Төменгі және жоғары сөреден жүгіру техникасы » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Төменгі және жоғары сөреден жүгіру техникасы


Төменгі және жоғары сөреден жүгіру техникасы

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

Ізбасханов Алмас,
І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

 


Төменгі және жоғары сөреден жүгіру техникасы
Сабақтың мақсаты: Төменгі және жоғары сөреден жүгіру техникасын жетік меңгерту арқылы икемдік, тұтас қозғалыстың үйлесімділігін қалыптастыру; оқушының шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту; адамгершілікке,төзімділікке тәрбиелеу.
І. Дайындық бөлім
1. Сапқа тұрғызу.
Рапорт қабылдау, сәлемдесу.
2. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау
3. Саптық жаттығуларды орындау: «Оңға», «Солға», «Кері айнал», «Бір қатардан екі қатарға сап түзе» т.б
4. Жай жүріспен орындалатын дене қыздыру жаттығулары:
- Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру.
- Қол белде, өкшемен жүру.
- Қол белде, табанның ішімен және сыртымен жүру.
- Қол алда жартылай отырып жүру.
5. Жай жүгіріс кезінде орындалатын дене қыздыру жаттығулары:
- Бір қалыпты жүгіру.
- Оң, сол қапталмен жүгіру.
- Оң, сол қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.
- Қолды шынтақтан бүгіп, алақанға тізені тигизип жүгіру.
- Қол артта өкшені алақанға тигізіп жүгіру.
6. Тыныс алу жаттығуларын орындау:
- Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен терең дем алып, еңкейіп дем шығару.
7. Ж.Д.Ж
- Б.Қ. аяқ иық көлемінде, қол белде, басты 1-2 солға, оңға 3-4 айналдыру.
- Б.Қ. аяқ иық көлемінде, қол белде, қол иықта, шынтақты 1-2 алға, артқа 3-4 айналдыру.
- Б.Қ. аяқ иық көлемінде, қол белде, белді 1-2 солға қарай, оңға 3-4 айналдыру.
- Б.Қ. аяқ иық көлемінде, 1 қолды жоғары көтеру, 2 еңкейіп қолды аяқтығ ұшына тигізу, 3 қолды алға созып отыру, 4 Б.Қ келу
- Б.Қ. аяқ иық кеңдігінде, қол алда 1 отырамыз, 2 тұрамыз.
2. Б.Қ келеміз.
ІІ негізгі бөлім
1.Төменгі сөреден жүгуру техникасы:
Дайын сөре қалыбының тұрақты бұрышы ша-
масы 45 С ал, артқы тірегіштің бұрышы 80 С дейін
өзгертуге болады.
-Сөреге! деген команда естілген бетте екі қолдың
ұшын жерге тигізіп, екі иық сөре сызығының үстіне
немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізерлеп отырады.
-Дайындал! деген команда берілгенде жүгіруші
артқы тізе мен денені сәл көтеріп, ауыз арқылы
тез әрі терең тыныс алады.
-Жүгір! (Марш)деген бұйрық берілгенде жүгіруші
қолын жерден көтере алға қарай бар пәрменімен
ұмтылады.
-Мәре кермесіне жақындағанда шамамен 1м
қалғанда жүгіруші денесін алға еңкейтіп
шапшаңдықты бәсеңдетпестен мәре сызығын
жүгіріп өткені жөн.
2.Төменгі сөреден жүгіру:
2х30 м жүгіру 1х40 м жүгіру 1х60 м жүгіру
3.Жоғары сөреден жүгіру техникасы:
-Жоғары сөреден жүгіру түргеп тұрған
бастапқы қалыптан басталады.
-«Дайын бол» пәрмені естілгеннен кейін
аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді.
-«Марш» пәрмені естілгенде кеуде сөреден
Шыққаннан кейін тез жазылады.
ІІІ қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма: 100 м жүгіру

Автор: dauke | 8-02-2016, 01:08
Қарау саны: 597
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :