Менің арманым – менің болашағым » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Менің арманым – менің болашағым


Менің арманым – менің болашағым

Матжанова Айзада Бауыржанқызы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық
колледжінің оқытушысы
Тренинг тақырыбы: «Менің арманым – менің болашағым!»
Мақсаты: студенттердің өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.
Көрнекіліктер: А3, фломастерлер, газет-журналдар, қанатты сөздер жазылған карточкалар.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
а) Амандасу рәсімі
б)Сөйлемді жалғастыр...
в) «Менің арманым – менім болашағым» тақырыбында коллаж жасау
г) Карточкамен жұмыс
д) «Мюнстенберг»
ІІІ. Қорытынды:
«Сиқырлы қобдиша»
ІІ. Негізгі бөлім
а) Амандасу рәсімі
Шеңберге тұрып, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз. Жымия қарап, күлімсірейміз.
Әр амандасу рәсімінің ерекшеліктері бар. Бүгін біз амандасу барысында фильмдегі кейіпкерлерді біріктірейік. Мысалы, Сәлем Надира, сен маған «қызыл телпекті» елестетесің.
б)Сөйлемді жалғастыр...
Егер мен депутат болсам...
Егер де мен сәби болсам...
Егер де мен дәрігер болсам...
Егер мен мұғалім болсам...
Егер де мен заңгер болсам...
Егер де мен ұшқыш болсам...
Егер мен сиқыршы болсам...
Егер де мен директор болсам...
Егер де мен кәсіпкер болсам...
Егер мен әнші болсам...
в) «Менің арманым – менім болашағым» тақырыбында коллаж жасау.
Керекті құралдар: картон, газеттер, журналдар, түрлі түсті фломастерлер, жарнамалық қағаздар.
Студенттер осы тақырыпта 2 топқа бөлініп коллаж жасауларыңыз керек.

г) Карточкамен жұмыс.
- Сіздерге суретті карточкалар беремін. Суреттегі ұлы адамдарды көмекші сөздер арқылы табыңыздар.
Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады. Істеген амалдардың барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады.
А. Энштейн
Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлікте жоқ. Л. Толстой
Қиял! Мұнсыз ақын да, философ та, тіпті адам болуы да, мүкін емес!
Д.Дидро
...арман деген көп белес, біріне шықсаң бірі бар.
Ғ. Мұстафин
Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы. Ш. Айтматов
д) «Мюнстенберг»
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында өлеңнің аты бар. Сіз тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Және сол өлеңді музыкаға салып айтып берулеріңіз қажет. Жұмыс уақыты - 3 минут.
ЫОШЫОШЩРОАРМАННННОВШГНГАДАСТЫРМАЙЙЙШКГМЕНІІЛВТОПҚҚОЯЯЯТДВЛАООРДОЛДЖЩӨӘІЦҚӨҰӨПТТТҰРРШОЫТЧЛПОЗЩДЛОЛОЛ
ӘІҢҮҚӨҚАРМАНЫМАПШОВОЛЩЗЩАСЫҒЫПЛЛОЛООПБАРАМҚҺӨӨҚ
АОРПДЬДЖЖАРМАНГПРГРИАЙДРОТЖДЬОҮҰҰҚФЫВПДЖЖПЖЭЖОХ
ЧӘІҒҢӨҺҚӨПАҚҚУЛОРДЛОДЖЖДЛЖДАРМАНДЛЖЭДБЖДЖЬЖДДЖД
ЫВПАРЛДПАОРАСЫЛАПОЕНЕНШАРМАНРЛДЖЭЯЧСМИТЬЮХКЙЙЦУ
Қорытынды:
«Сиқырлы қобдиша»
Нұсқау: Мына сиқырлы қобдишада сыйлықтар бар. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Әрқайсыңыз мына сыйлықтарды бір-бірден таңдап алып, лайықты деген адамға сыйлаңыздар. Сыйлықтарды үлестіріп болсақ, өздеріңіздің қандай қасиеттеріңіз бар екенін айтып беріңіздер. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
Тренингті қорытындылау: Ал, енді тренингті қорытындылайық. Қандай әсер алдыңыздар? Жаңадан не білдіңдер? Не ұнамады?
Автор: dauke | 6-03-2015, 19:09
Қарау саны: 1012
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :