Практикалық жұмыс . Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің реттілігі (жапсырма өрнек, кесте т.б). » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Практикалық жұмыс . Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің реттілігі (жапсырма өрнек, кесте т.б).


Практикалық жұмыс . Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің реттілігі (жапсырма өрнек, кесте т.б).

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;
Өткен сабаққа шолу;
Жаңа сабақты хабарлау;
Жаңа сабақты меңгеру;
Практикалық бөлім;
Сабақты бекіту; үйге тапсырма
І. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Өткен сабаққа шолу:
-қол тігістерінің түрлері
-уақытша тігістер не үшін қолданылады?
ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау, дәптерлеріне тақырыпты жазғызу.
Сабақтың барысы: тақтаға ою-өрнектің қарапайым көп тараған түрлері ілінеді: қошқармүйіз, сынықмүйіз. Оқушылардан оюдың атауын және қайда қолданылатынын сұрау.
ІV. Жаңа сабақ:
• Ою-өрнек дегеніміз не?
• Ою-өрнектің топқа бөлінуі?
− Қуанышын да, қайғысын да жан-жануар, аң-құс, ай-жұлдыз, күн, тау, тас т.б байлынысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері, қолөнер туындыларында да қалыс қалмаған. Дәл бейнесін бермей-ақ, кейбір сипаттары арқылы да таным-түйсіктерін баян етіп отырған. Бертін келе осы өрнектердің ұқсастығына қарай атауларға ие болған. Сонымен, ең алдымен жан-жануарларң аң-құс тектес ою-өрнек атауларына тоқталайық. Олар: қошқармүйіз, сыңармүйіз, мүйізою, тікмүйіз, сынықмүйіз, қосмүйіз.
Қазақ оюының жүйесін құрудың түп бейнесі- қоршаған ортада кездесетін заттар мен құбылыстардан алынды.
Сырмақтар мен текеметтерде аппликацияланып, безендіріліп көбінесе қошқармүйіз бейнеленсе, ал тізбек тігіспен көптеген тұскиіздерде өсімдік өрнектері- гүл оюы немесе жапырақ ою басым болып келеді. Сондай-ақ, киім-кешек, үй жабдықтары да ою-өрнекпен әсемделген. Олардың бірі ою ойылып бастырылып тігілсе, екіншісі кестеленген бұйымдар.
Оқушылардың назарына ұлттық бұйымдар суретін ұсыну.
Практикалық кезең: Оюдың кең тараған қарапайым түрлерінің дайындалу жолын көрсету.
Оқушылар жеке, өз бетімен жұмыс жасайды.
Сабақты бекіту:
-ою-өрнектің пайда болуы;
-ою-өрнектің түрлері.
Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге тапсырма: ою-өрнектен компазиция құрастыру.
Автор: Индира | 30-04-2015, 11:59
Қарау саны: 1042
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :