« Көңілді доптар »

Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы
№5 «Жеткіншек» балабақшасы
Каресова Нургул Сержановна

« Көңілді доптар »

Мақсаты: Балалардың денелерін шынықтыру,спортқа деген қызығушылығын арттыру, алдарына мақсат қоя білуді, тез қимыл әрекеттерін істей алуға, зерекойлануға үйрету. Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, ептілікке, төзімділікке, достыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалардың дене белсенділігін дамыту, денелерінің түзу және сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу.
Керекті құралдар: кеглилер, құм қапшықтар, құрсаулар, түрлі-түсті шариктер, доптар.

Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер!
Бұл жарысты көріңіздер!
Бізде бәрі жүйріктер,
Күш сынасар алыптар.
- Ал, енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.(Балалар спорттық киіммен залға кіріп, екі топқа бөлінеді.)
- Балалар бүгінгі сендердің жарыстарыңды тамашалауға Спорт шебері келді.
Спорт шебері: Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Мен көптеген жарыстар жүлдегері, спорт шеберімін. Бүгінгі сіздердің жарыстарыңды көруге, тамашалауға, бағалауға келдім. Жарысты бастамас бұрын сіздермен бірге жаттығу жасап алайық.(Балалар жаттығуды жасайды.)

Жүргізуші: Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей,
Жаттығуды бастаймыз!
- Балалар сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.

1. «Кедергілерден өт». Допты кедергілер арасынан жүріп себетке салу.
2. «Кім бірінші?» Құм салынған қапшықты басып, доғаның астынан өту.
3. «Кім тез жетеді?» Межеге дейін қос аяқпен секіріпбарады да, қайтарда жалаушаны алып келеді.
Біраз жүгірдік, енді тыныс алу жаттығуын жасайық. Тыныс алу жаттығуы: «Жел уілдейді».
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сайыс өте қызықты өтті. Екі топ бір-бірінен өткен қайсар, мықты, күшті, шымыр екен. Екі топқа алғыстарымызды айта отырып, жарыстарда тек сәттілік тілейміз.Осымен бүгінгі көңілді жарысымызды аяқтаймыз.
Спорт шебері бәріне бірдей медальдар тапсырады.








« Көңілді доптар » сайысы






Автор: dauke | 12-03-2015, 22:33
Қарау саны: 1863
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :