Тәрбие сағаты жоспары

Сабақтың тақырыбы: Тәрбиеші- бала бағбаны

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұстаз еңбегінің қиындығы мен қызығы 
туралы әңгімелей отырып, өздері таңдаған 
мамандықтарының ерекшеліктері туралы түсіндіру 
Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы.
2.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын 
хабарлау.
Оқытушы: 
Ұстаз!!! Бұл сендер үшін мың мәрте қайталанып, үнемі естіп, құрмет тұтып жүрген сөздерің. Баршаң өмірге келіп, 6- жасқа толғанда мектеп табалдырығын аттадыңдар. Ал мектеп табалдырғын аттағанға дейін де бала тәрбие алады. Тәрбие- адам баласына шыр етіп дүниеге келген күннен бастап беріледі. Халық аузында мынадай бір даналық ой айтылып келеді. Бірде бір әйел ел ішіндегі данышпан кісіге өзінің 40 күндік сәбиін апарыпты.
- Ата, балам қатайды, енді тәрбиелейін деп едім. Неден бастауым қажет?- деп сұрайды.
- Е, балам, сәбиіңнің дүниеге келгеніне қанша уақыт болды?- деп сұрайды. Сонда әйел:
- 40 күн болды,- деп жауап береді.
- Балам, 40 күнге кешігіп қалған екенсің. Тәрбие туғаннан беріледі. Оның орнын қуып жету де саған біраз салмақ болады,- деген екен. Бұдан шығатын қорытынды адам баласының тәрбиесіне бей- жай қарауға болмайтындығын көрсетеді. 
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың,
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам. – дей отырып өздеріңнің пікірлеріңді білгім келеді.

3.Оқушылармен әңгіме жүргізуге арналған сұрақтар:
3.1 Тәрбиеші сөзін қалай түсінесің?
3.2 Сен балабақшада тәрбиелендің бе? 
3.3 Сенің алғашқы тәрбиешің кім еді және оның бойындағы қандай қасиеттер есіңде қалды?
3.4 Бала бақша тәрбиешісі қандай болу керек деп ойлайсың?
3.5 Өзіңнің мамандығыңды ұстаздық мамандық деп бағалайсың ба? Неге?
3.6 Осы мамандықты қалау себебің?
3.7 Қазіргі қоғамда балабақша керек пе? 
3.8. Өзің осы мамандыққа сай болу үшін бойыңда қандай қасиеттер болуы керек деп есептейсің?

4.Тренинг-ойын
Барлығың екіге бөлініп, бір- біріңе қарап тұрыңдар. Бірің бала, бірің тәрбиеші.

Тәрбиеші үшін тапсырма: Алдыңда тентек те, тәртіпті де бала тұр. Оны 
қалай еркелетер едің?
( Іс әрекеті арқылы көрсетеді)
Сабақты қорытындылау: 

Тәрбиеші -жан сарай таза, пейілі кең жан. Кез- келген адам тәрбиеші жасаған ерлік пен еңбекті жасай алмайды. Тәрбиеші еңбегі бала тәрбиесінен көрінеді. Ол жылдар өткен соң болуы да ықтимал. Бірақ сен жадыңда ұста! Бала- жас терек. Оны қалай бұрсаң, сол жаққа қарай иіледі Сондықтан оның тағдыры сендерге байланысты. Тәрбиеші- бала бағбаны.
Автор: Ләззат | 29-04-2015, 22:13
Қарау саны: 2696
    
Жарнама

Пікірлер -
1


RicardosKa - 26 қыркүйек 2015 16:59
Существуют ли аналоги?

---

Бесплатные обои тут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :