«Апа бізде қонақта»

IІ-ші кішкентайлар тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық.
Бөлімдер: Көркем әдебиет, Тіл дамыту, Қоршаған орта, Жапсыру.
Тақырып: «Апа бізде қонақта»
Мақсаты: Балалардың дыбыстар жайлы ұғымдарын бекіту, өз сөздерімен Шалқан ертегісін айта білулерін нығайту, тіл байлықтарын дамыту. Оқу іс- әрекеттеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Күз мезгілі, Шалқан ертегісі.
Билингвальді компонент: Алма- яблоко- apple, алмұрт- груша- pear.
Ине- иголка, инелік- стрекоза.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ынталандыру – оятушы
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге тұрғызып тілектерді айтуға ұсынады.
Сәлем саған, күннің нұры,
Сәлем саған ,жер ана!
Сәлем саған, көк аспан
Сәлем саған, қоршаған орта. Балалар шеңберге тұрып бір- бірлеріне жақсы көңіл күй сыйлайды, тілектер айтады.
Ұйымдастырушы- ізденуші
Балалар бүгін біздің оқу іс- әрекетіміз ерекше болмақ.
Тәрбиеші балалардан: қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Тәрбиеші балалардың жауапты дұрыс айтуларын қадағалайды.

Ғажайып сәт:
Балалар тыңдаңдаршы, біздің топқа қонақ келе жатқан сияқты, кім болды екен?
Топқа қонаққа апа келеді.
Сәлеметсіндер ме, балалар!
Сәлеметсізбе !
Апа: Балалар топтарың қандай әдемі, балабақшаға келген ұнайма? Мен сонау ауылдан, өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Тәрбиеші: олай болса, апаға күз туралы тақпағымызды айтып берейік. (1-2 бала тақпақ)
Біздің балалар бірнеше дыбысты жатқа біледі. Қане, олар қандай дыбыстар? (А, И, Ғ, У дыбыстары )
Балалар, «А» дыбысынан басталатын қандай сөз білесіңдер? Алма, алмұрт.
«И» дыбысынан басталатын қандай сөздер бар? ине, инелік.
Ал балалар, қаз қалай дауыстайды? ға- ға-ға.
Тауық қалай әндетеді? Қут- қут- қут.
Өте тамаша, балалар.
Апа, біздің балалардың өнері мұнымен біткен жоқ, олар аз ғана уақыт өтседе, бірнеше ертегіні жатқа біледі. «Бауырсақ», «Маша мен аю» және «Шалқан» ертегісі.
Қазір біздің балалар сізге Шалқан ертегісін айтып береді.
Тәрбиеші балалардың «Шалқан» ертегісін дұрыс айтуларын қадағалайды.
Апа, сізге балалардың ертегісі ұнады ма?
Апа: ұнады балалар, сендерге рахмет.
Сәл тынығып алайық.
Сергіту сәті:
Жел соғады бетіме,
Ағаштар да желпуде.
Жел тына қалған кезде,
Ағаштар биік- биік өседі.
Тәрбиеші: Апа, бізде жапсыру деген оқу іс- әрекеті болады, бұл оқу іс- әркеті балаларға өте ұнайды. Қазір балалар, сізге шалқанның суретін жапсыруды көрсетеді.
Тәрбиеші балаларға жапсырудың әдіс- тәсілдерін естеріне түсіріп, желіммен дұрыс жұмыс жасауларын қадағалайды.
Апа: балалар сендер өнерлі екенсіңдер, маған арнап айтқан тақпақтарың да, ертегілерің де өте ұнады, рахмет. Сендерге бақшамнан әкелген себет толы алмаларымды сыйға тартамын.
Келген қонақты шығарып салу.
Күз мезгілі.
Жаңбыр жауады, күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Балалар есік жаққа назар аударып, кімнің келе жатқанын күтеді.
Сәлеметсізбе!
Иа.
Балалар тақпақтарын жақсы айтуға тырысады.
Алма,орысша яблоко, ағылшынша apple. Алмұрт, орысша груша, ағылшынша pear.
Ине, орысша иголка. Инелік, орысша стрекоза.
Ға- ға-ға.
Қут- қут- қут.
«Бауырсақ», «Маша мен аю», «Шалқан» .
Балалар тәрбиешінің көмегімен «Шалқан» ертегісін айтып береді.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін көңілді орындайды.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар тәрбиешінің көмегімен шалқанның суретін жапсырады.
Балалар апаның қолындағы себет толы алмаларын көріп қуанады.
Балалар апаға сау, болыңыз деп айтады.
Рефлексивті- түзетуші
Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
Сендер, қандай ертегіні айтып бердіңдер?
Ненің суретін жапсырдыңдар?
Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетіміз өте қызықты өтті, сендерге көп рахмет.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қонаққа апа келді.
«Шалқан» ертегісін айтып бердік.
Шалқанның суретін жапсырдық.
Балалар риза болып қуанады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Балалар дыбыстар мен сөздерді үш тілде айта білу керек.
Нені игерді: Балалар «Шалқан» ертегісін өз сөздерімен айтуды игерді.
Нені біледі: Балалар желіммен жапсыруды, жұмыс жасай біледі.
Автор: dauke | 12-03-2015, 22:21
Қарау саны: 1174
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :