Күзгі түстер

Бегешова Самал Ғалымжановна, КМҚК №15 «Аққу» балабақшасы, мұғалім-логопед, Қарағанды қаласы

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
ересектер тобы
Білім беру салалары: қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Күзгі түстер»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың күз туралы білімдерін тиянақтау.Күзгі ерекшеліктерді айта білуге үйрету. Балаларды жұмбақ шешуге дағдыландыру. Күздегі пісетін жеміс-көкөністерді айтып ажырата білуге үйрету. Мнемотаблица бойынша сөйлем құрап айтуға үйрету. Күзгі түстерді ажырата білуге үйрету.
Түзетушілік: Сөйлем құрап айтқанда грамматикалық тұлғаларды дұрыс сақтап, сөйлеу білуге үйрету. Байланыстыра сөйлеу білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілетін, зейіндерін, тілдерін ойын арқылы дамыту, жетілдіру, сөздік қорларын дамыту. Балаларды суреттер арқылы көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қарама-қарсы сөздерді табу ойыны арқылы тілдерін дамытып, артикуляциялық аппараттарын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбек етуге, адамгершілікке үйрету.
Қостілдік компонент: күзгі түстер-осенние цвета, жемістер-фрукты, көкөністер-овощи, Бізге қонаққа сиқыршы келді- к нам в гости пришел фокусник.
Іс-әрекет кезеңдері Логопедтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық -Балалар, бізге бүгін көп қонақ келеді дегенде, біз қалай қуандық?

Шаттық шеңбері:
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Досымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Сәлем, сәлем
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Балалар таң қалу мимикасын көрсетеді



Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды

Ұйымдастыру - іздестіру
Логопедпен әңгімелесу:
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. Сендер ойланып, шешуін табыңдар!
Жұмбақ:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
-Ендеше, балалар мына мнемотаблица бойынша күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы.
Мнемотаблица:









Сергіту сәті: «Күз»
Жаңбыр жауды тық-тық-тық
Сен көшеге шық-шық-шық
Соғады жел гу-гу-гу
Жапырақ ұшты шу-шу-шу
(есік қағылады)
Топқа Сиқыршы келеді.
-Балалар, сәлеметсіңдер ме!
-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
-Балалар, күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
-Дұрыс айтасыңдар!
- Қазір мен сендерге сиқыр көрсетемін. Сендер айтқан күзгі жапырақтардың түсін көрсетпекпін.
-Ахалай, махалай, суф -деп сиқыр көрсетеді.
(сиқыршы су құйылған ыдысты жасыл, сары, қызғылт түстерге балаларға білдіртпей бояйды)
-Қараңдаршы, балалар мына ыдыстағы сулар қандай түстерге боялды?
-Өте жақсы балалар, сендер күз туралы және күзгі жапырақтардың түстерін біледі екенсіңдер. Қазір мен сендерге қызық ойын алып келдім.
Д/ойын: «Сиқырлы қапшық»
Шарты: қапшыққа салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, көрмей сезу арқылы қатты- жұмсақ екенін, пішінін ажырату керек.
-Қане, балалар енді біз сиқыршыға күз туралы тақпақтар айтып берейікші.









- Ал, балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнайын сендер сурет арқылы қарама-қарсы сөздер, яғни антоним сөздерді тауып айтыңдар.
Ойын: «Қарама-қарсы сөзді тап!»



-Рахмет, балалар! Сендер күз мезгілінің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер! Мынау сендерге менен естелік сиқырлы гүл шоғыры, қабыл алыңдар!Ал енді менің басқа балабақшаларда сиқыр көрсетуім керек.









Күз





1.Күз мезгілінің үш мезгілі болады. (қыркүйек, қазан, қараша)
2. Жаңбыр жауады.
3. Найзағай соғады.
4. Адамдар жылы киінеді.
5. Егін жинайды.
6. Аңдар қысқа дайындық жасайды.

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.








Сары, жасыл, қызғылт




Балалар таң қалады


Балалар жапырақтардың түстерін айтады










Самира:
Қызыл, жасыл, сары, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап

Аружан:
Алма, алма көп алма,
Қызыл, жасыл көп алма.
Теріп алып, келейік,
Атамызға берейік.



Қатты-жұмсақ
Жеңіл-ауыр
Жақын –алыс
Алдында-артында
Ішінде-сыртында
Баяу-жылдам т.б.


Қонақпен қоштасады




Рефлексивті - түзетушілік




Қорытындылау сұрақтары:
-Балалар бүгінгі ҰОІӘ не білдік?
-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай екен?
- Бізге қонаққа кім келді?
-Сиқыршы қандай түстерді көрсетті?
Сендерге бүгінгі ойын ұнады ма?
Балалармен түстерді бекіту
Жүректен-жүрекке:
«Сиқырлы гүлмен» тілек айтады.
-Сен –әдемісің!
- Денің сау болсын!
-Еліңнің азаматы бол!
-Халыққа адал бол!
-Бақытты бол!
-Үлгілі бол!
Сұрақтарға толық жауап береді.




Балалар шеңберге тұрып бір-біріне тілек айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: күзгі түстерді және күз мезгілінің ерекшеліктерін білді;
Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсінеді, антоним сөздерді біледі
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздер қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты;






















Қарағанды-2014

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінен үзінділер
№6 «Құлыншақ» топ балалары


Шаттық шеңбер «Армысың, асыл күн!»


Мнемотаблица «Күз»







«Сиқырлы су»


«Сиқырлы судың- әртүрлі түске боялуы»

Сиқыршының суды түрлі- түске айналдыруы


Қарама-қарсы сөздер



















Автор: dauke | 9-02-2015, 23:12
Қарау саны: 2061
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :