Ар-ұждан-адамдық өлшемі

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

 

Тақырыбы: Ар-ұждан-адамдық өлшемі

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ар-намыс, ұждан

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна Сыныбы: 11а ә Оқушы саны 10 ; 20

Мақсаты: «Ар-ұждан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар-ұждан тазалығына баулу.

Міндеттері:

- Адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами абзал қасиетттердің өлшемі екенін таныту;

- Ар тазалығына жету үшін өз әрекетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге баулу. Өзін тәрбиелеуге жетуі;

- Өмірлік әрекетіне, өз мінез-құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту.

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, ақ қағаз, маркер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

Ескертулер:

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

«Көлеңке» М.Қалдыбай

Сұрақтар:

Б.Момышұлының өз өмірінің көлеңке жағын байқауына түрткі болып тұрған не?
Адамның өз кемшілігін білуі не үшін қажет?
Ар-ұждан адамға табиғаттан берілетін қасиет пе?

 

Дәйексөз.

"Ақылды болсаң, арыңды сақта

Ар-ұжданкерек әр уақытта”.

 

Мұғалім сыйы

«видеоролик»

 

Шығармашылық жұмыс

«Ар-ұжданым-менің өмірім: екеуінің тамыры бір, Арымнан айырылсам, өмірімнің де біткені»

У.Шекспирдің қанатты сөзін әр оқушы өз ойынша талдау.

 

Топпен ән айту.

Әкем-әнім

Сөзі О.Сүттібаев
Әні Ә.Сүлейменов

Ұшырдың баптап ұядан
Кетпейсің ойдан, қиялдан
Арманға биік қол созсам
Тұрасың демеп жиі алдан
Қайырмасы
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Адалдық әр кез көксеген
Үйрендім, әке, тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда жалғыз жетсе дем
Қайырмасы
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Жүректі тербеп күй сынды
Биікке ұшсам сүйсіндің
Мойныңа көптен асылмай
Сағындым, әке, иісіңді
Қайырмасы
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді

 

Үй тапсырмасы.

І.Есенберлиннің «Махаббат мейрамы»

(үзінді)

 

Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 

 

Автор: dauke | 19-02-2017, 17:40
Қарау саны: 1543
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :