Көңілді мәре » Қазақша білім сайты
Жарнама



Көңілді мәре

Көңілді мәре

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулықтарын дұрыс қалыптастыру, ұйымшылдыққа, достыққа ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ынтасын арттыру.

Керекті құрал жабдықтар: Доп, ысқырық, теннис шаригі, картоп, қап, секіртпемен жүгіру, арқан.

Сайысқа қатысушы оқушылар: 2 сыныптың «Семсер»тобы, 3 сыныптың «Жалын» тобы.

Ұйымдастыру кезеңі :

Мұғалім екі топқа бірінің артына бірін қояды. Сайыстың ережесімен таныстырады және әділ – қазылар алқасымен таныстыру.

Топтармен сәлемдесу: (топтың аты, ұраны).

1.Допты жерге соғу (эстафета).

Әр топ оқушылары допты жерге соғып жүгіріп белгіленген жерге барып, келіп, келесі оқушыға береді, қай топ бірінші келсе сол топ жеңеді

2.Теннис шаригі.

Екі топ бір – бірден шығып теннис шаригін ракеткамен ұрып, белгіленген жерге барып келуі керек. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

3.Картоп.

Екі топ ортаға шығып, бес картоптан аршиды, қай топ бірінші бітсе сол топ жеңеді.

4.Қап.

Екі топ қапты аяқтарына киіп алып, кезек-кезек сеіріп жарысады, қай топ бірінші келсе сол топ жеңіске жетеді.

5.Секіртпемен жүгіру.

Топ оқушылары белгі бойынша үлкен допқа отырып жарысады. Белгіленген жерге барыпкейін қайтады, келесі ойыншыға допты береді. Ойынды бірінші аяқтанған топ жеңімпаз болады.

6.Арқан тарту.

Екі топ жуан ұзын арқанды алып сызылған сызықты ортаға алып, төрешінің белгі беоуімен екі топ тартысады. Қай топ сызықтан тартып өтсе, сол топ жеңіске жетеді.

Сайысты қорытындылау:

Екі топ сапқа тұрғызылады. Әділ - қазылар сайыстың қорытындысын айтады, әр топқа ұпай беріледі. Ұпай санын есептеп топтарды марапаттау.

 

 

Шаймерденов Қуантай Секенович

Алғашқы әскери дайындық

және дене шынықтыру пәні мұғалімі

ЖББ №30 орта мектеп КММ

Теректі ауылы Қарқаралы ауданы

Қарағанды облысы


Автор: dauke | 18-12-2015, 21:25
Қарау саны: 1389
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :