» » » «Болашақ – дені сау ұрпақ қолында»


«Болашақ – дені сау ұрпақ қолында»

«Болашақ – дені сау ұрпақ қолында»
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:топтық, ұжымдық,
Әдісі:Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.
Пән аралық байланыстар: жаратылыстану, экология, валеология, музыка, дене шынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактив такта, тірек сызбасы сызылған суреттер, бейне көрініс, тақтаға әр түрлі нақыл сөздер, зиянды тағамдар
Сабақтың барысы: 
Түрі:сайыс сабағы
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға. 
Сынып оқушылар 3 топқа бөлінеді. ( сыныпта отырған қатарларымен)
1-тапсырма: Әр топ өздерін таныстырады. Ұрандарын айтады. 
2-тапсырма: 
1-топ: Денсаулық туралы сурет салады. 
2-топ: Денсаулық туралы сөзжұмбақ құрастырады. 
3-топ: Денсаулық туралы ойтолғау.
Денсаулық- ол шынықан
Барлық дене мүшесі:
Ден саулық- ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық- ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті,
Құру үшін сен сауық
Керек мықты денсаулық.
3-тапсырма: Мақалдарды дұрыс құрастыру. 
1) Денсаулық – зор байлық
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсылығы - ауруға ауру жамамағандығы
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
7) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
8) Ауруын жасырған өледі
9)Денің сау болса ... жарлымын деме
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
*****
1) Денсаулық – жаны сау. 
2) Ауру батпандап кіріп, ауырмай өледі. 
3) Бас аманда мал тәтті, тән азады.
4) Тәні саудың – зор байлық
5) Тәуіптің жақсылығы - жарлымын деме 
6) Жан ауырса, бас ауырса жан тәтті.
7) Аңдамай сөйлеген, мысқылдап шығады.
8) Ауруын ауырмайтын жол ізде. 
9)Денің сау болса ... ауруға ауру жамамағандығы
10) Аурудың жақсысы жоқ, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, жасырған өледі
12) Тазалық – саулық негізі, дәрінің тәттісі жоқ.
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.
4-тапсырма: "Сөз тапқанға қолқа жоқ" сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің. 
Біз сайысымыздың кезекті туры "Сөз тапқанға қолқа жоқ" -қа береміз.
А Б Ж
1. Жасыңыз нешеде?
2. Денсаулығыңыз жақсы ма?
3. Сабақта басыңыз ауырса не істейсіз?
4. Денсаулық - зор байлық па?
5. Қан тобыңыз қанша
6. Адамда қанша саусақ бар?
7. Спортпен шұғылданасың ба?
8. Ден сау болу үшін не істеу керек?
9. Сүйікті тағамыңыз қандай?
10. Гигенаны қалай сақтаймыз?
11. Бөлмені қанша уақыт сайын желдету керек?
12. Іш ауырса не істейсің?
13. Дәрігерден қорқасың ба?
14. Мақалды жалғастырыңыз: "Денсаулықтың қадірін ....."
15. Денсаулық жайында тілек айтыңыз.
Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе
Жаңа достар тапқың келсе
Көңілің сергек болсын десең,
Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жетем десең,
Үлгілі болам десеең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Өз еркіңе тоқтау салып,
Спортпен шұғылдан!
5-тапсырма: Денсаулыққа байланысты жұмбақ шешу.
Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.
Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? (Сабын)
Шомылған баланы аймалап алады.
Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? (Сүлгі)
Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? (Айна)
Ақ қарда тек тұрмадым, 
Қос тақтаймен зырладым. (Шаңғы)
Аяқтарым қалтылдап, 
Қос тай міндім жалтылдақ. 
Шапса жұбын жазбайды, 
Бір – бірінен озбайды. (Коньки)
Бір атым бар 
Құлын болып тумаған. 
Құнан болып өспеген. (Велосипед)
Ұрып қалсаң кері атып, 
Оралады өзіңе, 
Көрсе досың бері атып, 
Қайтып барар өзіңе (Доп)
Отыз екі мықты, 
Қаз –қатар болып шықты, 
Он алтысы асты, 
Он алтысы үсті. (Тіс)
6-тапсырма: 
Басты байлық – денсаулық.
Бабам айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Дені саудың- жаны сау.
Денсаулық сенің байлығың.
Мықты болсаң досым ау
Жуымас саған қайғы мұң.
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.
2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
3- топ:
…………………………………………жанымыз,
………………………………………….әніміз,
……………………………………………….
……………………………………………сәніміз.
Сергіту сәті. Әйгілі «Қаражорға» биін билейік. Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық. Би «Қара жорға» 
Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» екендігін дәлелдей алдық дейді. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
Қорытынды:
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз
Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі. Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі- халқының саулығына байланысты. Дені сау халық- бай халық, халықының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі.
Автор: Шынаргуль | 2-02-2016, 20:50
Қарау саны: 6302
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :