ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ОТБАСЫНДА ПАЙДА БОЛУ ФАКТОРЛАРЫ » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ОТБАСЫНДА ПАЙДА БОЛУ ФАКТОРЛАРЫ


ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ОТБАСЫНДА ПАЙДА БОЛУ ФАКТОРЛАРЫ

№4 Шонжы орта мектебінің педагог-психологі

және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Чалимбекова Гаухар Женисовна

ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ОТБАСЫНДА ПАЙДА БОЛУ ФАКТОРЛАРЫ

Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам-бұл отбасы. Қазіргі уақытта отбасы мәселесі, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар әкемен, шешемен немесе баламен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізу оларды девиантты мінез-құлықты болдырмаудың алдын-алу шараларын жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етуде. Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп –жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп көріп ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады» -деп ақыл естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.

Адамдардың барлығы бірден девиантты мінез-құлықты болып туылмағанына зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ол өмірде әке-шеше мейірімі, қамқорлығы дегеннің не екенін білмей өсуі, я болмаса оған жаны ашыр нағыз достың да болмауы.

Осы орайда нақты деректерге сүйенер болсақ, қалада жайсыз отбасының, яғни «қиын» ата-ананың көбейюі девиантты мінез-құлықты отбасының арта түсуіне әкеліп отырғаны анық.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына отбасындағы түрлі жағдайлар әсер етеді. Олар: әке –шешенің теріс үлгісі, үй ішіндегі еңсені басатын жағдай – отбасында үнемі болып тұратын ұрыс, жанжал, ата-ананың біреуінің болмауы, ажырасулардың көбеюі. Өкінішке орай отбасындағы теріс қылықтарды түзету қиын.

Девиантты мінез –құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті және субъективті факторларға назар аударалық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен күнделіті жағдай себеп болады деп дәлелдеуде. Нақтылай айтқанда жасөспірімдердің бойында девиантты мінез –құлықтың пайда болуына бірден –бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тәрбиесі. Оның бастыларының бірі, баланың күнделікті жүріс – тұрыстарының қадағаламау, оның көзінше арақ – шарап ішу, дау –жанжал, ұрыс –керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі –баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтажын қамтамассыз ету деп санау. Үшіншіден , жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, балаға көңіл бөлмеу, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де түрткі болады. Төртіншіден, ата –аналардың бір топтары адамгершілік талаптардың мән –мағынасын түсінгенімен, олардың күнделікті өмірде нық ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туындайды.Бесінші себеп – кейбір ата-аналар өмірлік бағдарламасында ала беру жинау, мансапқорлық , менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл – парасатына қарай емес, «байлығына», «қажеттілігінен» қарай сый құрмет көрсету баршылық.Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік, зорлық –зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады. Алтыншы себеп – балаларын шектен тыс еркелету балаларын шектен тыс мәпелеу, ерекше жақсы өру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай «ақ саусақтыққа» дағдыландыру, алдындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын қалыптастырмау.Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекі ішімдіке, нашаға ұрлыққа икемделе бастайды.

Жастардағы девианттық мінез-құлық әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабағын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.

·жанұяда берекенің болмауы;

·ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;

·тәрбие берудегі кемшіліктер;

·өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

·өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

·сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

·психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

·агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

·мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

·балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

Оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1.Биологиялық факторлар– баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтынфизиологиялықжәнеанатомиялықжағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

·ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы,арақ-шарап,нашақорлзаттардыпайдалануы,темекітартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалықфакторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

·психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық,аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

·физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.

Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

2.Психологиялық факторлар. Бұған баладағыпсихопатологиялармен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, олпайдакүнемдік,қанағатсыздық,зорлаушылық,дөрекілікт.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

3.Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:

·оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

·мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

·әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

·криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:

·дисгармонды стиль- бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

·тұрақсыз, конфликті стиль– толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

·асоциалды стиль- ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.

4.Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.

5.Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.Девиантты мінез-құлықтыбалаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

·балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

·оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

·оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

·оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

·салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

·девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

 

Автор: dauke | 3-03-2016, 19:37
Қарау саны: 568
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :