Табиғат- менің өз үйім

Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы ауданы
Ұялы ауылы
Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабқшасының бастауыш сынып мұғалімі Заева Айнур Нурмаганбетовна

Сайыстың тақырыбы: Табиғат- менің өз үйім
Сайыстың жоспары: 1.Таныстыру (топ аты,ұраны)
2.Бәйге (сұрақ-жауап)
3Жұмбақты шеш
4. «Құлақтан кіріп бойды алар» (табиғат,туған жер туралы ән айту)
5.Суретке қарап әңгімеле
Құрметтті ұстаздар,оқушылар бүгінгі «Білім бастауы-бастауышта» атты апталықта дүниетану пәні бойынша «Табиғат –менің өз үйім » атты сайысқа қош келдіңіздер.Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.
1Таныстыру.(топ аты,ұраны)
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын
Қосатұғын күрең атын,боз атын
Басталады «Бәйге » атты жарысың
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын
2.Бәйге сұрақтары
1сынып
1.Табиғат нешеге бөлінеді? (2)
2.Сезім мүшелерін ата.(құлақ,көз,мұрын,тері)
3.Ауа температурасын немен өлшейді?(термометрмен)
4.Өсімдік топтарын ата:
5.Өсімдіктер нелер арқылы көбейеді?
1-сынып
1.Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
2.Көктем айларын ата?
3.Үй жануарларын ата?
4.Орман емшісі?
5.Бір жылда неше мезгіл бар?
1.Ағаштың топырақ астындағы бөлігі?
2.Өсімдік қоректі жануар?
3.Өсімдіктер қандай топтарға жатады?
4.Қоршаған дүние дегеніміз не?
5.Тірі табиғат дегеніміз не?
1.Қан айналым мүшесі?
2.Адам денесіндегі бұлшықеттің саны?
3.Ересек адамда неше литр қан болады?
4.Жұлын адам организмінің қай жерінде орналасқан?
5.Көптеген майда көпіршіктерден тұратын ағзаның түрі?
1.Ауа деген не?
2.Шөлдегі салқын мезгілде өсетін өсімдіктерді ата?
3.Жер асты суының жер бетіне шыққан жерін не деп атайды?
4.Іле алатауы етегінде қай қала орналасқан?
5.Жазық картада қандай түспен белгіленеді?
3.Жұмбақты шеш
Табиғат құбылыстары туралы
1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп (Аяз)
2.Суда қалқиды,
Жылыда балқиды (мұз)
3. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
4.Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
Егіс ,өсімдік,көкөністер туралы
1.Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.(Егін)
2.Бұтақ басында ұясы бар,
Дәл осында өмірің бар.(Бидай)
3.Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр.(Қызылша)
4.Көк ала кастюм киеді,
Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)
Құстар туралы
1.Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)
2.Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз)
3.Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты. (қарлығаш)
4.Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (Жарқанат)
Жануарлар туралы
1.Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(түйе)
2.Бұтадан –бұтаға секірген
Кішкентай ғана шапшаң аң (Тиін)
3.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(Қой)
4.Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? (түлкі)
Табиғат құбылыстары туралы
1.Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз
2.Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)
3.Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
4.Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
4. «Құлақтан кіріп бойды алар » (табиғат,туған жер туралы ән айту)
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламыз бір сенің көркің үшін
Жан –жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын
Ендігі сайысымыз табиғат ,туған жер туралы ән орындау.
Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. (Күн)

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)


Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)
Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)

Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала. (Түн)

Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)








Автор: dauke | 10-03-2015, 01:38
Қарау саны: 3341
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :