Қыс қызығы орманда » Қазақша білім сайты
Жарнама



Қыс қызығы орманда

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: қоршаған ортамен таныстыру Кірістірілген тіл дамыту, жапсыру
Тақырыбы: «Қыс қызығы орманда!»
Мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: қыс мезгіліндегі орман аңдарын танып, ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелігі: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, табиғатты аялап, әсемдікті көріп, сезінуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: презентация, қыс мезгіліндегі орман табиғат көрінісі.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, көрсету, үйрету, сұрақ – жауап, сергіту сәті, д/ойын, тақпақ, қорыту, мадақтау.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдер

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

.

Мотивациялық- қозғаушылық

 

Сәлеметсіңдер ме?

Шаттық шеңбер:
Кәне балалар, шаттық шеңберін құрып, бір – біріңнің қолдарыңнан ұстап, жылы лебіздерімізді тақпақпенен білдірейікші

Біздің топта балалар

Татту тәтті ойнайды

Дос көңілін әрқашан

Жақсылықпен ойлайды.



 

Ұйымдастыру- шылық-ізденістік

- Балалар тақтаға назар аударайықшы (слайд)

- Жылдың қай мезгілін көріп тұрсындар?

- Қыс мезгілінде дала қандай болады?

- Дұрыс айтасыңдар!

-Сезім қыс мезгілі туралы тақпақ білесің бе?

(жылап қоян кіреді)

Балалар мен адасып кеттім, орманды таба алмай жүрмін.

-Балалар қоянға көмек берейікші.

- Бүгін біз сендермен орманға саяхат жасаймыз!

-Кәне, бәріміз мына шанаға отырып орманға қоянды апарып салайықшы!

Орманға келді. Қоян:

- Алақай керемет орманға келдік мен үйдемін.

- Балалар мынау қандай аң?

- Аю қыс мезгілінде не істейді?

- Керемет ақылды балалар екенсіңдер.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалды сыбырды

Ойлы қырлы жерлермен Ытқып,ытқып секірді

- Балалар қоян үйіне оралды, бізде балабақшамызға барайық.

-Балалар енді орманда көрген аңдарымыз есте қалатындай оларды мына қағаз бетіне жапсырайықшы.

Қыс

Қыс мезгілінде дала суық болады, қар жауады.

 

 

 

 

 

 

Орманда

 

 

 

 

Шаңаға отырады

 

 

 

 

 

Аю

Үйқыда жатады

 

 

 

Қолдарып көтереді.

 

 

 

Шанаға отырып балабақшаға оралады

Рефлексиялық- түзетушілік

Сұрақ-жауап

Мадақтау

 

Сұрақтарға жауап беру

Қуану

Күтілетін нәтиже: Қысқы орман туралы түсініктерін кеңейту

Жасайды: Қоянға ұқсау қимылы

Түсінеді: Жабайы аңдар орманда тұрады

Қолданады: Ерекшеліктерін айыра білуге

«Балапан» тобының тәрбиешісі: Нұржанова Гаухар

Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Доскей ауылы,

«Ақбота» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

Автор: admin | 27-02-2016, 10:19
Қарау саны: 1283
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :