Педагогикалық кеңесте оқылған баяндама Дефектология туралы түсінік » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Педагогикалық кеңесте оқылған баяндама Дефектология туралы түсінік


Педагогикалық кеңесте оқылған баяндама Дефектология туралы түсінік

Педагогикалық кеңесте оқылған баяндама

Дефектология туралы түсінік

Дефектология -(латынша defectus-кемістік және грекше logos-ғылым) педагогика ғылымына жатады және дамуында ауытқушылығы бар балалардың психо-физиологиялық дамуының ерекшеліктерін, оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Жеке ғылым саласы ретінде XVIII ғ. қолға алына бастады. Алғаш рет Еуропа, Киев, Ресей елдерінде зерттелді.

Ал біздің елімізде ХІХғ. аяғында қолға алына бастады.

Дефектология ғылымы мынадай төрт саладан тұрады:

Сурдопедагогика, тифлопедагогика,олигофренопедагогика және логопедия.

Сурдопедагогика - есту қабілеті төмен немесе мүлдем естімейтін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар немесе көрмейтін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

Олигофренопедагогика - ақыл-ойында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу.

Логопедия – сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларды түзету саласы.

Дамуында ақауы бар балалардың тәрбиесі – дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті – жалпы педагогикалық принциптермен анықталған, яғни оларды қоғамдық өмірге бейімдеу – бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде. Сондықтан тәрбиенің бұл түрі тек педагогтың ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асқаны орынды. Бұл қарым-қатынас қалыпты жағдайда өзара түсіністік, бір-біріне көмек беру жағдайында өткені дұрыс. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет.

Өзім олигофренопедагог маманы ретінде 2006 жылдан бері ерекше қамқорлықты қажет ететін балалармен жұмыстанып келемін. Аталмыш мектепте былтырғы оқу жылының қараша айында жұмысқа кірістім. Қарамағымда былтыр 14 бала болса, биыл - 28 бала. Бұл балалар Ақсай қаласындағы ПДПК мамандарының берген қорытындысы негізінде қабылданады. Алдымен ата-аналарымен келісім шартқа отырып,оларға түзеу- -дамыту сабағының барысы түсіндіріледі. Яғни, сабақтың аптасына екі рет болатындығы айтылып, сабақ кестесі беріледі. Әр балаға жеке іс парағы ашылып, қажетті құжаттар жинақталады. Оқушыларға оқу жылының басында екі апта диагностикалық зерттеу жүргізіледі. Зерттеу қорытындысымен әр балаға жеке дамыту бағдарламасы толтырылып, күнтізбелік жоспар жасақталады. Күнделікті сабақ жоспары бойынша жеке, жартылай топтық және топтық сабақтар өткізіледі. Әрбір бала сабқтар өткізілу барысында бақыланып, сабақтың нәтижесі, оны баланың қабылдауы бағытында бақылау күнделігі толтырылады.

Қарауымдағы 2 «а» сынып оқушысы Лұқпанов Муслим – үйден оқытылатын оқушы. Биылғы оқу жылынан бастап ол оқушыға бір сағат бөлінді. Бірақ ол оқушымен былтырдан бері жұмыстанып келемін. Пән мұғалімімен бірігіп жұмыстанудың арқасында ол оқушыдан аз да болса өзгерісті байқауға болады. Сөйлей алмаса да, біраз әріптерді көрсетіп, онға дейінгі сандардың ретімен қойып, танымдық тапсырмаларды жақсы деңгейде орындай алатын дәрежеге жетті.

Әрине, оқушылармен жұмыс жүргізуге арнаулы бағдарламалардың жетіспеуі мен әдістемелік құралдардың жоқтығы деген сияқты мәселелер денсаулығында ақауы бар балалармен жұмыстар үшін үлкен қиындыктар тудырып келеді.

Дегенмен бар мүмкіндікті пайдалана отырып, осындай бағытта өмірлері ерекше өрілген балаларды оңалту жолында жұмыстар жасалынуда.

Дәстүрлі жыл сайын ұйымдастырылатын Республикалық ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың шығармашылығын қолдау мақсатында«Жұлдызай» фестивалінің аудандық сайысына былтырғы оқу жылында бес оқушы қатысып, төртеуі екеуі алғыс хатқа ие болса, «бейнелеу өнері» номинациясы бойынша екі оқушы, «би» билеуден бір оқушы облыстық кезеңге жолдама алып, алғыс хат пен сыйлықтар иеленді.

Білім және Ғылым Министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 2013 жылдың хатына сәйкес ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қоғамның тұрақты назарын аудару мақсатында биыл да 1 тамызы мен 1 қараша айлары аралығында «Жолашар» акциясы аудан көлемінде өткізілді. Акциясының мақсаты - дамуында ауытқуы бар балаларға деген немқұрайлы қарау көзқарасын жою.

Осы орайда жоспар құрылып, сыныптан тыс шаралар атқарылды. «Мектеп портфелі» акциясымен 1 сыныпқа қадам басқан 5 бүлдіршінге мектеп портфелі ұсынылды. Үйден оқитын Лұқпанов Муслимге портфель мен тәтті сыйлық үйіне апарылып берілді. Ләйлім Серікқызы сыныбымен мұражай аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.

Акция барысындағы кең көлемде оздырылған шара «Өнерлі балғын» концерттік бағдарламасы болды. Бағдарламада қонақ ретінде дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыстанатын мекеме балғындары шақырылып, олар өз өнерлерін ортаға салды. Мұндағы мақсат - тек дарындылар ғана емес, басқа да балалар өнерлі, олардың мүмкіндіктерінің шектеулі емес, шексіз екенін дәлелдеу. Ондай балаларды сыныбынан бөліп алуға болмайды. Бүлдіршіндердің барлығы да тақпақ айтты, ән шырқады, би биледі, көрініс қойды, тіпті басқа балалармен бірге концерттік бағдарламаны жүргізді. Ата-аналар да белсенділік танытып, өлең жолдарын оқып, көрініске қатысты. Бұл концеттік бағдарлама әр баланың жүрегіне қуаныш сыйлады, сенімділік ұялатты.

Дарынды жазушы, қазақтың бес арысының бірі Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, əуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сəулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.

Болашақта да өмірлері ерекше өрілген балалардың өмір сүруге деген құлшыныстарын жандандырып, жан-жақты дамуына ықпал ету, қоғамда өздерін жеке тұлға ретінде еркін сезінулеріне жағдай жасау басты мақсат болып қала бермек.

 

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Жымпиты ауылы

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев

атындағы орта мектептің мұғалім-дефектологі Беленова Райхан Жаскеленқызы

 

 

 

Автор: dauke | 18-02-2016, 22:04
Қарау саны: 1590
    
Жарнама

Пікірлер -
1


abryCub - 25 ақпан 2016 00:50
давно хотел посматреть

---

Центр Имплантологии ИМПЕРИЯ здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :