МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУ » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУ


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУ

Қазақстанды жаңа ғасырға
білімді жастар бастап барады.
Н.Ә.Назарбаев
«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай еліміздің іргесін биік ұстап, туын желбіретіп жүрер жастарымыздың жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуына бұл күнде мемлекет тарапынан бар жағдай жасалуда. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын алға тартар болсақ, жалпы білім беретін мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту деп бағдарлама мақсатын айқындай түссе, міндетінің бірі ретінде өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету деп көрсетілген.
Ел болашағы үшін еңбек етер әрбір азамат білім жолындағы алғашқы қадамын мектептен алса, онда берілетін тәрбие де адам үшін өмірлік азық. Сол себепті де мектепті - бала бойына білім мен тәрбиені қатар дамыта алатын ошақ деп үлкен баға берген.
«Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.
Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсын күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі де бірегейі десек, артық айтқандық болмас еді. Бұл мәселе қазіргі күні де айрықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму қарқыны ағымында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Оларға ұлттық тәрбиені дарыту одан да күрделі. Осы тұрғыдан алғанда, біздің халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлы мұрасын оқу-тәрбие ісінде пайдалану – кезек күттірмейтін мәселе. Біздің ұлтымыз "Біз өнерлі халықпыз!” – деп мақтануға тұрарлық өнер тудырған және сол өнері әлемге танылған халық.
Халық өнері бұл – рухани байлық. Ол – биік рух пен отансүйгіштіктің бастауы. Қилы заманды басынан кешірген халқымыз салт-дәстүрлерімізді сақтап қалды. Сол сан ғасырлар бойы ұмытылмай бізге жеткен бай мұраны келер ұрпаққа да жеткізе білу керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде: "Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек” – деп атап өткен.
Әрбір адам алған білімін әркез оқыған әдеби кітаптары, газет-журналдары арқылы жетілдіріп, түрлі жаңалықтарға толы теледидарды көру арқылы, интернетті қарау арқылы, радио тыңдау арқылы толықтырып отырады. Ал бүгінгі жас ұрпақ өз білімін қалай жетілдіруде? Бүгінгі күні теледидардан гөрі интернетпен жұмыс жасауға құмар жас ұрпақ қалай тәрбиеленуде?
Ерте кезде әрбір сәби тал бесікте әже әлдиімен тербеліп, ертегі тыңдап өсіп, ержететін. Ал қазір теледидардың өзінде қазақша ертегілерден гөрі түрік, корей, батыс кинолары үзілмей қойды. Тіптен балалар интернеттің өзінен ертегілердің батыстық нұсқаларын оңай тауып көре алады. Ендеше, ұлттық тәрбиені біз әдеби кітаптар мен теледидар, интернетке ғана жауапты етіп қалдырмай, әрбір мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіннің бойына күнделікті сабақ арқылы да сіңіре аламыз.
Әрбір сабақта мұғалім оқушыны ұлттық тәрбиемен сусындатып отырса, ол ұрпақтың тілі мен дінін, дәстүрі мен салтын қастерлейтін азамат болып өсері хақ.
Ендеше математика пәнінде оқушыға ұлттық тәрбиені қалай берудеміз?
5-сынып үшін «Аралас сандарды азайтуға есептер шығару» тақырыбын алайын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару арқылы білімдерін арттыру.
Дамытушылығы: есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін, дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім-білікті қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, плакаттар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау: № 547 (1,3,5,7,9)
а) ауызша, б) сұрақ қою в) бағалау
3. Үй тапсырмасын қорытындылау:
1) Аралас сан дегеніміз не?
2) Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
3) Жай бөлшектерді қысқарту.
4) Жай бөлшектің түрлерін ата.
5) Аралас сандарды қалай салыстырамыз?
6) Бөлшектің негізгі қасиеті.

Сұрақтарға жауап беру арқылы плакаттан «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреті шығады:

4. Жаңа сабаққа көшу.
Ертегіні баяндай отырып, мысық тышқанға келгенде, тышқан

келесі есепті шығарып беруді сұрайды.
№ 549. Теңдеудің түбірлерін Тышқан бидайды береді. Бидайды алып,
табыңдар: тауыққа барады.
тек:

Ж:

Тауық келесі есепті шығарып Тауық жұмыртқасын Жұмыртқаны алып
беруді сұрайды. . береді. дүкеншіге барады.
№ 549.
тек:

Ж:

Дүкенші келесі есепті шығарып беруді сұрайды.

№ 551. Есептеңдер:

Дүкенші сағыз береді. Сағызды қыздарға алып барады.

Қыздар келесі логикалық есепті шығарып беруін сұрайды (логикалық есеп
« Сергіту сәті»).
Қыздар су береді. Суды апарып, ағашқа береді.

Ағаш келесі есепті шығарып Ағаш жапырағын береді. Жапырақты беруін сұрайды. әкеліп, сиырға 
№ 551. береді.

Сиыр келесі есептердің дұрыс жауабын беруді сұрайды. 

5. Сабақты қорытындылау : «Дұрыс жауап беремін». Жауаптарын «иә» немесе «жоқ» деп береді.

Сиыр қатығын береді.

Қатықты мақта қызға береді. Мақта қыз құйрығын береді (суреті плакатта). 
Үйге тапсырма: № 549 (3), № 550 – есептер және ережелерді қайталау.
Бағалау.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, әрі қазақ ертегісінің тәрбиелік жағын көрсету мақсатында сабақты «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен байланыстырып өттім, үй тапсырмасын қорытындылау арқылы тақтада ертегі көрінісін аламыз. Ертегіні оқушылармен бірге еске түсіру арқылы мысықтың тышқанды бас салып, бір қап дән алуынан бастап, есептер шығарылып отырады, яғни тышқан дәнді беру үшін мысыққа есеп шығарып беруін сұрайды. Мысық есепті шығарғанда ғана дәнді ала алады. Ал мысықтың есеп шығаруына оқушылар көмектеседі. Осылай есептерді шығару арқылы тауықтан жұмыртқа, дүкеншіден сағыз, қыздардан су, ағаштан жапырақ алған мысық мақта қыздан құйрығын алып, сабақ қорытындыланады. Бұл жерде ертегінің соңынан басына қарай тоқталып, тапсырмалардың орындалуы оқушыға ертегіні түсінікті, әрі қызықты етіп жеткізуіне септігін тигізіп тұр. Әрі ертегіге тапсырмалар орындалу үшін ешқандай ойша түзетулер қоспай, толық нұсқада жеткізе аламыз. Ертегі арқылы оқушылар үлкеннің тілін алуды, әдепсіз болмауды, әр нәрсеге еңбекпен ғана қол жеткізуге болатынына тағы бір рет көз жеткізеді.
Қазақ ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығын еске түсіре отырып, жас ұрпақты тілін, әдебиетін сүюге тәрбиелейміз. Мысал ретінде 6-сынып үшін «Рационал сандар қасиеттеріне есептер шығару» тақырыбын қазақ ақыны Ахмет Байтұрсынұлымен байланыстырып өттім. Себебі бұл сабақ, ұлы ақынның туылған күнімен, яғни 18 қаңтармен сәйкес келді. Сондықтанда үй тапсырмасын қорытындылай отырып, ақынның суретін тақтадан шығардық. Оқушылардан ақын жайында қысқаша сұрап өтіп, жаңа тақырыпқа көштік. Есептерді шығару барысында Амет Байтұрсыновтың туылған өңіріне, хронологиялық кестеге, ақынның мысалдары мен аудармаларына қысқаша тоқталып отырдым. Сабақ соңында оқушылар ақынның өлеңдерін еске түсіре отырып, үзінділер оқыды және А.Байтұрсынов жайлы шығарылған кітаптар көрсетіліп, кітапханадан толық оқып шығуларына ұсыныс білдірдім. Сабақ арқылы оқушылар қазақ әдебиетімен бір сусындады.
Қазақтың әр мүшел мен жыл атауларына аса мән беріп, олар арқылы жорамалдар жасап, қауіп-қатерден сақтанып, әр жылдан алдын ала жақсылықтың нышанын байқап отырған. Жыл атауларын жан-жануарлармен қатар аспан жұлдыздарында байланыстырып, сол жылдарда туылған әрбір адамның өзіне тән ерекшелігін де белгілеген. 6-сынып үшін өтілген «Координаталық түзу. Координаталар бойынша нүктені салуға есептер шығару» тақырыбы жыл атауларының жұлдыздармен байланысында өтілді. Үй тапсырмасының өзі оқулықтағы аспан әлеміне байланысты қойылған есеп болатын, үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыра отырып, тақтаға 12 жұлдызнама белгісін шығарамыз. Тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар жұлдызнамаларын тақтадан көріп отырды. Ал сыныптағы қалған оқушылар қосымша тапсырмалар алу арқылы өз орындарында отырып, координаталары бойынша жұлдызнамалардың аспан әлемінде орналасуын зерттеді. Нәтижесінде оқушылардың қай жұлдызнамаға сәйкес келетіні, олардың аспан әлемінде қалай белгіленетіні және өз бойларындағы жұлдызнамаға сәйкес дара қасиеттерін психологиялық зерттеулер бойынша танысты. Сабақ арқылы оқушылар жұлдызнама мен бойларындағы қасиеттердің сәйкестігін анықтап, ата-бабамыз секілді әр күннен жақсылық күту керек екенін ұғынды.
Математика пәні сандармен тығыз байланыста екені анық. Нөлден бастап 9-ға дейінгі цифрлардың көмегімен кез келген сандарды алуымызға болғанымен, бұл сандардың мән-мағынасына көпшілік назар аудара бермейді. 7-сыныппен өтіліген «Рационал өрнектер» тақырыбындағы сабақтан сандардың халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін қазақы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді байланыстыра өтілуінен байқауға болады.
Көріп отырғанымыздай, әр сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттай білсек, біздің ұрпақ тек ұлтшыл болып өсері анық.
Иә, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Оның мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Ал міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу.
Ендеше, ұлтжанды әрбір қазақ баласы – біздің болашағымыз!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оқулық, Математика 5, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланова. Алматы «Атамұра» 2010 жыл
2. Оқулық, Математика 5, А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова. Алматы «Мектеп» 2009 жыл
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж
4. «Математика және физика» журналдары, 2010-2011 ж.
5. «Қазақ ертегілері», Алматы, 2009 ж
6. Интернет беттерінен.
Автор: Айгүл | 29-04-2015, 20:58
Қарау саны: 604
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :