Арқан тартыс » Қазақша білім сайты
Жарнама



Арқан тартыс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Шұбарсу» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Арқан тартыс.
Сыныбы: 6 «Г»
Пән мұғалімі: Б. Абдуразаков
Мерзімі: 21.12. 2013.
Сабақтың тақырыбы: Арқан тартыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақтың қимылдарын түсіндіру, ойлау қабілеттерін артыру, ептілікке, икемділікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

1.Білімділік: Оқушыларға арқан тартысты көрсету, түсіндіру,
үйрету.
2.Тәрбиелік: Ойын барысында адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.
3. Дамытушылық: Оқушылардың бірігіп ұйымшыл қимыл- қозғалысын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Құрал жабдықтар: Арқан, ысқырық.
Өтілетін күні: 21 .12. 2013.
Өтілетін орны: Спорт алаңы.
Өтілетін уақыты: 1525 —1610:

Сабақтың барысы

Қ/c
Сабақтың мазмуны
Жүктеме
Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық
бөлім
Бір қатарда сап түзеп тұру.Кезекшінің баяндамасы. Мұғалімге рапорт беруі, сәлемдесу, сабақтың мақсатын қысқаша хабарлау, орнында тұрып бұрылу, оңға бұрылып алға бастау, екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
15 - минут
Сабақты уақтылы бастау, дене шынықтыру киімін кимеген оқушыларға ескерту жасау. Арақашықтықты сақтау.Қолдарды айналдыра арқаны тік ұстап басты көтеріп жүру. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Негізгі
бөлім
Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8 -10 метрлік екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізүшінің берген командасы бойынша деп санап шығады. Содан кейін дегендері бір жаққа, дегендері екінші жаққа бөлінеді.
Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе сызылған белгі - сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егерде бәрі бірдей арқаннан ұстауға сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізүшінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты – қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады.
Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі.
Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.
25 – минут
Қозғалмалы ойындардың техникалық ережелерін сақтай отырып орындалуын қадағалау керек.

Қорытынды
бөлім
Спорт залды қатармен бір айналып шығып, орнына келіп тұрады.Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, мақтап мадақтау.
5 - минут
Ойында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау.
Ілмек сөздер: Арқан тартыс
Автор: dauke | 6-04-2015, 21:28
Қарау саны: 1096
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :