» » » Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Қиғаш тор көз тоқудың үлгісі. Қос дөңгелек жиек»


Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Қиғаш тор көз тоқудың үлгісі. Қос дөңгелек жиек»

11 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Қиғаш тор көз тоқудың үлгісі. Қос дөңгелек жиек»
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға қиғаш тор көз тоқудың үлгісімен қос дөңгелек жиек тоқудың жолдарын таныстыру
- практикалық жұмыс арқылы алған білімдерін, ойлау қабілеттерін шыңдап, дамыту
- әсемділікке, ұқыптылыққа, ұстанымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Көрнекілігі: тоқыма жіптер, сымдар, журналдар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасы тексеріледі.
III. Жаңа сабақ бөлімі.
Қиғаш тор көз тоқудың үлгісі.
Шалулар саны 2-ге бөлінеді, қосымша 2 шеткі шалулар алынады.
1-қатар: 1 оң, 1 жіп тоқымай алынады.
2-қатар және жұп қатарлардың барлық шалулары теріс тоқылады.
3-қатар: *
4-қатар: 1 жіп тоқымай, іліп алынады, 1 оң *.
5-қатар: 1-қатардан қайда басталады.
Тоқып болған соң тоқыманы булау керек.
Қос дөңгелек жиек
Жіңішкерек бізбен мақта жіптен қажетті шалуды теріп алып, бірнеше қатар тоқып шығады. Бұдан кейін негізгі жіптен 4-6 қатар шұлықша тоқиды. Мақта жіпті қиып тастап, негізгі жіптің ашық шалуларын қосымша бізге өткізу керек. Тоқыманы қос қабаттап, 2 шалудан, біреуін негізгіден, екіншісін қосымша бізден алып, біріктіріп тоқиды.
IV. Үйге тапсырма: 163-бет, тоқыма әліппесін қолдана отырып, сыммен шалуды үйрену.
V. Оқушылар жұмысы бағаланады.
Автор: damesh | 29-04-2015, 21:39
Қарау саны: 1505
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :