Өзіңмен үйлесімді өмір сүру » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Өзіңмен үйлесімді өмір сүру


Өзіңмен үйлесімді өмір сүру

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырып: Өзіңмен үйлесімді өмір сүру

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: бағалау, арлану, ұялу

Сынып: 1 Оқушылар саны 25

Мұғалімі: Аналбаева Дамина Жагорқызы Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентті

Мұса Баймұханов атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Сабақ мақсаты:

Оқушыларды істеген ісіне қарай бағалауды үйрете отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Сабақ міндеттері:

Білімділігі: Өзіңді ұятқа қалдырмайтын іс-әрекет жасай білу

Дамытушылығы: Ар-ұждан адамдық белгісін дамыту

Тәрбиелілігі: Әрбір іс-әрекетті ойланып жасауға тәрбиелеу

Ресурстар: маркер, А4 ақ парақтары, оқулық, аудиокассета, видеокассета

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

5Т ережесін сақтау

2.Тыныштық сәтi.

Су астына саяхат

3.Үй тапсырмасын тексеру.

30 беттегі 2-тапсырма

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Арыңды сақта,ар-ұждан керек әр уақытта»

Нақыл сөз

-Ұлдарға,қыздарға оқыту

-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

5.Мұғалім сыйы

«Жақсылық жасай білейік» ведиоролик көрсету

-Бұл фильмнен ұятқа қалдыратын іс-әрекет байқадыңдар ма?

-Жақсылыққа апаратын іс-әрекетін атап айтыңдар?

 

6.Шығармашылық жұмыс,

Топтық жұмыс.

Балалар екі топқа бөлінеді.

1-ұятқа қалдырмайтын іс-әрекеттерді айту.

2 –ұятқа қалдыратын іс-әрекеттерді айту

Мұғалім екі топтың жұмысын салыстыра отырып қорытындылайды.

 

7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» әнін айту

Сөзіі:Сержан Молдасанұлы

Әні: Фарида Жолдасова

 

8.Үй тапсырмасы.

32 беттегі 3-тапсырманы сахналап көрсету

 

9.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

(Тыныштық бар.. жерде, тыныштық.. бүкіл әлемде)

 

 

Автор: dauke | 8-11-2016, 19:38
Қарау саны: 352
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :