Парыз-азаматтық арқауы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

 

Тақырыбы: Парыз-азаматтық арқауы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Жауапкершілік, өз міндетін білу, борыш мәнін ұғыну

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 11а ә Оқушы саны 10 ; 20

 

Сабақ мақсаты:

-«Парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,
өзінің азаматтық міндеті мен парызын адал атқаруға тәрбиелеу.

Міндеттері:

· -Азаматқа тән мінез,оның нар көтермес алып ісі өмірлік парызы туралы білім беру;

· - Оқушының эмоциясына ықпал ету сезімін оятып дамыту, ой – толғамын жетілдіру.
- азаматтық, оның парызы туралы ұғымдарын н,ақтылай келе, азаматтық биік саналылыққа тәрбиелеу

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, ақ қағаз, маркер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Т.Айбергенов

«Біздің жігіттер»

-«Қасқайып олар тұрғанда,

-Биіктер сенің тұлғаң да»,-дегенді қалай түсінесің?

-Сендердің орталарыңда осындай жігіттер кездесе ме?

-Кімдерді өзіңе үлгі тұтасың?

 

Дәйексөз.

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.

Халық мақалы

 

Мұғалім сыйы

Еркіндікті көксеген кемпір (парсы ертегісі) Бір кісі керуенінен көз жазып қалып адасып кетіпті. Құм арасында қаңғып жүріп, есігінің алдында кемпір отырған, оның қасында ит байлаулы тұрған қыңырайған лашыққа кездесіпті. Әлгі кісі келіп сәлем бергенде, кемпір жылы шыраймен қарсы алып, қасына отырғызады.

– Керуеннен көз жазып қалып едім, - дейді кісі, – нәр татпағаныма әлденеше күн болды. Қаужаңдар бірдеңең болса бере көр.

– Е, балам, - дейді кемпір, – алыстағы сонау жазықты көрдің бе? Сонда жылан көп, біреуін ұстап әкел, пісіріп жейік.

Қайран қалған жолаушы:

– Мен жылан ұстай алмаймын! - дейді.

– Олай болса, - дейді кемпір, – екеуміз бірге барайық.

Кемпір итін босатады да, екеуі жазыққа қарай кетеді. Екі үлкен жылан ұстап алып, құйрықтарын, бастарын кесіп тастап, отқа қойып, қуыра бастайды. Жыланның еті піседі. Жолаушы өлердей аш болған соң, амалсыз жыланның етін жейді. Содан соң қаталап шөлдейді.

– Үй алдында әне жерде бұлақ бар,- дейді кемпір.

Кісі бұлақтың басына келіп, суын ішіп көріп, сасық иісі барын сезеді. Сонда ол кемпірден:

– Осындай жайсыз жерде несіне тұрып жатырсың? - деп сұрайды.

– Бұдан жақсы жер таппайсың, - дейді кемпір, - кең жазық, бұлағының суы мол, бұдан артық жалғанда жақсы жер табыла ма?

– Біздің жерімізде, - дейді кісі, – арналы өзендер ағып жатады, ағаштардың бұтақтары жемістен майысып тұрады, тәтті-дәмді тағам мол. Жыланның етін жеу деген өңім түгіл түсіме де кірген емес.

– Оның бәрі жөн ғой, - дейді кемпір. – менің сұрағыма жауап берші ендеше, сондай рахат тіршілікте сендерге әмірін жүргізетін, қыспаққа салатын біреулер бар ма, жоқ па?

– Иә, - дейді кісі, – онда хан да, хакімдер де бар, олар өздерінің қол астындағыларға салық салады.

– Сендердің рахаттарың өктемдіксіз, езушіліксіз болмайды, сондықтан ол жыланның уынан жаман, - дейді кемпір. У ішсем де, ондай рахатқа қарағанда, еркіндікте жүргенге не жетсін.

 

 

Шығармашылық жұмыс

Адам өміріндегі парыз түрлері.

Дәптерге орындау

 

Топпен ән айту.

«Өміріңе немқұрайлы қарама»
әні: Сәкен Дәрібаев
сөзі : Серік Сейітман

Тыңда досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Шақша басың айналса да бақыттан

Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала.
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де досым қанша шаттыққа
Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тұсау салып бастатқызбай көш дара,
Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын,
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Айдын көлге айналса да көз жасың.

 

Үй тапсырмасы.

Б.Бұлқышев

Шығыс ұлына хат

 

Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 

 

 

Автор: dauke | 19-02-2017, 17:45
Қарау саны: 1272
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :