертеңгілігі

Мақсаты:Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

«Атамекен» әнімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.

Жүргізуші:Армысыздар! Құрметті апайлар, ата-аналар және еліміздің болашағы кішкентай бүлдіршіндер! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болды, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар, сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші:Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

Жүргізуші:Құрметті апайлар, ата-аналар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынымызды ашып беру ашып беру үшін сөз балабақшамыздың меңгерушісі Ж.Қ.Коланова апайға береміз.

«Көк тудың желбірегені» әні орындайтын «Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Нұхы Ерасыл қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын

Хор: «Тәуелсіздік – жыр әнім» орындайтын «Құлыншақ» ересек тобы

Жүргізуші:Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік тақпақтарды қабыл алыңыздар:

«Құлыншақ» ересек тобы тәрбиеленушілері:

Жүргізуші:Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй отанды шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына, қырына да

 

Би «Ата толғауы» орындайтын ересек тобы қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:Еліміз егемендік алып, міне тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Ендігі кезекте

«Тәуелсіздік деген не?»

«Бақыт деген не?»

-көркем сөз оқуларына береміз.

Жүргізуші:Тағдырыңды тамырсыздық індетінен

қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт АНА.

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі- сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төртАНА – тағдырыңның

тынысы,

Төрт АНА үшін болған күрес- күрестердің

ұлысы!

Ән «Қазақстан елім» орындайтын «Құлыншақ» ересек тобының тәрбиеленушілері.

«Балдәурен» ортаңғы тобының өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Садай Айзеренің орындауында«Мен қазақтың қызымын»әнін қабыл алыңыздар.

Жүрг:Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып, білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз?

4. Біздің ұлтымыз қандай? (Қазақ)

5. Қай облыста тұрамыз? (Қызылорда)

Жүргізуші:Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойлаудамыз. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деймін.

Олай болса осы мерекеге өзінің ән-шашуын әкелгенкішкентай қызымыз Серік Шахназдың «Егеменді Қазақстан» орындауында қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Ән «Нұр сәулетті Нұр аға! » «Құлыншақ» тобының хоры.

Автор: admin | 14-03-2017, 15:02
Қарау саны: 665
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :