Отбасы жарастығы » Қазақша білім сайты
Жарнама



Отбасы жарастығы

Мектеп: «Кішішыған ОМ МДШО»КММ № 11

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: сабырлық,қанағат,татулық

Мұғалім: Бейсебаева Ақмарал Ерсайнқызы

Сыныбы:Оқушылар саны:20

Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы жарастық, татулықтың маңызын түсіндіру арқылы «ішкі тыныштық» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

* Оқушыларға адам өмірінде отбасының алатын орны туралы түсіндіріп, сабырлық қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

* Өз отбасына деген мақтаныш, қанағат сезімдерін дамыту.

* Оқушыларды отбасында да, өмірде де тату болуға тәрбиелеу.

Ресурстар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.Сабақта жағымды күйге ену.

Тыныштық сәті

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздерінізді жұмуларыңызды өтінемін

Елестетіп көріңіз,Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүлдің түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұрмен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, Құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын.

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-Көз алдыңызға не елестете алдыңыз?

-Қандай сезімде болдыңыз?

Ескерту

«Нұрға бөлену». Мұғалімге арналған әдістемелік құрал

2. Үй тапсырмасын тексеру

Отбасы,ата-ана туралы мақал-мәтелдер жаттап мағынасын ашу

 

 

Мақал-мәтелдер жинағы

3. Жағымды ой пікір

Отбасы ар-намыс, қуаныш пен бақыт, тілек пен

үміт ұясы.Ұяны құс таза ұстайды.

Ұстаздан қалған ұлағат

-«Отбасы», «жанұя» сөзерінің мағынасын түсіндіріп беріңіз?

-Не үшін отбасы ар-намыс, қуаныш,бақыт,үміт ұясы?

-Отбасының тазалығын қалай сақтауға болады?

 

Интернет желісі «Ұстаздан қалған ұлағат»

 

Тақтаға дәйексөзді жазу.

4. Оқиға айту.

Отбасы татулығы (Аңыз әңгіме)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,олар бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенін растығын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң қалып. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «тыныштық», жүз рет «татулық» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып: Осы-ақ па? Ия, - деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Сұрақтар:

1. Отбасы татулық пен бірлікке қалай қол жеткізді?

2. Қария айтқан «сүйіспеншілік», «тыныштық», «татулық», «шыдамдылықтың» отбасында қандай маңызы бар?

3. Сіздің ойыңызша отбасында тыныштық болу үшін не істеу керек?

-Пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге рахмет.

 

Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы.Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.

 

 

Аңыз әңгімесі

5. Шығармашылық жұмыс.Топпен жұмыс

Оқушыларды стикерлер арқылы топқа бөлемін.

«Менің жанұям» тақырыбында өз жанұяларының суреттерінен топпен коллаж жасап, жанұялары туралы әңгімелеп береді.

Стикерлерге тилектер жазып шаңыраққа іледі.

 

 

Плакаттар, маркерлер,суреттер, стикерлер

6. Топпен ән айту

«Анашым»

Орындаушы: Қарақат Әбілдина

Оянғанда түнде жұбатып,

Ақ сүт беріп өсірген.

Басқаныма тәй-тәй қуанып,

Тұсауымды кестірген.

 

Қайырмасы:

Анашым, құдіретіңе табынамын,

Көремсем бір күн сені сағынамын.

Анашым, қартаймашы жалынамын.

Анашым, қартаймашы, жалынамын.

Көз алдымда дәурен балалық,

Тіліңді алмай есірген.

Балалықпен қылсам шалалық,

Әркез мені кешірген.

 

Қайырмасы:

Анашым, құдіретіңе табынамын,

Көремсем бір күн сені сағынамын.

Анашым, қартаймашы жалынамын.

Анашым, қартаймашы, жалынамын.

 

 

Үнтаспа

7. Үйге тапсырма

45-бет мәтінін оқу,әңгімелеу.

5 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

45 -бет

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Әуен ырғағымен сабақтан не алғанын естеріне түсіреді.

-Сабақтан қандай әсер алдың?

-Өзіне сабақтан қандай ой түйдің?

 

 

«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Бейсебаева Ақмарал Ерсайынқызы

Автор: admin | 10-03-2016, 13:23
Қарау саны: 1138
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :