Педагогикалық жұмысым туралы эссе » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Педагогикалық жұмысым туралы эссе


Педагогикалық жұмысым туралы эссе

Педагогикалық жұмысым туралы эссе

Ұстаз...Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға деп білемін.Сондықтан мен де балалық шағымнан ұстаз болуды армандадым.Қиындығы мен қызығы бірге жүретін мамандықтың шынайы иесі болғым келді және болдым деп ойлаймын. Алдыма келген әрбір оқушының жанына білім дәнін сеуіп, өмір атты шексіз ғаламға қанат қақтырып жіберуге тырысудамын. Оларға білім беріп қана қоймай, тәлім -тәрбие беріп, өмірге икемдеп, адалдыққа баулып, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту міндетім деп білемін.

Өзім сынып жетекшісі болғандықтан, олармен сырласа отырып, жан дүниелерін ұғынуға тырысамын. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды , инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай , қазақы болмысын да сақтап тәрбиелеуге атсалыссам деймін.

Мен өз жұмысымды дарынды балалар арасында өткіземін, олардың танымдық қажеттіліктері де мол, сондықтан өзімнің де білімдік қорымды үздіксіз толықтырып отыратынымды сезінемін. Дарынды бала өз бетінше көп ізденетін, білген үстіне білгісі келіп тұратын, қызығушылығы мол, жан- жақты дамыған тұлға. Сол себепті оның құштарлығына дұрыс бағыт беру оңай іс емес. Ол үнемі қосымша ақпаратты білуге, тынбай еңбектенуге ұмтылып тұрады.Ал әр баланың осы сұранысын қанағаттандырып отыру мұғалімге жүктеледі.Қазақ тілі сабағында сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларының молаюын қадағалап отыру,пікірін айта білуге жөн сілтеу, қызығушылығын арттыру да -мұғалімнің міндеті.

Техника заманы болғандықтан, қазіргі кезде оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, сауатты жаза білуге, көркем сөйлей алуға үйрету көп жұмысты қажет етеді.Сондықтан өз жұмысымда әрбір айтылған нәрсені жүрекпен түсіне білуге үйретемін. Түрлі сөздіктермен жұмыс жасатып, сөз мағыналарын түсіне білуге,стильдік және орфографиялық қателермен талдау жасауға , пікірсайыстар жүргізуге назар аудартамын.

Әдебиет сабақтарында әр қаламгердің шығармаларына деген қызығушылықтарын оятып, олардың көтерген мәселелерін дөп табуға , жан - жақты талдап, зерттеуге үйретемін. Сабақ түрлі әдіс- тәсілдер арқылы өткізілгендіктен, оқушы шығармадағы кейіпкердің жанын түсіне алады, сюжеттік талдау жасай алады, мәнерлеп нақышына келтіре өлең оқи алады. Екі пәнде де ең бастысы оқушының шығармашылық қабілетін ашу, эстетикалық талғамын қалыптастыру,рухани әлемін байыту,адам жанын жақсылыққа үйрету. Бұл жолда қателесуге болмайды.Үлкен жауапкершілікпен жас ұрпақты тәрбиелеп шығу керек. Өмірдегі педагогикалық ұстанымым - «Бұлақ көрсең,көзін аш».

«Мұрагер» ММИ

Абдильдина Сая Кенесбековна

Автор: dauke | 9-12-2016, 21:41
Қарау саны: 752
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :