Өзімшілдік пен көпшілдік » Қазақша білім сайты
Жарнама



Өзімшілдік пен көпшілдік

Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;
• өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;
• көпшіл болуға тәрбиелеу.
Құндылық: Өзімшіл болмау көпшіл болу.
Қасиеттер: Көпшіл болу, татту болу, бірлікте болу.
Ресурстар: (үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер)


Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті
Амандасу.
Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу.
5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық

Күн нұры сіздің төбеніңзден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балған таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезімініңізді, эмоциянызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

ІІ. Үй тапсырмасы.
"Ақылды тыңдай білу де өнеге" тақырыбындағы С. Ақаевтың "Қорада малың болсын, көшеде талың болсын" әңгімесінің мазмұнын айту және үлкендердің бізге айтқан ақыл сөздерін есімізге түсіріп, айтып беру.

* Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
* Әке өсиетін орындаған балалар қандай жетістікке жетті? Сабақ барысын талдау
• Маржан достарымен неліктен дүрыс ойнай алмады?
• Өздеріңде осындай жағдайлар кездеске кезі болды ма? Қандай шешімдер қабылдадыңдар?
Дәйексөз
"Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл"
Абай

- Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады. Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды. Көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісе алатын, жеке басының ғана емес, көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді. Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді.
Дәйексөзді талқылау.

Әңгімелесу.
Қызғаныштың кесірі
Жадыра Байбұланова

Талдау сұрақтары:
* Маржан неліктен достарымен ойнай алмады?
* Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма?
* Қандай шешім қабылдадыңдар?

Дәптермен жұмыс
Кестеде берілген өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді ажыратып жазу.

Шығармашылық жұмыс
Өзімшілдік пен көпшілдікке төрт жол өлең құрастыру.
Жаттығу-ойлану
Тақырыптың мәні ашылды, енді екі топқа бөлінеміз. Келесі кезек «жаттығу- ойлану»
1 Бірінші сыныпта Гена деген бала оқыды. Ол өте талапты, үздік оқушы болды. Мұғалім қандай сұрақ қоймасын, бала бірден қолын көтеріп, толық жауап беретін. Есепті бәрінен бұрын шығаратын. Бірақ жолдастары Генаны жақсы көрмеді. Ол өзін мен өте ақылдымын, маған ешкім тең келмейді деп атап көрсетуге тырысатындығы үшін оны ұнатпайтын.
Оқу жылы аяқталды. Көктемде сыныптастар түгелімен орманға жорық жасауға әзірленді. Балалар қуанышты. Жорыққа алатын заттарды екеуара бөлісетін болды. Лезде екі- екіден бөліністі. Ал Генамен ешкімнің бірге болғысы келмеді. Гена жылап мұғалІмге келді: - Мен ешкімге тіл тигізгенім жоқ, мені неге жек көреді?- деді.
Сұрақ: Мұғалім Генаға не деп жауап берді және қандай ақыл айтты деп ойлайсыңдар?

Топпен ән айту
«Қайдасыңдар достарым»
Сөзі: Қабдыкәрім Ыдырысов
Әні: Әбілахат Еспаев
Үй тапсырмасы
Өзімшілдік пен көпшілдік туралы мақал -мәтелдерді жинақтап жаттап келу.
Дәптердің 28-беттегі тапсырманы аяқтап келу.
Соңғы тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.
"Мен сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды, көпшіл болған өте ұнайды" деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсендегенен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Сабағымыз аяқталды.Сабаққа ынталарыңызбен қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Автор: dauke | 1-03-2015, 23:29
Қарау саны: 1412
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :