ҰБТ - білім көрсеткіші » Қазақша білім сайты
Жарнама



ҰБТ - білім көрсеткіші

ҰБТ - білім көрсеткіші
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алгазина Роза Каскабаевна
ҰБТ оқушылардың білім көрсеткіші,мұғалім еңбегінің жемісі деп айтатын болсақ,оған дайындық 10 кластан бастап жүргізілді.10 класта жаратылыстану-математикалық бағытқа 1 сағат қосымша беріледі.Былтырғы оқу жылында көбінесе «Генетика және селекция» тақырыбына берілді.Онда оқушылар көбірек генетика және қан туралы тақырыбына,вариациялық қатар құру,қан топтарын анықтауға есептер шығарды.Осы кезде биология пәнін таңдап отырған оқушыларға көбірек көңіл беремін.Биылғы оқу жылынан бұл курстың атауы өзгерді,бірақ,тақырыптары қалдырылды.
Биология мектеп курсында 6 кластан басталады.Аптасына 1,5 сағат.9 класта аптасына 2 сағат.Бірақ ҰБТ-да берілген сұрақтардың көбісі 6-7 кластардан кездеседі.Сондықтан жоспарды құрғанда 6-7 класқа көбірек мән беремін.Мысалы:Өсімдік мүшелері 2-ге бөлінеді:
1.Вегетативті :
Тамыр, сабақ, жапырақ
2. Генеративті :
Гүл,жеміс,тұқым
Сондықтан бұл тақырыптарға міндетті түрде 2 сағат жіберемін.Сол сияқты 7 класты өткенде жоғарғы және төменгі сатылы өсімдіктер,дара және қосжарнақтылар тобына жеке тоқтап өтемін.Бірақ бір тақырыптың өзі мысалы: қосжарнақтылар 9 класқа бөлінеді,сондықтан мұны жүйелеп айтамын;
1.Қандай өсімдіктер жатады
2.Формуласы
3.Жемісі
4.Гүлшоғыры
5.Таралу саны
Биылғы оқу жылында дайындық 2 күнге қойылды.Қазіргі кезде 11 «А»,11 «Ә» кластарына бөлек өткізіп жүрмін.
1.ҰБТ-ға дайындық кезінде салыстыру таблицасын көбірек пайдаланамын.Мұны көбінесе тарау біткен кезде аламын.Мысалы:
Омыртқалылар Миының құрылысы Жүрегінің құрылысы Қан айналымы Қоректенуі
Балықтар
Қосмекенділер
Жорғалаушылар
Құстар
Сүтқоректілер
2.Былтырдан бастап ҰБТ-да жылдар енгізілуіне байланысты сандық таблицамен жұмыс жасауды бастадық.Мысалы: 9 қорық бар десек, олардың құрылған жылдары.Мұны тарау бойынша жасаймыз.
1630 ж. Р.Гук жасушаны ашты.
1665 ж.Ван Гелмант фотосинтезді ашты.
3.Ғалымдарға жеке тоқтау
Биология саласында жаңалық ашқан ғалымдар баршылық.Сондықтан әр класты аяқтар алдында ғалымдарға жеке тоқталамыз.Мысалы: 6 класта:
1.Р.Гук
2.Әкелі-балалы Янсендер
3.Ван Гелмант
4.Тимерязов
5.С.Мечников
2010-2011 жылы биология пәнін ҰБТ-да 5 оқушы таңдап,орташа көрсеткіші-19,5
2011-2012 жылы 8 оқушы таңдап,орташа көрсеткіші-21,5
2012-2013 оқу жылында 19 оқушы таңдап,орташа көрсеткіш-22.
2013-2014 оқу жылында 2 оқушы таңдап, орташа көрсеткіш- 24.
Мектеп бойынша биология пәнінен көрсеткіш төмендегідей: 6 класс 78,2%, 7 класс 70,4%,10 класс 86,6%,11 класс 91,3%.
Автор: dauke | 1-03-2015, 23:51
Қарау саны: 702
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :