«Ғасыр обасы – ЖҚТБ, АҚТҚ және нашақорлық» » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » «Ғасыр обасы – ЖҚТБ, АҚТҚ және нашақорлық»


«Ғасыр обасы – ЖҚТБ, АҚТҚ және нашақорлық»

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарыобалы ауылы

№34 негізгі орта мектеп психологы

Жунусова Назгуль Савлявтайевна

 

Тақырыбы: «Ғасыр обасы – ЖҚТБ, АҚТҚ және нашақорлық»

Мақсаты:

ғасыр дертіне айналған ЖҚТБ және АҚТҚ аурулары және нашақорлық туралы оқушыларға түсінік беру. Олардың адам ағзасына тигізер зияны, залалы жөнінде түсінік беру, сонымен қатар оқушыларды өз ойын жинақтап жеткізе білуге, тұжырым жасап, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету, осының негізінде адамгершілік, рухани қасиеттерін қалыптастыру. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Көрнекіліктер:Қанатты сөздер «Салауатты өмір сүр», «Болашағың өз қолыңда», «Өмір, сен қымбатсың маған», т.б.; оқушылардың тақырып бойынша салған суреттері.

·Сабақтың түрі: семинар-тренинг

·Барысы:

1. «Амандасу» жаттығуы

2. Кіріспе сөз

3. «Гүлдер алаңқайы» жаттығуы

4. Миға шабуыл

5. «Аралдар» жаттығуы

6. Көрініс «Айдынның сөзі»

7. «Вернисаж» жаттығуы

8. Тест

9. «Жүректен жүрекке..» жаттығуы

10.Қорытынды

 

Тренингтің жүру барысы:
Психолог: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің психологиялық тренинг сабағымыз «1-желтоқсан – дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне» арналып отыр. Адамзатты алаңдатқан кесапаттың Қазақстанда жылдан жылға өршуі үлкен қауіп тудыруда. Бүгінгі сабағымыз осы ғасыр дерттерінің пайда болуы, белгілері, жұғу жолдары және де олардың алдын алу, олармен күрес жөнінде болмақ.
«Амандасу» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен – Айшуақпын ақылдымын, мен Бахтиярмын – бақыттымын, т.б.

Кіріспе сөз: ЖҚТБ ауруының «ЖҚТБ – ХХІ ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы ашылған уақыттан бастап шамамен 30 жыл өтті (1981 ж.). Осы уақыт ішінде ЖҚТБ бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам адамның өмірін қиды. АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясының тек қана медициналық мәселе болудан қалғанына біраз болды. Ол адам өмірінің барлық қырларын жанап өтті: саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және білім.
Қазіргі уақытта АҚТҚ-инфекциясы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тіркелген. Бұл қауіпті вирусты жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған.
ЖҚТБ-ны ағзаның иммундық (қорғаныс) жүйесінің өмірлік маңызы бар жасушаларды жоятын адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тудырады.
АҚТҚ жұқтырған адамда аурудың белгілері бірнеше жыл бойы дамиды. Осы жылдар бойы ол кәдімгідей өмір сүруі мүмкін. АҚТҚ вирусы адамды аурулардан қорғайтын маңызды бөлшек болып табылатын қанның ақ жасушаларын зақымдайды. Олар зақымдалған кезде адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті бірден әлсіреп кетеді. Әдетте, сау иммундық жүйе оңай жеңетін «жеңіл» аурулар бұл жағдайда ауыр асқынулар тудыруы мүмкін.

«Гүлдер алаңқайы»жаттығуы

Нұсқау: балалар бір-бірінің соңынан тізбектеліп тұрады да, поезды бейнелеп қозғалады. Тоғай ішіндегі әр түрлі гүлдер өсіп тұрған алаңқайға келіп, әрқайсысы гүл тереді. Топты жинаған гүлінің түсіне қарай бірнеше шағын топтарға бөлеміз.

Барлығы оқушылар төрт топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл»: Төрт топқа сұрақтар беріледі.

1-топ: «Балалар темекі шегуге неге әуес?»

2-топ: «Алкогольдің адам ағзасына тигізер әсері туралы не білесің?»

3-топ: «АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпалы ауру дегенді қалай түсінесің? » (белгілері, жұғу жолдары, т.б.)

4-топ: «Нашақорлық қандай дерт?»

Әр топ берілген сұраққа жауап жазып, қорғайды.

Келесі кезекте ЖҚТБ және нашақорлық дерттеріне байланысты оқушылардың жазған өлеңдері тыңдалады.

«Аралдар» жаттығуы (сергіту)

Нұсқау: Еденге 2-3 қағаз тасталады. «Арал» саны баладан біреуі кем болу керек. Балалар оларды айналып жүреді. Алақанды ұрған кезде олар екі аяқтарымен «аралды» басу керек. Кім үлгермесе немесе сыймаса сол ойыннан шығады, бір «арал» алынып тасталады. Бір арал қалғанша жалғастырады.

Психолог: Республикамызда ЖҚТБ-ға қарсы күрес жұмысын атқаратын арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Оның құрамында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнінже республикалық орталық, облыстық, қалалық ЖҚТБ орталықтары, кеңес беру және анонимді түрде тестіден өткізу бөлімшелері жұмыс жасап тұр. АҚТБ/ЖҚТБ дертінен емдеу де жүргізілуде.

Көрініс: «Айдынның сөзі» (орындайтын 6-сынып оқушылары)

«Вернисаж» жаттығуы (сурет салу)

Төрт топқа тапсырма беріледі.

1-топ: «Темекі шегетін адамның суретін салу»

2-топ: «Ішімдік ішетін адамның суретін салу»

3-топ: «Есірткі қолданатын адамның суретін салу»

4-топ: «Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын адамның суретін салу»

Талдау.

Психолог: «Ғасыр обасы» деп аталатын осы ауруды дүниежүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да, әзірге көзін жоюға шамалары келмеуде. Бұл аурудың үдеуінің бірден-бір себепшісі – есірткі. Есірткі шегушілер негізінен қылмыскерлер, олар өзін ғана құртпай, өзгелерді де құртады. Олар өзімшіл, ата-ана, бауыр, туыстарына жаны ашымайтындар, олар адам пішініндегі құбыжықтар деуге болады. Саналы адамзаттың көздеген мақсаты есірткі мен ЖҚТБ ауруына қарсы тұру, қоғамға, ел болашағына зиян келтіртпей, адамзаттың, қоғамның саулығын қорғау болуы керек. Бүгінгі таңда ЖҚТБ ауруы туралы естіп білгенімізге 30 жылдай уақыт болыпты, бірақ осы уақытқа дейін бірден-бір аурудан құлан таза емделіп жазылғанын естіген емеспіз. Ауруды зерттеп тексерген ғалым мамандардың айтуы бойынша, бұл аурудан қорғанудың бір-ақ жолы бар, ол – білім.

Осыған орай сіздердің ЖҚТБ ауруына байланысты білімдерінді тексерейік. (Тест «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?»)

«Жүректен жүрекке» жаттығуы. Тренингке қатысушылар жүрекшелерге тілектерін жазып, бір-біріне ұсынады.

Қорытынды: "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дейді ғой қазақ. Есірткіге жолаған жастың өмірі құздың жиегінде тұрады. Адамшылықтан айрылып, сана сезімнен жұрдай жан мақұлыққа айналады. Өз тағдырын отқа тастап қана қоймай, соның жалынымен айналасын шарпып ЖҚТБ жұқтырады. Жеңілтек бойжеткен де түбі соған ұрынары хақ. Қазақтың қыз-жігіті осы екеуінен қашық жүрсе құрдымға кетуден аман болады. Осыны естен шығармайық. Ел тағдыры да, өз тағдыры да жастардың қолында. ЖҚТБ сені ғана құртып қоймай ұрпағыңа да көр қазады. Оған шалдығушылар қатарында балалардың кездесуі өкінішті-ақ. Өмірге енді қадам басқан жасөспірімдер арасында бұл қатерлі дерттің таралуымен көп болып күрессек қана жеңіске жетеміз.

 

Автор: dauke | 20-02-2016, 23:24
Қарау саны: 1813
    
Жарнама

Пікірлер -
1


abryCub - 25 ақпан 2016 00:59
Спасибо за объяснение. Я не знал этого.

---

Современная стоматология тут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :