» » » Салауаттылық - өмір негізі


Салауаттылық - өмір негізі

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Сыныбы: 9а 9ә

Тақырыбы:Салауаттылық - өмір негізі Оқушылар саны: 18
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: салауаттылық, денсаулықты бағалай білу.

Мұғалім: Т.Суатова

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

- Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

- Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

- Денсаулықты бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ресурстар

(материалдар,

деректер)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгелдеу

Сабақты жағымды күйге келтіру . Тыныштық сәті

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Ойлан достым әңгіме

ü Сіздер Жангүлдің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?

ü Шылым шегу, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіздер?

ü Мұндай жағдай сіздердің орталарыңызда кездесті ме?
Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыздар?
Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек?

( саналылық, ерік, жігер, шыдамдылық, білімділік, еңбекқорлық, өмірге деген құштарлық және оны бағалай білу т. б)

 

Дәйексөз

Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.

Т. Карлейльдің нақыл сөзі.

 

Мұғалім сыйы

Ауырып ем ізденгенше, Ауырмаудың жолын ізде.

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”

Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

 

Шығармашылық жұмыс

Ұ.Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларымен толықтыру және талдау

 

Топпен ән айту

Көңілді күн

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы: Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

 

Үй тапсырмасы

«Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу.

 

Соңғы тыныштық сәті:

Тыныштық, тыныштық! тыныштық!Тыныштық барлық жерде,

тыныштық! тыныштық! тыныштық!тыныштық бүкіл әлемде!

 

 

 

 

Автор: dauke | 19-02-2017, 17:47
Қарау саны: 667
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :