» » » «Менің тұңғыш Президентім».


«Менің тұңғыш Президентім».

«Менің тұңғыш Президентім».
Азимова Бақытгүл Абылайқызы
«Балауса бөбекжай- балалар бақшасы»МКҚК
«Құлпынай» тобының тәрбиешісі
Райымбек ауданы, Кеген ауылы

Мақсаты:.
Елімізге еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып, алаш баласына абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін таныту,балаларға үлгі ету. Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру . Мақал — мәтелдер, өлең, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу кабілеттерін қалыптастыру. Кім? Кімдер? Не бар? Қандай? тағы да басқа сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
Отанға деген сүйспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отаным, тәуелсіз, егеменді, мемлекет, елбасы, рәміздер, қыран, тұлпар, шаңырақ, көп ұлтты.
Керекті құралдар: Елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:
Шаттық шеңбері:
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!
Тәрбиеші:
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
«Менің Қазақстаным!»
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
Тәрбиеші: Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалады шапағы,
Байтақ елім, Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны!
- Балалар, Қазақстан қандай ел?
Балалар:- Егеменді, Тәуелсіз мемлекет.
Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші:- Елордамыз қалай аталады?
Балалар:- Астана қаласы.
Тәрбиеші:- Қазақ елін кім басқарады?
Балалар:- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? Б:- Орыс, неміс, қытай, өзбек, шешен. т/б
Тәрбиеші: 1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күні балалар. Елін,жерін құрметтеген Елбасымыз аман болсын.Біз де өз Отанымызды сыйлаймыз,құрметтейміз. Ендеше Елбасымызға,Отанға деген өлең,жырларымызды арнайық .

Айсель: Елімде бейбіт тыныш заман болсың,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Жансель: Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде

Ерасыл: Табиғат-ол анамыз,
Табиғат-ол баламыз
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз

Д.Ерасыл: Ел ордасы -Астанам
Саған айтам асқақ ән
Әрқашан да Қазақ боп,
Туғаныма мақтанам
Зейнеп: Отан тарих,Отан-тіл
Жасаған елім,өз халқым.
Отан-өлең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Алифа: Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп
Менде шыңға шығамын.
Нұрислам: Жаса жаса Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін
Оң қолынмен аш маған.
Айзере: Бақытты ел-бұл Отан
Бәріне мен иемін.
Біздің Отан ұлы Отан,
Ұлы Отанды сүйемін.

Аруай: Отанды бәрі анасындай . Қастерлейді бағалап . Өйткені,Отан баласындай . Бізді өсірер аялап.
Аружан: Сая болған баршаға,
Байтақ жерім қаншама
Атыраудан Алтайға,
Жетісудан Арқаға!
Айдана: Атамекен – тұрағым,
Сөнбейтұғын шырағым.
Көк байрағым – айбыным,
Қасиетті тұмарым.
1. Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар.Ал Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? Жанайкерім:Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық. Дінмұхамет: Отан от басынан басталады. Нұрдана: Отан үшін отқа түс- күймейсің Мейрамбек:« Отан –елдің анасы».
2. « Отан — отттан да ыстық»
3. « Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».
4. « Отанды сүйю отбасынан басталады».
5. « Жері байдың елі бай».
Сергіту сәті: Бала-бала балақан
Қане қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнап.
Топ-топ,топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн
Жаса-жаса алтын күн.
Қорытынды:
-Біз бүгін кім туралы әңгімелестік?
-Елбасымыздың аты-жөні кім?
-Ендеше,елімізді көркейтіп ,Қазақстанымызды көріктендіріп,гүлдендіріп отырған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа жылы лебіздерімізді білдіре отырып,бүгінгі оқу-іс әрекетімізді қорытындылаймыз.
Елбасымыздың құрметіне арналған 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Автор: dauke | 12-03-2015, 22:43
Қарау саны: 911
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :