Жыл басы - әз Наурыз»

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі 6 «Ә» сынып оқушылары мен мектебіміздің кітапханашылары ұйымдастырып отырған «Жыл басы - әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Кітапханашы: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, достар! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Нұрдана: Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын,
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан
Әнге толды, күйге толды маңайым.

Мұқағали: Уа, халайық, құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын берекең.
Наурыз тойы тойланады мектепте
Қош келдіңдер мерекені көруге!

Мұғалім: Наурыз жайлы жырлар да көп жазылған,
Наурыз жайлы әндерде көп айтылған
Кезек хорымызға сыныптың
Көрсетейік бірлікті де жарасқан.

Хор: «Наурыз».

Кітапханашы: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Наурыз – ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңиетін кезеңі – наурыз мейрамы құтты болсын!

Мұқағали: Наурыз мейрамы - өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсының «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың Ұлы күні» - деп атайды екен.

Ә. Жанерке.
А.Ахетова: Ұлыспенен жеріме тыныс келді,
Ақ боз аттың уығы күмістелді.
Торғай біткен топырлап шұқынып жүр,
Бітіре алмай жүргендей бір істерді.
Ауылымыздың бар жасы игі іс бастап
Бұлақ көзін ашқанды дұрыс көрді.
Олар еккен жас ағаш жайқалғанда,
Жібергендей билетіп алып жерді.

Аслан
Нұржайна
И.Назерке:
Ә.Сандуғаш

Нұрдана: Той әкелген ғаламға
Қыдыр Атам аман ба?
Бас иеді барша жұрт
Өзіңдей дана адамға, -дей отырып, ортаға Қыдыр атаны шақырайық.

Қыдыр Ата: Ау, аман ба, жараңдар!
Алтын таңға қараңдар
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән
Жұрағатым қуанып
Ұлыс береке берсін
Пәле-жала жерге енсін.
Үйірлі-шүбірлі болып,
Құмырсқадай өсіп-өнсін! Әумин!

Мұғалім: Наурыз келсе барлығы жасарады
Жасарады, табиғат жасанады.
Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен
Аластасын пәледен босағаны.
Барлық жамандық осы жылмен қалып, жақсылық атаулы жаңа жылда көп болсын дей отырып, әжемізді ортаға шақырамыз.

Әже: Алтайдан Атырауға дейін, Каспийден Алатауға дейінгі ұлан ғайыр кең далама кесапатын тигізер кеселден алас! Асыл туған азаматымды Ар жолынан оздырар басына бағы тұнып байлығы асқан бар бәледен алас! Елдігімнің елдігін тайдырғысы келетіндерден ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден алас! Соғыстан, табиғат апатынан, барша жамандықтан алас!

Нұрдана: Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Мадина мен Жанеркенің орындауындағы қазақ биін қарсы алайық.
Мұқағали: Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. Осындай мерекелі күнде арамызға Алдар көсе де келіп қалыпты. Ендеше келесі кезекті көрініске берсек. «Алдар көсенің байды алдауы» - көрініс.

Кітапханашы: Оу, халайық, халайық.
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.

Қыз бенен жігіт айтысар,
Әсемдетіп ән салар.
Қолдан келсе әзілдеп
Татулық деп жар салар.
Наурыз тойын қыз-жігіттің жарасымды, әзілді айтысынсыз елестету мүмкін емес. Ортаға достық әзілмен Мадина мен Шаһ-Жаһанды шақырамыз.

Нұрдана: Күн менен түн теңелді,
Ұзарамын мен енді.
Гүлмен жерді жайнатып,
Гүлден, Наурыз, сен енді.

Айбектің орындауында әсем әнді тарту етеміз.

Мұқағали: Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам бұл
Би билейік тұрыңдар.

Бишілер тобын «Арива» итальян биімен қарсы алайық.

Мұғалім: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Наурызға қатысты келесі сұрақтарға бәріміз бірге жауап берсек:

1) Наурызға қатысты қандай тыйымдарды білеміз?
2) Ұлыс күні жасалатын тағам?
3) Наурыз мейрамы нешінші жылдан бастап қайта тойлана бастады? (1988)
4) Наурыз мерекесінде қандай тілетер айтылады?
5) Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында қандай той өткізіледі?
Кітапханашы: Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам.
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде ериін.
Жігіт болсын желі ескен айдарынан,- дей отырып, енді тұсау кесер рәсімін тамашалаңыздар.

Гауһар апай тұсау кесу рәсімін жасайды.

Мұқағали: Кішкентай сәбиімізге бата беру үшін Мақсатты ортаға шақырамыз.

Мақсат: Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші
Кәніки өзіңді сына да.
Секірсең құздардан сүрінбе,
Шыңдарға шықққанда бүгілме.
Болаттай қабырғаң қатайып,
От ұшқын ойнасын көгіңде.

Нұрдана: Ұлу жылы ұрпаққа шуағыңды бер,
Үміті, шаттығы мол шығады үндер.
Мерейі үстем болып мектебімнің
Мереке құтты болсын көрермендер!

Мұқағали: Қорытынды сөз қонақтарымызға беріледі.

Кітаханашы: Тағы да Наурыз мейрамы құтты болсын!

Мұғалім: Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған іс-шарамызға қатысқандарыңызға көп рахмет!
Автор: Айгүл | 29-04-2015, 21:13
Қарау саны: 940
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :